Ерітіндідегі еріген заттың молярлық концентрациясы. Практикалық жұмыс №5. Молярлы және проценттік концентрациясы белгілі ерітінділер дайындау. Химия, 8 сынып, сабақ жоспары.


Тарау: 8.3С

Ерітінді және ерігіштік

Атырау қаласының

Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалім:

Оралова А.

Сынып: 8

Қатыспағандар саны:

Қатысқандар саны:

Тақырыбы:

Ерітіндідегі еріген заттың молярлық концентрациясы.

Практикалық жұмыс №5.

Молярлы және проценттік концентрациясы белгілі ерітінділер дайындау

Сабақ барысында жететін оқу мақсаты:

Ерітіндідегі заттың молярлық концентрациясын есептей алады

 Сабақтың мақсаты:

8.3.4.6 ерітіндідегі заттың молярлық концентрациясын есептеу

Бағалау критерийі

ерітіндідегі заттың молярлық концентрациясына арналған есептер шығарады

молярлы және проценттік концентрациясы белгілі ерітінділер дайындай алады

 Тілдік мақсаттар:

Оқушылар сабақ барысында қолданылатын терминдер мен сөз тіркестері:

Concentration / molarity (mol dm-3 / M)

Number of moles in one dm3 (litre) of solution (e.g. 2M, 6M, 0.5M).

Концентрация / молярный

Молярлық концентрация

Solubility

(g dm-3)

The amount of one substance that can dissolve in another substance.

Растворимость

Ерігіштігі

Mole

Number of particles. A mole is 6.02 x 1023 particles. This number is often called Avogadro’s constant.

Моль

Моль

Molecular mass (g/mol)

The mass of one mole of a chemical (e.g. CaCl2 = 110.91 g/mol).

молекулярная масса

Молярлық масса

Dilute

A solution with a small amount of solute to solvent (e.g. 0.5M).

Разбавленный

Сұйылту

Concentrated

A solution with a large amount of solute to solvent (e.g. 6M).

Концентрированный

Қойылтылған/шоғырланған/концентрлі

Solute

A substance which gets dissolved in a solvent

Растворенное вещество

Еріген зат

Solvent

Can dissolve other substances / the liquid in which a solute is dissolved to form a solution

Растворитель

Еріткіш

Solution

A liquid mixture in which the solute is uniformly distributed within the solvent

Раствор

Ерітінді

Dissolve

Mix with a liquid, pass into solution

Растворенный

Еріген

A molar solution

One mole of a solute dissolved to make a total volume of 1 dm3 of solution

Молярного раствора

Молярлық ерітінді

 Құндылықтарды дамыту :

Жұптық жұмыс жасау барысында бірін-бірі құрметтеу;

- Бағалаудың айқындылығығын қамтамасыз ету;

 Пән аралық байланыс:

Физика , математика

Алдыңғы білімі:

Ерітінділер мен ерігіштік

Моль

Су

Стехиометриялық есептеулер

Кәсіби даму

Сыни ойлау тәсілдері арқылы оқушылардың пәнге деген мотивациясын арттыру

Сабақ барысы

Жоспарланған сабақ кезеңдері

Ресурстар

Ой шақыру

0-10 мин

Оқушылармен амандасу. Сыныптың сабаққа дайындығын тексеру.

Random. Ыстық орындық әдісі.

«Сұрақ-жауап»

Оқушыларға сұрақ қою арқылы сабақтың тақырыбы мен мақсаты талқылаймыз.

  • Ерітінділер дегеніміз қандай заттар?
  • Еріткіш дегеніміз не?
  • Еріген зат дегеніміз не?
  • Моль ұғымына анықтама беріңіздер?
  • Ерітіндідегі еріген заттың мөлшері дегеніміз не?

Сұрақтарға жауап беру арқылы сабақтың тақырыбы мен мақсатын дәптерге жазамыз.

Презентация

Сабақтың ортасы

11-18мин

19-22мин

23-27мин

28-40 мин

Сыныппен жұмыс bilimland.kz сайтынан молярлы концентрацияның анықтамасына назар аудартып, анықтаманы дәптерлеріне жазады.

Молярлы концентрация моль/л бойынша өлшенеді және "M" әрпімен белгіленеді. Мысалы, 2 M NaOH – натрий гидросидінің екі молярлы ерітіндісі. Бұл ерітіндінің 1 литрінде заттың 2 молі немесе 80 граммы бар (M(NaOH) = 40г/моль).

Жұптық жұмыс

Жұпта оқушылардан bilimland.kz сайтындағы концентрациясы арқылы еріген заттың массасын есептеуді сұрау. (дәптермен жұмыс)

Жауаптар тексеріліп, дәптерге смайликтер қою арқылы бағаланады.

Ары қарай оқушылардан тұрмыстық жағдайда қандай концентрлі ерітінділерді білетіндіктерін сұрау.Оқушылардан концентрлі және молярлы концентрлі ерітінділерді қалай сұйылтуға байланысты есептерді bilimland.kz сайтынан талдап, мысалдар келтіреміз.

Топқа бөліп есептер жазылған парақ таратылады:

1. 200 г 15%-дық ерітінді дайындау үшін қанша тұз және су алу керек?

2. 200 г 10%-дық ерітіндіге 10г тұз қосылды. Ерітіндідегі еріген заттың массалық үлесі қалай өзгереді? Есептеп дәлелде.

3. 300 г 20%-дық ерітіндінің 30% буланып кетсе қалған ерітіндідегі еріген заттың массалық үлесі қанша болғаны?

4. Натрий гидкросидінің көлемі 2000мл ерітіндісінде 16 г еріген зат болса, осы ерітіндінің молярлық концентрациясы қанша болғаны?

5. Көлемі 25 мл 10М күкірт қышқылының ерітіндісіне 225 мл суды араластырған кейінгі ерітіндінің молярлық концентрациясы нешеге тең?

6. 100г 5% -дық ас тұзының ерітіндісін дайындау үшін қанша грамм құрғақ тұз және қанша грамм су алу керек?

7. Ас тұзының 0,2 М көлемі 250 см3 ерітіндісін дайындау үшін қанша грамм құрғақ тұз және қанша грамм су алу керек?

8. Массасы 25 г тұзға 225 г су қосылды алынған ерітіндідегі еріген заттың массалық үлесі қандай?

9. Егер дайын ерітіндіге еріген заттан тағы қосатын болсақ, онда ерітіндінің концентрациясы өзгере ме? Неге?

10. 150 г 40%-дық ерітіндіге 50г су қосылды? Алынған ерітіндідегі еріген заттың массалық үлесі қандай?

11. Натрий гидроксидінің 150г 10%-дық және 250г 30%-дық әр түрлі концентрациялы ерітінділерді араластырған. Екі ерітінді қосылған соң алынған жаңа ерітіндідегі еріген заттың массалық үлесі қандай?

Есепті тексеру бірін-бірі бағалау арқылы жүреді.

https://bilimland.kz/kk/courses/chemistry-kk/bei-organikalyq-ximiya/su-zhane-suly-eritindiler/lesson/eritindilerding-konczentracziyasy

Жұмыс парағы

41- 75мин

Жұптық жұмыс

Зертханалық жұмыс парақтары таратылады, зертханалық жұмысты жасап, тапсырманы орындайды.

Практикалық жұмыс №5.

 Молярлы және проценттік концентрациясы белгілі ерітінділер дайындау.

Зертханалық жұмыс. «Пайыздық және молярлық концентрациясы көрсетілген ерітінді дайындау»

Тапсырма : 100г 5% -дық ас тұзының ерітіндісін дайында

Қажетті құрал -жабдықтар мен реактивтер: электрондық таразы, құты, өлшеуіш цилиндр, ас тұзы, dist су .

Зертханалық жұмысты жүргізу реті:

1. Тұздың массасын есептеп алу

m(ер.з ) = 5г

Шешуі :

2. Қажетті судың массасын есептеп аламыз

m(ep-ді ) = m(ер.з) + m(еріткіш)

m(еріткіш) = m(ep-ді) - m(ер.з)

m(еріткіш) = 100-5= 95 г

Жауабы: m(тұз) =5 г ;

m(су) =95г

3. Электрондық таразыны тұрақты ток көзіне қосып өлшеуіш пластикпен бірге нөлге теңестіріп аламыз.

4. Таразыда 5 г тұзды өлшеп алу керек.

5. Өлшеуіш цилиндр арқылы 95 мл суды өлшеп алу қажет

6. Бос таза құтыға алдымен өлшенген тұзды салып, үстіне 95 мл суды қосып араластырамыз.

Зертханалық жұмыс:

«Молярлық концентрациясы көрсетілген ерітінді даярлау»

Тапсырма : Ас тұзының 0,2 М көлемі 250 см3 ерітіндісін дайында.

Қажетті құрал- жабдықтар мен реактивтер: электрондық таразы, өлшеуіш құты, тамшуыр, ас тұзы, dist су

Зертханалық жұмысты жүргізудің реті:

  • Ерітіндінің көлемін ХБ жүйесіне келтіру қажет

V(ер-ді) =250cm3 =0,250dm3= 0,250л

2. Қажетті тұздың массасын есептеп алу керек. M(NaCl)= 58,5г/моль

m(ep. зат) = Cm(ер.з)·M(ep.з)· V(eр-ді)

m(ep. зат) = 0,2 ·58,5 ·0,250 = 2,925 г

3. Электрондық таразыны тұрақты ток көзіне қосып өлшеуіш пластикпен бірге нөлге теңестіріп аламыз.

4. Таразыда 2,925 г тұзды өлшеп алу керек.

5. Бос таза өлшеуіш құтыға тұзды салып үстіне аздаған dist су құйып шайқап ерітіп алу қажет.

  • Өлшеуіш құтының қажет мөлшеріне дейін суды жеткізіп құю керек

 

Жұмыс парағы, қажетті құрал-жабдықтар, реактивтер

Үй тапсырмасы:

Сабақтың соңы:

Сыныпта орындауға үлгере алмаған тапсырмалар мен өз бетінше жұмыс тапсырмалары беріледі.

Сабақтың соңында оқушылардан рефлексиясы сұралады, яғни сабақты түсінулеріне байланысты өз ойын жазып «тілек ағашына» жапсырып кетеді.

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Барлық оқушылар:

Концентрацияның түрлері мен оларды орындайдың жолдарын біледі.

Көптеген оқушылар:

Берілген типтік жаттығуларды сауатты орындай алады.

Кейбір оқушылар:

Нақты концентрациясы белгілі ерітінділерді дайындай алады және өз білгенің құрбыларына үйретеді.

Оқушылар критерийлер бойынша жасаған жұмысына қарай бағаланады

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?