Периодтар мен топтарда қосылыстардың қышқылдық-негізгі қасиеттерінің өзгеру заңдылықтары. Химия, 10 сынып, сабақ жоспары.
Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: 10.1В Химиялық элементтердің периодтық жүйесі мен периодтық заңы | Мектеп : | ||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | ||||
Сыныбы: 10 (ҚГБ) | Қатысқан оқушылардың саны: | Қатыспаған: | |||
Саьақтың тақырыбы | Периодтар мен топтарда қосылыстардың қышқылдық-негізгі қасиеттерінің өзгеру заңдылықтары. | ||||
Оқу мақсаттары | 10.2.1.4 периодтар мен топтар бойынша оксидтердің, гидроксидтердің және химиялық элементтердің сутекті қосылыстарының қышқылдық - негізгі қасиеттерінің өзгеру заңдылықтарын түсіндіру; | ||||
Сабақтың мақсаты |
| ||||
Бағалау критерийлері |
| ||||
Тілдік мақсаттар | оксидтерге, негіздерге ауызша анықтама беру, оксидтердің, гидроксидтердің және химиялық элементтердің сутекті қосылыстарының қышқылдық - негізгі қасиеттерінің өзгеру заңдылықтарын периодтар мен топтар бойынша түсіндіру, химиялық реакциялардың теңдеулерін жазбаша көрсету. Пәнге тән лексика және терминология: Периодтық кесте, химиялық элементтер, оксидтер, гидроксидтер, екідайлы қасиеттері Сұхбат/хат үшін фразалардың пайдалы топтамасы Оксидтердің қышқылдық қасиеттері солдан оңға қарай артады. Оксидтердің негізгі қасиеттері солдан оңға қарай кемиді. Жоғарыдан төмен топта оксидтер мен гидроксидтердің негізгі қасиеттері артады, өйткені.......... | ||||
Құндылықтар |
| ||||
Пәнаралық байланыс | Физика | ||||
Алдыңғы білім | 10.1 Атом құрылысы 7.3 Химиялық элементтердің периодтық кестесі 8.1 Атомдардағы электрондар қозғалысы 9.1 Химиялық элементтердің периодтық жүйесі | ||||
Сабақтың барысы | |||||
Жоспарланған сабақтың кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-шаралар | Ресурстар | |||
Ой шақыру 1-2 мин 3 - 6мин | Сәлемдесу. Көңілді атмосфера орнату Білім өзектілігі: Топта жұмыс. Оқушылар топтарға бөлінеді. Бұрынғы білімдерін қайталау үшін және жаңа біліммен байланыстыру үшін мына тапсырмаларды орындайды. 1. Металдар мен бейметалдарды бөліңіз: Be, B, Cl, Li, F, Al, Zn, O, N, Mg, Na, P, S. Оқушыларға сұрақ қойылады: элементтерді металдар мен бейметалдарға қандай белгілер бойынша бөлдіңіз? Бағалау. Талқылау. Бірін-бірі бағалау. 2. Жоғарыда көрсетілген элементтер оксидтерінің формулаларын жазыңыздар. Оксидтерінің қышқылдық негіздік қасиеттерін болжап, өз болжауыңызды түсіндіріңіз. Сабақтың тақырыбы мен мақсаттарымен танысу | Презентация | |||
Ой қозғау 7-11мин 12-17мин 18-24мин 25-30мин
31-34мин 35-38мин |
2. Оқушылар тақтаға шығып реакция теңдеуін жазады. 3. Оқушылардан осы оксидтерді суда ериді ма? Нәтижесінде қандай өнім түзілетінін сұрау. 4. Сумен реакциясын жүргізіп, ерітінділердің ортасын рН арқылы тексеріп, анықтайды. Мұғалімге ескертпе: Егерде реактивтер жеткіліксіз болса, білімланд сайтынан бейне көрсетілімді қолдансаңыз болады. Екідайлы қасиет. 1. Сыныппен жұмыс: келесі сұрақтарға жауап беру ұсынылады: 1) қандай амфотерлі оксидтер мен гидроксидтер сізге белгілі? 2) 3 периодтағы амфотерлі элементтерді атаңыз. Мұғалім түсіндірмесі: Екідайлы қасиетті түсіндіру үшін бейне көрініс көрсету арқылы теңдеулерін жазып, оқушылармен талқылаңыз. Мұғалімнің кері байланысы. Бағалау. Оқушылардан период бойынша оксидті қосылсытардың химиялық қасиеттері қалай өзгеретінін сипаттай алу керек. 4. Оқушыларға3 топтағы және 7 (17) топтаға элементтердің сутекті қосылыстарын жазуды ұсыну. Оқушылардан жұпта 2 –ші периодтағы элементтердің сутектік қосылыстарының формуласын жазуды сұраңыз. Оқушылар өзара формулалардың дұрыс жазылуын тексереді. Егерде түсіндіру керек болған жағдайда мұғалім түсіндіреді. Сутектік қосылыстардың химиялық қасиеттерінің приод бойынша өзгерісін сұраңыз. Оқушы қиналған кезде топтағы мен периодтағы сутекті қосылыстардың қасиеттерінің өзгеруін түсіндіреді. Мұғалім түсіндірмесі: металдардың сутекті қосылыстары қатты, кристалды зат ал, бейметалдардың сутекті қосылыстары ұшқыш қосылыстар екеніне назар аударту 3. Көрсетілім. Мүсәтір спирті мен тұз қышқылының ортасын рН арқылы анықтап, қасиеттерін атаңыз. 4. Аммиактың қышқылмен, тұз қышылының негіздермен реакциясын жазыңыз. 5. Сутекті қосылыстардың қасиеттерін топ бойынша өзгерісі үшін перезентациядағы мәліметті көрсетіңіз. Жоғарыдан төмен қарай қышықылдық қасиеттерін артады, оны модель суреті арқылы түсіндірсеңіз болады. Иондардың радиустары арқылы. 4.А.Тапсырманы орындау 1. 1s22s22p63s23p64s2 электрондық конфигурациясына ие болатын элемент жоғары оксидін мен гидрооксидін жазыңыздар. 2. Мына қатардағы оксидтердің қасиеттері қалай өзгереді Na2O -MgO - Al2O3 ? 3. Күшті негіз болып табылады а) NaOH б) RbOH в) KOH г) LiOH 4. Күшті негіздік қасиетті көрсеттетін сутекті қосылыстар: а) CH4 б) PH3 в) NH3 г) H2O Бағалау. Мұғалімнің кері байланысы Мақсаттарға қайта оралу. | Презентация https://bilimland.kz/ru/subject/ximiya/10-klass/periodichnost-izmeneniya-svojstv-ehlementov-po-gruppam-i-periodam | |||
Рефлексия 39-40 | Сабақтың соңында рефлексия өткізіледі: -не білдім, нені үйрендім; -не түсініксіз қалды; - алда уақытта немен жұмыс істеу керек Үйге тапсырма: бірнеше теңдеулерді теңестіруді берсеңіз болады. | ||||
Сабаққа рефлексия | |||||
Барлық оқушылар: кезеңдер мен топтар бойынша металл және металл емес қасиеттердің өзгеру заңдылықтарын біледі Оқушылардың көпшілігі: оксидтер мен гидроксидтердің қасиеттерінің амфотерные арқылы қышқылға өзгеру сипатын біледі. Кейбір оқушылар: амфотерлы арқылы қышқылға оксидтердің қасиеттерінің өзгеру сипатын түсіндіре алады. | |||||
Сабаққа рефлексия жасау кезінде берілген сұрақтарға жауап беруге тырысыңыз. Сұрақтың құрылымын жабасаңыз болады.
Сабақты жақсартуда не ықпал етер еді (оқыту мен оқу туралы ойланыңыз)? | |||||
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру