№ 1 практикалық жұмыс "Ион алмасу реакциялары". Химия, 9 сынып, сабақ жоспары


Сабақ жоспары

.

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 9

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

№ 1 практикалық жұмыс "Ион алмасу реакциялары"

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

9.2.2.1 алмасу реакция теңдеулерін молекулалық және иондық түрде құрастыру;9.2.2.2 ион алмасу реакцияларының жүру себептерін түсіндіру

 Сабақ мақсаттары

  • Ион алмасу реакциясының маңызын түсіндіру;
  • Толық иондық және қысқартылған иондық теңдеулерін жазу дағдысын қалыптастыру.

 Бағалау критерийлері

  • Берілген сызбанұсқаны дұрыс қолданады;
  • Толық және қысқартылған иондық реакция теңдеулерін дұрыс жазады;
  • Тәжірибеден қорытынды жазады.

 Тілдік мақсаттар

 

Пәнге қатысты лексика мен терминология

ион алмасу реакциясы, молекулалық теңдеу, қысқартылған иондық теңдеу, тұнба, газ, еритін, ерімейтін

 Құндылықтарды дарыту

Құрмет. Бүкіл сабақ барысы өзара құрметке, бір-бірінің пікірлерін тыңдау мен оларға санасуға, ойларын тыңдауға негізделеді.

Ашықтық. Оқушылар үшін ақпарат көзі ашық болып табылады. Оқушылар өздерінің білгенін өзге құрбыларымен бөлісудің маңызы айтылып өтіледі.

Өмір бойы білім алу. Бүгінгі сабақта алатын білім мен дағдылар алдағы сыныптарда, емтихандарда қажет болатыны айтылады. Сонымен қатар металдар мен олардың қосылыстарының күнделікті өмірде қолданылатын жерлері айтылып өтіледі.

 Жахандық азаматтықты дамыту

Шығармашылық бағыты бойынша:

Зиянды заттармен жұмыс істеу кезінде - денсаулықты сақтау және қоршаған ортаны қорғау – қалдықты дұрыс утилизациялау туралы айтып жахандық азаматтықты дамытылады.

 Пәнаралық байланыстар

Физика пәнінен иондардың түзілуі еске түсіріледі.

 АКТ қолдану дағдылары

Интерактивті тақтаны қолдану

Бастапқы білім

Негіздер және қышқылдар (6.2С)

Су-еріткіш ретінде (6.2В)

Химиялық реакция теңдеулері (7.2С)

Ерігіштік және ерітінділер (7.3С)

Моль (8.3С) Су (8.4.С)

Стехиометриялық есептеулер (8.4 А)

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

3 минут

7 минут

Ұйымдастыру кезеңі:

Мұғалім сабақ басында жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсаты және бағалау крийтерілерімен, кілт сөздер слайд арқылы таныстырады.

Мұғалім өткен сабақпен байланыс жүргізу мақсатында «Бонус-сұрақ» арқылы сұрақтар қояды. Сұрақтарды жеке оқушылардың атын атап қоюға болады. Оқушы қателескен жағдайда сыныптастарының толықтыруын сұрап жалғастырады

  • Электролиттер мен бейэлектролиттер дегеніміз не?
  • Оларға қандай заттар жатады?
  • Не үшін электролит ерітінділер электр тоқ өткізеді?
  • Иондарға ыдырау процесі қалай аталады?
  • Қышқыдардың, негіздердің электролиттік диссоциациялануы нәтижесінде қандай иондар түзіледі?
  • Қандай негіздер сілті деп аталады ?

Бағалау: Мұғалімнің ауызша кері байланысы арқылы оқушылардың жауабы бағаланады.

Презентация

Таратпа қағаз немесе презентациядан оқуға болады

Сабақтың ортасы

7 минут

10 минут

10 минут

II. Жаңа сабақты түсіндіру:

Мұғалім презентациядан «Ион алмасу» реакциялары ұғымына анықтама береді.

Демонстрациялық жұмыс.

Мұғалім Натрий карбонаты Na2CO3  ерітіндісі мен кальций гидроксидінің Ca(OH)2 ерітіндісі арасындағы реакцияны демонстрациялайды. Соңынан презентация мәліметтерін қолдана отырып төмендегі іс-әрекеттерді орындайды.

  • Ион алмасу реакцияларының жүру механизмі;
  • Ион алмасу реакциясын құрудағы негізгі қағидаларды оқушыларға түсіндіру
  • Ион алмасу реакцияларының қайтымсыз өтуін түсіндіру;

Алынған білімді игеру. Ион алмасу реакцияларына мысал келтіру (оқушылар тақтаға шығып молекулалық және иондық реакция теңдеулерін жазып жаттығады). Мұғалім күміс нитраты және натрий хлориді, натрий карбонаты мен тұз қышқылы арасындағы реакция теңдеулерін (мұғалім өз тәжірибесінен мысалдар келтіруіне болады) тақтаға жазуды оқушылардан сұрау арқылы жаттықтырады (басты мақсат оқушылар молекулалық, иондық, қысқартылған иондық теңдеулерді жазуды меңгеруі керек).

Дифференциация: Тапсырманы қатесіз орындап жатқан балаларға А,В,С деңгейлік тапсырмасы беріледі

III. Білімді тексеру.

Қалыптастырушы бағалау тапсырмасын орындату арқылы алынған білімді жеке-жеке оқушыларды тексеруді жүргізу

Бағалау: Бағалау критерийлері арқылы

Дифференциация: Мұғалім жаттығуды орындау барысында қателесіп жатқан оқушыларды бақылап жеке қолдау жүргізеді.

Презентация

Тақта мен жұмыс

Қалыптастырушы бағалау тапсырмасы

Сабақтың соңы

3 минут

Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:

Оқушылар сұрақтар бойынша өз-өзіне баға береді.

- нені білдім, нені үйрендім

- нені толық түсінбедім

- немен жұмысты жалғастыру қажет

«Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі арқылы кері байланысты оқушылар береді.

Сабақты қорытындылау.

Үй тапсырмасы : http://learningapps.org/view1730095

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Мұғалімнің жеке қолдауы және оқушылар бір-біріне үйрету арқылы жүзеге асырылады, А,В,С деңгейлік тапсырмалары арқылы жүзеге асырылады.

Оқушылардың белсенділігі бойынша бағалау, жұмыс дәптерін өрнектеу, қалыптасрыушы бағалау тапсырмасы арқылы, мұғалімнің кері байланысы арқылы т.б бағалау

Техникалық қауіпсіздік ережесін қатаң түрде сақтау. Партада дұрыс отыру ережесі мен қажет жағдайда көзге жаттығу орындату.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу