Хунд ережесі, Клечковский ережелері. Химия, 10 сынып, қосымша материал.
Клечковский ережелері. Ең аз энергия принципі. Хунд ережесі
Ең аз энергия принципі – атомда электрондар энергиясы ең аз мәнге ие болатындай етіп орналасады.
Электронның энергиясы бас квант саны, n мен орбиталь квант санының, l мәніне тәуелді, сондықтан орбитальдардың электрондармен толтырылуы алдымен бас және орбиталь квант сандары қосындысының ең аз мәнінен басталады.
Бұл заңдылықты 1961 жылы ең алғаш В.М. Клечковский тұжырымдады:
1. Орбиталдардың электрондармен толтырылуы n+l қосынды мәні аз орбиталдан осы қосындының көп мәніне қарай жүреді;
2. Егер бұл қосынды мәні бірдей болса, алдымен n мәні кіші орбитал толтырылады;
Клечковский ережелерін басшылыққа алып, атомдағы орбитальдардың электромен толтырылу ретін анықтайық. Бізге ол үшін бас және орбиталь квант сандарының мәні қажет.
n + l | n | l | Электрондық конфигурация | Түсініктеме | |||||||
1 | 1 | 0 | 1s | Бірінші период | Болуы мүмкін n + l ең кіші мәні ол бір. Онда n =1, ал формула бойынша l = 0 (n-1). N мәнін сол күйінде қалдырамыз, ал l мәнін әріпке ауыстырамыз (0-s) сонда 1s шығады. | ||||||
2 | 2 | 0 | 2s | Екінші период | |||||||
3 | 2 | 1 | 2р | n + l = 3 болғанда, n = 2, l = 1 немесе n = 2, l = 0 бола алады. Бұл жағдайда екеуінің де мәні 3 тең, сондықтан Клечковскийдың екінші ережесін қолданамыз, яғни n мәні кішісін бірінші жазамыз. | |||||||
3 | 0 | 3s | Үшінші период | ||||||||
4 | 3 | 1 | 3р | ||||||||
4 | 0 | 4s | Төртінші период | ||||||||
5 |
|
|
| n + l = 5 болғанда, n = 3, l = 2 немесе n = 4, l = 1 немесе n = 5, l = 0 бола алады. Бұл жағдайда үшеуінің де мәні 5 тең, сондықтан Клечковскийдың екінші ережесін қолданамыз, яғни n мәні кішісін бірінші жазамыз. 3d < 4р < 5s | |||||||
|
|
| Бесінші период |
Осыдан орбитальдарда электронның толтырылу реті келесідей:
1s 2s 2р 3s 3р 4s 3d 4р 5s
Сондықтан үшінші энергетикалық деңгейге тиесілі 3d-орбиталь 4s-орбитальдан кейін толтырылғандықтан, төртінші периодта орналасқан.
Электрондық конфигурация
Атомның электрондық конфигурациясын жазуда квант сандарының мәнін есептеп, орбитальдардың реттілігін анықтау үшін Клечковскийдің ережелері бойынша есептеулер жүргізудің қажеті жоқ. Ең бастысы қолыңда түсті периодтық кесте болса жеткілікті.
Электрондық конфигурацияны жазу барысында келесі ақпараттарды білу керек:
- Период номері – бас квант санының мәнін береді (Бас квант саны, n – бүтін оң сандарға тең. Мысалы, 1, 2, 3, ..., 8 );
- Әр периодтағы ұяшық түстері сол энергетикалық деңгейдегі орбиталь квант сандарының мәнін береді (І периодта тек қызыл түспен боялған ұяшықтар орналасқан, олай болса орбиталь квант санынның мәні – s, ал ІІ периодта қызыл және сары түспен боялған ұяшықтар орналасқан, олай болса орбиталь квант санынның мәні – s, p және т.с.с);
- Бір периодта орналасқан бірдей түсті ұяшықтар саны – орбитальға (s, p, d, f) сыятын электрондардың санын анықтайды (Мысалы, ІІ периодта 2 қызыл және 6 сары түспен боялған ұяшықтар орналасқан, олай болса s-орбиталға 2, ал р-орбитальға 6 сыяды);
- Бір периодта орналасқан бірдей түсті ұяшықтар санын 2 бөлу арқылы – магнит квант санының мәні анықталады (мысалы, барлық периодтарда қызыл түсті ұяшықтардың саны – 2, сары түстілердікі – 6, көк түстілердікі – 10, жасыл түстілдердікі – 14. Осыдан s-орбитальдарда магнит квант санының мәні – 1 (2/2), р-орбитальдарда магнит квант санының мәні – 3 (6/2), d-орбитальдарда магнит квант санының мәні – 5 (10/2), f-орбитальдарда магнит квант санының мәні – 7 (14/2)); Магнит квант санының мәні орбитальдардағы ұяшықтар санын анықтайды (мысалы, s - , p - , d - , f - ;)
- Әрбір ұяшыққа әрқашан тек 2 сыяды, оны бағыттағыштар арқылы көрсетеді;
Осы айтылған ақпараттарды қолданып натрий атомының электрондық конфигурациясын жазып көрейік. Ол үшін бізге түсіт периодтық кесте керек.
Әрқашан электрондық конфигурацияны жазу бірінші периодтан басталады.
Электрондық конфигурацияны жазу | Конфигурациясы | Түсініктеме | |||||||||||
І период | |||||||||||||
|
|
| 1s2 | Осымен І период аяқталды, енді ІІ периодқа көшеміз. | |||||||||
ІІ период | |||||||||||||
|
|
| 2s2 2p6 | Осымен ІI период аяқталды, енді IІІ периодқа көшеміз. | |||||||||
ІIІ период | |||||||||||||
|
|
| 3s1 | *Na III периодта 1 орналасқан элемент, сондықтан конфигурацияны жазу осы жерден аяқталады; | |||||||||
|
|
|
Натрий атомының электрондық конфигурациясы:
+11Na 1s2 2s2 2р6 3s1
Мұндағы:
Егер элементтің электрондық конфигурациясы дұрыс жазылса, оның графикалық формуласын немесе электрондарын ұяшықтарға орналастыру қиын емес. Натрий атомының электрондарын ұяшықтарға орналастырып көрейік. Жоғарыда s - , p - ұяшық бар екені айтылды. Енді әрбір орбитальдардағы электрондарды ұяшықтарға орналастырамыз.
Конфигурациясы | Ұяшықтарға орналастыру | Түсініктеме |
1s2 | s – бір ұяшық болады, ал ондағы бағыттағыштардың саны оның дәрежесіне тең. Әрқашан ұяшықта бірінші , одан кейін бағыттағыш орналасады. Егер бағыттағыштар немесе салынса қате болып саналады. | |
2s2 | Период номеріне тәуелсіз s-орбитальда әрқашан бір ұяшық болады. | |
2р6 | р – үш ұяшық бар, егер орбитальдарда бірден көп ұяшық болса, онда ұяшықтарда электрондардың орналасуы Хунд ережесіне* сәйкес толтырылады. | |
3s1 | Натрийдың соңғы қабатында бір ғана электрон болғандықтан, ұяшықта тек бағыттағыш қана орналасады. |
*Ұяшықтарға электрондардың орналасу реті
Хунд ережесі – электрондар орбитальдарда спин квант сандарының мәні максимал болатындай етіп орналасады. бағыттағыштың спин квант санының мәні +1/2 тең, ал бағыттағыштың спин квант санының мәні -1/2 тең. р-орбитальға электрондардың орналасу реті:
|
Натрий атомының электрондық және графикалық формуласы:
+11Na 1s2 2s2 2р6 3s1
+11Na
Қолданылған әдебиеттер
1. Кузьменко Н.Е., Еремин В.В., Попков В.А., Начало химии. Современный курс для поступающих в вузы. Т.1
2. Бірімжанов, Б. Жалпы химия: оқулық
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?