Квант сандары. Паули принципі, Хунд ережесі, Клечковский ережелері. Химия, 10 сынып, дидактикалық материал.


Қосымша №2

1925ж Швейцария ғалымы В.Паули атомдардың спектрлерін зерттей келіп мынадай ереже немесе принцип ұсынды: атомда төрт квант сандарының мәні бірдей болатын екі электрон болмайды.

мысалы: гелий атомында 2 электрон бар, оның екінші электронын квант сандарымен сипаттап көрелік.

n = 1, l =0, ml = 0, ms= -1/2 сағат тіліне қарсы бағытта қозғалады, түсіндірмесі: бірінші энергетикалық деңгейде орналасқан, электрон бұлты шар тәрізді және ол кеңістікте бір ғана тәсілмен орналасады,сағат тіліне қарсы бағытта

Хунд ережесі

Бір деңгейшедегі орналасқан электрондардың спин квант сандарының қосындысы максималь болуы шарт; ол үшін электрондар деңгейшеде алдымен бір- бірден, соңынан жұптаса орналасады.

Бір орбитальда спиндері қарама –қарсы бағытталған екі электрон ғана орналасады.

Атомдағы электрондардың энергетикалық деңгейлер мен деңгейшелерде орналасуы Клечковскийдің ережелеріне бағынады.

Атомның электрондары оның деңгейлері мен деңгейшелерінде бас және орбиталь квант сандарының қосындысының

(n + l) өсу ретімен орналасады, ал егер екі деңгейше үшін (n + l) – дің мәні бідей болса, онда электрон алдымен l-дің мәні үлкен деңгейшеде орналасады.

Атомдағы электрондардың деңгейлер мен деңгейшелер де орналасуы

1s 2s 2p 3s 3p 4s 3d 4p 5s 4d 5p 6s 4f 5d 6p 7s 5f 6d



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?