2 (ІІ)-топ металдары және олардың қосылыстары. № 8 зертханалық тәжірибе "Кальцийдің сумен және қышқыл ерітіндісімен әрекеттесуі. Химия, 9 сынып, презентация.
Суреттердің байланыстырушысы неде?!!!
Сілтілікжер металдарының жалпы физикалық қасиеттері;
2 топ металдарының химиялық қасиеттерін: кальцийдің ауада жануы, олардың бейметалдармен, сумен, сұйылтылған қышқылдармен әрекеттесуін білу;
Оқу мақсаттары
Оқыту мақсаттары
1-ші және 2-топтағы металдардың физикалық қасиеттерін салыстырмалы түрде сипаттай алады;
топ элементтерінің ауа және сумен реакцияларын жаза алады;
өз бақылауларын тәжірибе жүзінде тексеру және бақылауларын қорытындылау;
металдардың қышқылдармен реакцияларын жазып, теңдеуді теңестіре алу;
Бағалау критерийлері
1-ші және 2-топтағы металдардың физикалық қасиеттерін,оның ішінде түсі, балқу,қайнау температурасы, суда ерігіштігі, күйі, тығыздығын салыстыра атай алады;
ауа және сумен реакцияларын жазып, теңдеулерін теңестіре алады;
металдардың қышқылдармен реакцияларын жазады;
тотықтырғын пен тотықсыздандырғышты анықтай алады.
Электронды баланыс әдісімен реакцияны теңестіре алады.
Барлығы, көпшілігі, кейбіреулері және ешқандай сөздерін пайдалана отырып, 1-ші, 2-ші және 13-ші топтағы металдардың реакциялары туралы білімдерін ауызша және жазбаша қорытындылау.
Тілдік мақсат
Пәнге қатысты лексика мен терминология
Be
Gp I
Mg
Ca
Sr
Ba
Rn
Li
Na
K
Rb
Cs
Fr
Gp II
Сілтілік жер металдар
Сілтілік металдар
1s2 2s2
… 5s2
1s2 2s2 2p6 3s2
1s2 2s2 2p6 3s23p64s2
1s2 2s1
… 5s1
1s2 2s2 2p6 3s1
1s2 2s2 2p6 3s23p64s1
s-БЛОК ЭЛЕМЕНТТЕРІ
1-ші топ (сілтілік металдар) элементтері және 2-ші топ (сілтілік жер металдар) элементтері s-блок элементтеріне жатады, себебі валенттілік электрондар s-орбитальды толтырады.
Франций және радий радиоактивті элементтерге жатады
Неге бұл элементтер
“сілтілікжер металдар” деп аталады?Неге бұл элементтер
“сілтілік металдар” деп аталады?Олардың топтық атауы - сілтілік металдар — сумен әрекеттескенде күшті негіз - сілті түзуіне байланысты қойылған. Барлық сілтілер матаны, теріні, қағазды күйдіреді, сондықтан да олар күйдіргіш сілтілер деп аталады.
Сілтілік металдармен жұмыс істеу барысында қауіпсіздік техника ережелерін сақтау қажет.
Сілтілік жер металдары
Берилий
Бериллийді құймаларға араластырғанда қаттылығы артады, бұл бағалы қасиеті бұрыннан белгілі болса да, оны қолдану тек 20 ғасырдың 40-жылдарында басталды. Баяу балқитын металдардың бериллидтері — авиация және ракета жасауда аса қажетті зат. Рентген сәулелері бериллийден жақсы өтетін болғандықтан, одан рентген трубкаларының терезелерін дайындайды. Бериллий әр түрлі құймалар және коррозияға берік болат алуда, электротехникада, атом реакторларын жасауда кең түрде қолданылады. Қазақстанда бериллий Өскемендегі титан-магний комбинатында өндіріледі.
Магний
Магний құймаларының өнеркәсібінде, құймаларды легирлеуде, қиын тотықсызданатын және сирек металдарды металлотерм. жолмен алу үшін (мыс., Tі, Zr, Hf, U, т.б.), магнийорганик. қосылыстар синтезінде қолданылады.
Кальций
Калций инертті газды тазартып болат, никель, мыс, т.б. металдарды балқыту үшін қоспа ретінде пайдаланылады.
Кальций медицина саласында өте көп қолданылады.
Стронций
Техникада көбіне Стронцийдің минералдары мен қосылыстары қолданылады. Стронций карбонаты, хлораты, нитраты т.б. қосылыстары пиротехникада, галогенидтерді медицинада, кометикада, тотығы оптикалық шыны жасауда, гидрототығы қант өнеркәсібінде т.б. пайдаланылады.
Радий
Массалық саны 226-дан тұратын радий изотопы медициналы, гамма-терапиялы емшаралар жүргізу үшін пайдаланады
2-ші топ элементтері
“сілтілікжер металдар”Сілтіліжер металдарға кальций, стронций және барий жатады.
Берилийдің қасиеттері алюминийге жақын болады.
Манийдің кейбір химиялық қасиеттері өзгеше болып келеді.
2-ші топ ішінде реакцияға түсу қабілеті қалай өзгереді?
1s2 2s2 2p6 3s2
1s2 2s2 2p6 3s23p64s2
2-ші топ ішінде жоғарыдан төмен реакцияға түсу қабілеті артады, себебі ядро заряды артқан сайын, атомдық радиусы артады, электртерістігі төмендейді, катионның түзілуі онай болады.
Суық сумен магний (өте баяу) әрекеттеспейді, ыстық судан сутекті баяу ығыстырады, ал 400 °С су буымен реакция жүре бастайды.
Mg + 2H2O → Mg(OH)2 + H2
Химиялық қасиеттері
Кальций сумен белсенді әрекеттеседі, нәтижесінде сілті мен сутек газы түзіледі:
Ca + 2H2O → Ca (OH)2 + H2
Қыздырылған магний су буында жанады. Нәтижесінде магний оксиді және сутек түзіледі:
t
Mg + H2O = MgO + H2↑
Магнийдін сумен әрекеттесу нәтижесінде бөлінетін сутек жанады:
t
2H2 +O2 = 2H2O +Q
Түзілетін магний гидроксидінің әсерінен ыдыстағы су лайланады:
MgO +H2O = Mg(OH)2↓
Химиялық қасиеттері
Mg + Br2 = MgBr2
Металдық магний бөлме температурада галогендермен реацияға түседі:
Химиялық қасиеттері
Магнийдің беті берік қорғаныш магний оксидінің MgO татымен қапталған.
600°C-ден астам температураға дейін қыздырған кезде ғана ол ауа оттегінде жана бастайды. Магний жанғанда ақ түсті магний оксидінің ұнтағы MgO түзіледі:
2Mg + O2 = 2MgO.
Оксидпен қатар оның нитриді Mg3N2 түзіледі:
3Mg + N2 = Mg3N2
Белсенді бейметалдармен (оттекпен, хлормен, броммен, иодпен) кальций қалыпты жағдайда әрекеттеседі:
2Ca + O2 → 2CaO
Ca +Cl2 → CaCl2
Ауада немесе оттекте кальций кірпіш-қызыл түсті жалынмен жанады.
Химиялық қасиеттері
Период бойынша металдардың химиялық белсенділігі қалай өзгереді? Неге?
Период бойынша металдардың химиялық белсенділігі қалай өзгереді? Неге?
Химиялық белсенділік төмендейді
Металдық қасиет төмендейді
Сыртқы энергетикалық деңгей саны бірдей, бірақ электрон саны артады
Атомдық радиус кішірееді
Қорытынды
Топ ішінде, жоғарыдан төмен ядро заряды өскен сайын, атомдық радиусы артады, электртерістік төмендейді, металдық қасиет артады, химиялық белсенділік жоғарлайды.
Қорытынды
Период ішінде, солдан оңға қарай атомдық радиусы кешірееді, электртерістік артады, металдық қасиет төмендейді, химиялық белсенділік төмендейді.
Қолданылған ресурстар
Химия оқулығы, 9сынып. Н.Нұрахметов, К. Сарманова, К. Жексенбина, Н. Заграничная, Ә. Темірболатова. Мектеп, 2009.
Химия оқулығы, ЖМБ, 10сынып. Н. Нурахметов, Қ. Бекішев, Н. Заграничная, Г. Абрамова. Мектеп, 2010.
Chemistry coursbook. Cambridge International AS and A Level. Roger Norris, Lawrie Ryan and David Acaster. Cambridge University press, 2011.
Сілтілік жер металдар қасиеттері:
http://school-sector.relarn.ru/nsm/chemistry/Rus/Data/Text/Ch2_8-3.html
Видеосабақ
https://www.youtube.com/watch?v=eiunukURN5g
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?