Темір құймалары: шойын мен болат. Химия, 9 сынып, презентация.


Әрбір үйде совет үкіметінен келе жатқан

суреттегідей шойын табалар, қазандар бар. Дәл осыған ұқсас алюминий құймаларынан

құйылған табалар болады.

Үй жағдайында таба шойын құймасынан әзірленгенін қалай дәлелдеуге болады?

Шойынға не себепті магнит тартылады?

Ескерту!!! Шойынның кейбір түрлері магнитке тартылмайды!!!

Себебі ол темірдің құймасына жатады. Темір ферромагниттік қасиетке ие.

Сабақтың тақырыбы:

Темір құймалары: шойын мен болат

Сабақ мақсаты:

9.1.4.16 темір құймасы: шойын мен болатты және олардың құрамындағы көміртектің пайыздық үлесін білу;

Бағалау критерийлері:

Шойын мен болат темірдің құймасы болып табылатынын білсе;

Олар құрамындағы көміртек мөлшері мен қасиеттері бойынша ерекшеленетінін атап, сипаттай алса

Металл құймалары.

Құйма қажетті қасиеті бар екі немесе одан да көп компоненттен тұратын, оның біреуі міндетті түрде металл болып келетін қосылыстар. Темір құймалары енгізу құймасы болып табылады.

Темір табиғатта таралуы бойынша алюминийден кейінгі екінші орында және қолданылуы бойынша басқа металдардың ішінен бірінші орында. Дүниежүзі бойынша Қазақстан темір кенінің қорынан сегізінші орында. Қазақстандағы ең үлкен металлургиялық индустрия – Қарағанды металлургиялық комбинаты «АрселорМиттал Темиртау» АҚ. Бұл комбинаттың өнімдері ТМД және алыс батыс елдеріне экспортталады. Сапалы қара металлургия, ферро қорытпаларымен танымал зауыттар Ақтөбеде және Ақсуда орналасқан.

Кеннен темірге дейінгі жол 2 сатыға бөлінеді: кеншойынболат.

1. Шойын (Чугун) – Fe, (ω(С)> 2 - 4%; Мn - 1%; Sі-0,3-5%; S - 0,1% ; Р- 0,2%. Шойынның коррозияға төзімділігі жоғары болып келеді. Оның қаттылығы жоғары температурада да тұрақты. Шойын түрлі құрылымдық және сәндік өнеркәсіпте қолданылады. Ол салыстырмалы түрде қымбат емес; төзімді және пішінін жаңа қалыпқа келтіру оңай. Машиналардың қозғалмайтын бөлшектерін жасауда, болат өндіруде қолданады. Шойын болаттан бұрын алынды. Болатты шойыннан көміртектің және басқа элементтердің артық

мөлшерін шығарып тастау арқылы алады.

Домна пешінде шойынды алу

2. Болатта (Сталь) Fe және ω(С)<2,14% (1,7) % болады, оған асылдандырушы қоспалар (Cr, Mn, Ni, W) қосылады. Болаттың мықтылық қасиеті құрамындағы көміртектің мөлшеріне байланысты. Болат әдетте берік және иілгіш болып келеді. Болат өндірісінде болатты тез салқындатқан жағдайда қатаяды. Бірақ, баяу салқындатқан кезде жұмсақ қасиетке ие болады. Тот баспайтын болат құрамына хромның болуымен ерекшеленеді. Болат әлемдегі ең көп қолданылатын металдық материал болып табылады. Болаттың түрлі формалары және мықты металдық күші бар. Болат өндірісте, құрылыста, тасымалдау, қаптама жасау, энергетикалық және аспаптар жасау саласында қолданылады.

Легирлеуқұймаға оның механикалық, физикалық және химиялық қасиеттерін жақсарту үшін басқа металдарды енгізу.

Легирлеуші элементтер болаттың қасиеттерін күшейтеді: вольфрам оны едәуір қатты; хром – берік әрі қатты, тот баспайтын; никель балқу температурасын арттырады.

№ 1 тапсырма:

Шойынды кремний, марганец, фосфор, күкірт қоспаларынан және көміртектің артық мөлшерінен тазарту үшін оксидтерге

айналдырады. Кремний және фосфор оксидтері әктас (CaCO3) ыдыраған

кезде түзілетін кальций оксидімен байланысады. Бұл кезде шлак түрінде

шығарылатын суда ерімейтін тұздар түзіледі. Оксидтердің және шлак қосылыстарының түзілу реакциясының теңдеуін жаз.

Тапсырманы орындау барысында: «Шойынды домна пешінде өндіру үрдісі» қосымша ақпаратын пайдалануға болады

https://r7.whiteboardfox.com/7331215-5306-5970

Дұрыс жауап:

https://learningapps.org/display?v=pyx02xmgk21

Үй тапсырмасы

Химия: 9-сыныпқа арналған оқулық, 111 бет, сұрақтар мен тапсырмаларды орындау

Сабақта айтылған барлық ақпарат түсінікті болса, команда чатында бас бармақ белгісін қойыңыз:

Сабақта айтылған ақпарат түсініксіз, сұрағыңыз болса, мұғалімнің көмегі қажет болса төмен қараған бас бармақ белгісін қойыңыз:



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?