Рекомбинантты дезоксирибонуклейн қышқылының қолданылуы. «Клондау» түсінігі. Биология, 11 сынып, дидактикалық материал.
Мұғалімге нұсқаулық
практикалық жұмысты шығару барысында:
Р53 генінің - бірнеше көшірмесін шығару
Плазмид- бірнеше көшірмесін шығару (қызыл түсті қағазға шығару)
Рестриктаза ферменті - бірнеше көшірмесін шығару(жасыл түсті қағазға шығару) және қайшы қою .
Лигаза - бірнеше көшірмесін шығару(көк түсті қағазға шығару) және скотч қою.
Практикалық жұмыстағы сұрақтардың жауабы:
1. Плазмид пен хромосоманың арасындағы айырмашылық қандай?
Плазмид – сақиналы ДНҚ, ол бактерияның жасушасында болады.
Хромосомалық ДНҚ – ол жіп тәрізді (адамның ДНҚ интрондар мен экзондар бар, ал плазмидті ДНҚ-да интрондар жоқ).
2. Ғалым хромосомадан генді бөліп алу үшін не істеу қажет?
Ғалым геннің реттілігін білу қажет.
3.р53 генін кесіп алу үшін қай ферментті қолданасыз? Неге ол ферментті таңдадыңыз?
Оқушылар Nde I ферментін таңдауы қажет. Себебі, осы фермент 17 хромосомадағы р53 генін кесіп алады және генді толық кесіп алады, бөлшекке бөлмейді.
4.Кесіп алатын ферментіңіз бойынша, соңғы нақты таңдауыңызды жасау үшін, сізге қандай қосымша ақпарат қажет?
Молекулярлық биолог р53 геніндегі азоттық негіздердің реттілігін білу қажет, нақты генді кесіп алу үшін қай ферментпен жұмыс жасау керектігін білу қажет.
5.Р53 генінің соңы мен плазмидті ДНҚ соңын салыстырыңыз. Сіз нені байқадыңыз?
Барлығында бірдей «жабысқақ ұштар» болуы қажет.
6.Плазмидтің рөлі қандай?
Плазмид клондаушы вектордың рөлін атқарады. Ол адамның р53 генін бактерияға енгізеді.
Ресурс
2017 www.beyondbenign.org
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру