№ 1 практикалық жұмыс "Ион алмасу реакциялары". Химия, 9 сынып, презентация.
Ерітіндідегі ион алмасу реакциялары
Сабақтың мақсаты:
9.2.2.1 алмасу реакция теңдеулерін молекулалық және иондық түрде құрастыру;
9.2.2.2 ион алмасу реакцияларының жүру себептерін түсіндіруКілт сөздер
Бонус-cұрау:
Электролиттер мен бейэлектролиттер дегеніміз не?
Оларға қандай заттар жатады?
Не үшін электролит ерітінділер электр тоқ өткізеді?
Иондарға ыдырау процесі қалай аталады?
Қышқыдардың, негіздердің электролиттік диссоциациялануы нәтижесінде қандай иондар түзіледі?
Қандай негіздер сілті деп аталады ?
Электролиттердің судағы ерітінділері өзара әрекеттескенде реакция иондар арасында жүреді. Мұндай реакциялар иондықИондар реакциялар деп аталады. Демек, электролиттердің ерітіндідегіЕрітінді химиялықХимия қа-сиеттері — иондардыңИондар, яғни катиондардың және аниондардың касиеттері болып табылады
Ион алмасу -екі электролитЭлектролит арасындағы иондардың алмасуы
Демонстрациялық тәжірибе:
Натрий карбонатының Na2CO3 ерітіндісіне кальций гидроксидінің Ca(OH)2 ерітіндісін құямыз:
Na2CO3
Ca(OH)2
Бұл заттар суда ериді, ерітіндіде олар толығымен иондарға
Na2CO3
Ca(OH)2
2Na+
CO32-
Ca2+
2OH-
Түзілген иондар ион алмасу арқылы бірігеді, міндетті түрде «+» мен «-», «-» мен «+»
CaCO3
NaOH
2Na+
CO3 2-
Ca2+
2OH-
Ион алмасу реакциясын құруда мынандай негізгі тұжырымдарды есте ұстаған жөн :
1.Аз диссоциацияланатын, ерімейтін, газ тәрізді заттардың формулалары молекулалық түрде жазылады (мысалы, Cu(OH)2, CO2, H2O);
2.Ион алмасу реакциялары тұнба түзілсе ↓, газ бөлінсе ↑, қайтымсыз ↔ белгілері қойылады.
Қайтымсыз реакция белгісі:
тұнбаТұнба түзілуі;
газГаз бөлінуі;
аз диссоциацияланатын зат түзілуі қажет
Ион алмасу реакциясы толық немесе қысқартылған түрде болуы мүмкін
Мысалы: натрий сульфаты мен барий хлоридінің ион алмасу реакциясын қарасырайық:
1. Молекулалық теңдеу :
Na2SO4 + BaCl2 = BaSO4↓ + 2NaCl
Алынған заттарды ерігіштік кестесі мен тексеріп белгілерді қоямыз. Егер, BaSO4 - тұнба болса, онда↓ белгісімен.
2. Әрекеттесуші заттардың екеуі де күшті электролиттер, сондықтан иондарға диссоциацияланады :
2Na+ + SO42- + Ba2+ + 2Cl- = BaSO4↓ + 2Na+ + 2Cl-
3. Бұл теңдеу толық иондық теңдеу деп аталады. Егер бұл теңдеудегі ұқсас иондарды қысқартсақ, барлық бөлшектер қысқарады.
4. Реакцияның қысқартылған иондық теңдеуі: :
Ba2+ + SO42- = BaSO4↓
Ақ тұнба – ВаSO4↓. Бұл ион алмасу реакциясы қайтымсыз, яғни тұнба түзілетіндіктен аяғына дейін жүреді.
Дифференциация тапсырмасы:Мына заттардың арасындағы молекулалық, толық иондық және қысқартылған иондық теңдеулерін жаз.
AgNO3 мен HCl
СаСl2 мен Na2CO3
FeCl3 мен NaOH
CaCO3 мен HCl
Қалыптастырушы бағалау тапсырмасын орындау
Кері байланыс
Үй жұмысы
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?