Ғылымды, технологияны және қоршаған ортаның көрінісін түсіну үшін периодтық заңның мәні. Химия, 10 сынып, сабақ жоспары.
Сабақ жоспары
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 10.1D Периодтылық (8 с) | Мектеп: ФМБ НЗМ Тараз қ. | ||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Акимова Э.Т. | ||||||||
Сынып: 10 | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | ||||||||
Сабақ тақырыбы | Ғылымды, технологияны және қоршаған ортаның көрінісін түсіну үшін периодтық заңның мәні. | ||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 10.2.1.4 периодтық кестеде орналасуы бойынша химиялық элементтердің және олардың қосылыстарының қасиеттерін болжау; 10.2.1.6 периодтық кестенің ашылуымен байланысты дамыған ғылымдардың негізгі бағыттарын тізімдеу. | ||||||||
Сабақ мақсаттары | Периодтық кестеде орналасуы бойынша химиялық элементтерді және олардың қосылыстарын сипаттау; Периодтық кестенің ашылуымен байланысты дамыған ғылымдардың негізгі бағыттарын тізімдеу. | ||||||||
Жетістік критерийлері | Периодтық кестеде орналасуы бойынша химиялық элементтерді және олардың қосылыстарын сипаттайды; Периодтық кестенің ашылуымен байланысты дамыған ғылымдардың негізгі бағыттарын тізімдейді. | ||||||||
Тілдік мақсаттар
| Оқушы: ауызша сипаттайды, жазбаша реакция теңдеулерін жазады. Пәнге тән лексика мен терминология: Периодтық жүйе, топ, период, көлденен, тігінен, химиялық элементтер, оксидтер, гидроксидтер, екідайлы, қышқылдық, негіздік. Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: Периодтық жүйеде 7 период, 18/8 топ бар. 1-3 –кіші периодтар, 4-7 преиод-үлкен периодтар. Периодтың нөмірі..... Топтың нөмірі.......... Солдан оңға қарай металдық/ бейметалдық қасиеттері .................. Жоғарыдан төмен қарай металдық/ бейметалдық қасиеттері........ | ||||||||
Құндылықтарды дарыту | Өмір бойы оқу , ашықтық. | ||||||||
Пәнаралық байланыстар | Физика | ||||||||
Бастапқы білім | 10.1A Атом құрылысы | ||||||||
Сабақ барысы | |||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||||
Ой шақыру 1-3мин 4-10 мин. | Сәлемдесу. Жағымды атмосфера қалыптастыру. Жаңа тақырыпты өтуге қажетті білімді өзектендіру. Сұрақ-жауап: 1. Периодтық заңның тұжырымдамасын айтыңыз. 2. «иә-жоқ» ойыны (Мұғалім сұрақты белгілі бір оқушыға бағыттап оқиды, оқушы «иә» немесе «жоқ» деп жауап береді.) Оқушының жауабы бағаланады.
Сабақтың тақырыбы, мақсатымен күтілетін нәтижемен таңыстыру, талқылау. | Химиялық элементтердің ұзын және қысқа периодты кестелері | |||||||
Маңыздылау 11-21 мин. 22-34 мин. 35-37 мин. | 1. Периодтық жүйедегі орнына қарай келесі элементтерге сипаттама беріңіз: 1нұсқа № 3,5,7,20 2 нұсқа № 4,6,9,11 Оқушылардың жұмысын бақылау, керек болған жағдайда қолдау көрсету. Бағалау. 1. Оқушыларды топтастыру. Топтарға мәтін тарату. Тапсырма: мәтінмен танысып, ғалымдардың ашқан жаңалықтарын тізімдеу. Бағалау критерийлерін талқылап, шығару. Мысалы: а) Ақпаратты толық түсіндіру б) бір-бірін тыңдау в) уақытты тиімді қолдану г) барлық оқушылардың қатысуы Оқушылардың жауаптарын талдау, бағалау. Жеке жұмыс. Бағалау. Сабақтың мақсатына оралу. Қорытынды шығару. | Презентация Қосымша 1 Қосымша 2 Қосымша 3 | |||||||
Рефлексия 38-40 мин. | Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді: - нені білдім, нені үйрендім - нені толық түсінбедім - немен жұмысты жалғастыру қажет. | ||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||||
Барлығы: химиялық элементтер мен қосылыстарын периодтық жүйедегі орнына байланысты сипаттайды. Кейбіреулері: преиодтық заңның маңызын түсіндіре алады. | Сабақта мұғалім бақылау арқылы бағалайды, оқушыллар бірін-бірі, өзін-өзі бағалайды | Денсаулық сақтау технологиялары. Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері. Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары | |||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| ||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? | |||||||||
Қосымша 1
1. Периодтық жүйедегі орнына қарай келесі элементтерге сипаттама беріңіз:
1нұсқа № 3,5,7,20
2 нұсқа № 4,6,9,11
Қосымша 3
Тест тапсырмалары.
- Элементтің химиялық қасиеті анықталады:
А) атом ядросының зарядымен; В) периодтық жүйедегі орналасуымен;
С) атомдық массасымен; Д) сыртқы электрон деңгейінің құрылысымен.
2. Бір периодта орналасқан элементтерде бірдей:
А) химиялық қасиеттері; В) атом радиустары;
С) энергетикалық деңгейлер саны; Д) валенттік электрондар саны;
3. Қосымша топшада орналасқан элементтер:
А) тек металдар; В) тек d және f элементтер;
С) тек s және p элементтер; Д) тек үлкен периодтардағы жұп қатарлар;
4. Негізгі топшаларда жоғарыдан төмен қарай өседі:
А) металдық қаиеттері; В) бейметалдық қасиеттері;
С) химиялық белсенділігі; Д) судағы ерігіштігі;
5. Кальций атомының сыртқы деңгейіндегі электрон саны;
А) 18; В) 8; С) 6; Д) 2;
6. Электрондық құрылысы 2/8/3 болатын элемент:
А) литий; В) алюминий; С) темір; Д) вольфрам;
7. р-деңгейшеде қанша электрон бола алады?
А) 2; В)3; С) 6; Д) 8;
8. Жоғарғы оксидінің жалпы формуласы R2O5 болатын топша
А) 2 негізгі; В) 4 негізгі; С) 5 негізгі; Д) 5 қосымша;
9. Мына элементтердің қайсысында бейметалдық қасиет күштірек?
А) күкірт; В) хлор; С) оттек; Д) фтор;
10. Үшінші энергетикалық деңгейде барлығы қанша орбиталь болады?
А) 5; В) 2; С) 3; Д) 9;
Калий элементінің атом құрылысы теориясы және периодтық кестедегі орны бойынша сипаттамасы.
1.Химиялық таңбасы, аталуы 2.Химиялық элементтің периодтық жүйедегі орны, салыстырмалы атомдық массасы 3. Атом құрамы, құрылысы
4. Қасиеті
5. Оксид, гидроксид, ұшқыш сутекті қосылыстарының формуласы | К, калий К- ІV үлкен периодта, І негізгі топша рет саны 19, атомдық масса 39г
19p6 20 n, 19e + 19 ) ) ) ) 2 8 8 7
К – металл, вал. І
К2 О , КОН |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру