Бір топ элементтері. Галогендер. Химия, 7 сынып, дидактикалық материал.


Қосымша 3.

Қазіргі ХЭПЖ негізге ала отырып, тапсырманы орындаңдар:

1.Топ номерлерін жазып шық

2.Периодтар номерлерін жазып шық

3.Металдар мен бейметалды бөліп тұрған қисықты салыңдар

4.Элементтердің топтарын атаңдар

А.1 топ_________________

Б.2 топ _________________

В. 3-12 топ _____________

Г.16 топ ________________

Д.17 топ _________________

Е.18 топ _________________

5. Төменгі жақтағы екі элементтер қатары қалай аталады?_____________________________

6. Газ күйінде кездесетін элементтерді қызыл түспен бояп шығыңдар.

7. Қатты күйде кездесетін элементтерді қара түспен бояңдар

8. сұйық күйде кездесетін элементтерді көк түспен бояңдар

Қосымша 3

1. бір топта орналасқан элементтер – химиялық және физикалық қасиеттері жағынан ұқсас.

2.Бірінші топты сілтілік металдар құрайды: литий, натрий, калий, цезий, рубидий. Олар жұмсақ, ауадағы оттегіментез тотығады. Сумен әрекеттескен кезде сілті түзеді. Бұл сілтілік металлдар тобы.

3.Екінші топ- сілтілік жерметалдар тобы: кальций, стронций, барий.

4.Жетінші топ –галогендер тобы: фтор, хлор, бром, йод. Молекулалры екі атомнан тұрады. Фтор мен хлор газдар, бром- сұйық, ал йод – қатты зат.

5.Сегізінші топ - инертті газдар тобы: гелий, неон, аргон, криптон, ксенон,радон.

6.Периодтағы элементтердің қасиеттерінің өзгеруі. Барлық периодтарда атомдық массаның өсуімен (солдан оңға қарай) металдық қасиеттердің әлсіреуі және бейметалдық қасиеттердің күшеюі байқалады.

Периодта солдан оңға қарай атом заряды, сыртқы деңгейдегі электрондардың саны, бейметалдық қасиет артады. Атом радиусы мен энергетикалық деңгейлер саны өзгермейді.

7. топ және басты топша бойынша қасиеттердің өзгеруі. Топтарда, басты топшаларда жоғарыдан төмен қарай металдық қасиеттің артуы және беметалдық қасиеттің кемуі байқалады.

Топтарда жоғарыдан төмен қарай ядро заряды, атом радиусы, энергетикалық деңгейлер саны, металдық қасиеттері артады. Сыртқы қабаттағы электрондар саны өзгермейді.

ХЭ жіктеу талпынастары туралы тарихи мәліметтер

19 ғ. Ортасында 63 химиялық элементтер ашылды және осы элементтерді белгілі заңдылық бойынша жіктеуге көптеген ғалымдар тырысты.

1829 жылы Дёберейнер «триадалар заңын» шығарды. Көптеген элементтердің атомдық массасы осы элементке химиялық қасиеттері бойынша ұқсас элементтердің атомдық массаларының арифметикалық ортасына тең. (стронций, кальций жәнебарий; хлор, бром және иод және т.б.).

Дёберейнер триадалары

Li

Ca

Cl

Na

Sr

Br

K

Ba

I

Топ

Элемент және оның атомдық массасы

Атомдық массасының арифметикалық ортасы

А

Литий - 7

Натрий -23

Калий-39

(7+39)/2=23

В

Кальций-40

Стронций-87,5

Барий-137

(40+137)/2=88.5

С

Хлор-35

Бром-80

Йод-127

(35+127)/2=81

Александр Эмиль Шанкуртуа. Александр Эмиль Шанкуртуа (1862) алғаш болып химиялық элементтерді атомдық массаларының өсу реті бойынша орналастыруға талпынды. Ол элементтерді спираль түрінде орналастырып вертикаль бойынша бір топта орналасқан химиялық элементтердің қасиеттері қайталанатынын байқаған.

Екі модель де ғалымдар арасында қызуғышылық туғызбады.

1866 жылы предложил химик және музыкант Джон Александр Ньюлендс химиялық элементтерді топтастырудың өз нұсқасын ұсынды. Ол элементтерді «октавалар заңы» деп аталатын кесте түрінде орналастырды. Бұл кестеге 62 элемент кірді. Элементтер амтодық массаларының өсу реті бойынша орналасты

Осы онжылдықта химиялық элементтерді жүйелі түрде орналастырудың көптеген талпыныстары байқалды. Қазіргі ХЭПЖ ұқсас нұсқаны Юлиус Лотар Мейер (1864) ұсынды: Ол сол кезде белгілі болған 63 элементтің 44 химиялық элементті кестеге ұйымдастырды.

1869 ж. Д.И.Менделеев ХЭПЖ-нің алғашқы нұсқасын ұсынды. Карточкалардың артына химиялық элементердің негізгі қасиеттерін жазды(сол кезде 63 химиялық элемент белгілі болды), Менделеев осы карточкалардың орнын бірнеше қайтара ауыстырып отырып, қасиеттері бойынша ұқсас элементтер қатарын құрастырды.

Қосымша 3

Химиялық элементтің сипаттамасы (топтық жұмыс үшін)

Na (натрий, sodium) белсенділігі жоғары күміс ақ түсті металл. Салыстырмалы атомдық массасы 23

Ойын «кім артық» 

Негізгі белгілері бойынша басқаларға ұқсамайтын топты табу керек. Тапсырманы алғаш бітірген оқушы жеңеді.

Нұсқа 1

Химиялық элементтердің символдары жазылған карточкалар:

Әр карточкадағы металл/бейметалл сипаты бойынша артық элементті анықтаңдар.

Жауабы: а) гелий; б) натрий; в) хлор.

Нұсқа 2

Периодтық жүйенің фрагменттері берілген карточка:

Әр карточкадағы артық элементті атаңдар. Басты белгі – осы элементтер тобына тиістілік.

Жауап: а) кальций; б) углерод; в) йод.

Нұсқа 3

Периодтық жүйенің фрагменттері берілген карточка:

Әр карточкадағы артық элементті атаңдар. Басты белгі – осы периодқа тиістілік.

Жауап: а) фосфор, гелий; б) калий, азот.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?