Адамның гаметогенезінің кезеңдері. Биология, 11 сынып, дидактикалық материал.


Дидактикалық материалдар

Қосымша 1

Үлестірмелі материал

Гаметогенез кезеңдері

1. Көбею кезеңі.

Аналық және аталық гаметалар пайда болатын жасушаларды, сәйкесінше сперматогония және овогониялар деп атайды.

Бұл жасушалардың құрамындағы хромосомалар жиынтығы диплоидты 2n2c болып табылады.

Бұл кезеңде алғашқы жыныс жасушалары митоз жолымен бірнеше қайтара бөлініп, нәтижесінде олардың едәуір артады.

Ер адамдардың ағзасында сперматогониялар жыныстық жетілудің барлық кезеңінде көбейеді. Овогониялардың көбею эмбрионалдық кезеңде жүзеге асады.

2. Өсу кезеңі.

Жасушалардың көлемі ұлғайып, олар бірінші реттік овоциттермен сперматоциттерге айналады (овоциттердің көлемі тым үлкен болады, себебі бұл жасушаларда нәруызды қоректік заттар көп жиналады).

Бұл кезең мейоздың интерфаза І кезеңіне сәйкес келеді.

Бұл кезеңдегі басты құбылыстарды бірі – ол хромосома құрамындағы ДНҚ молекуласының екі еселенуі. Бұл хромосолар құрамында қос тізбекті ДНҚ молекуладан құралады, ал бұл жасушалардың генетикалық формуласы – 2n4c болады.

Бұл үдеріс кезінде бірінен кейін бірі жүретін – редукциялық (мейоз I) және эквациялық (мейоз IІ) бөліну жүзеге асады және бұл бөлінулер бірігіп, мейоз үдерісін қалыптастырады.

Бірінші бөлінуден кейін (мейоз I) екінші реттік сперматоциттер және овоциттер пайда болады (генетикалық формуласы n2c), екінші бөлінуден кейін (мейоз IІ) – сперматидтер және жетілген жұмыртқа жасушасы, редукциялық денешіктерімен бірге түзіледі.

Осылайша өсу кезеңінен кейін бірінші реттік сперматоциттен (2n4c) төрт сперматидтер (nc), ал бірінші реттік овоциттен (2n4c) бір жетілген жұмыртқа жасуша (nc) және үш редукциялық денешік пайда болады.

3. Пісіп жетілу кезеңі.

Бұл үдеріс кезінде бірінен кейін бірі жүретін – редукциялық (мейоз I) және эквациялық (мейоз IІ) бөліну жүзеге асады және бұл бөлінулер бірігіп, мейоз үдерісін қалыптастырады.

Бірінші бөлінуден кейін (мейоз I) екінші реттік сперматоциттер және овоциттер пайда болады (генетикалық формуласы n2c), екінші бөлінуден кейін (мейоз IІ) – сперматидтер және жетілген жұмыртқа жасушасы, редукциялық денешіктерімен бірге түзіледі.

Осылайша өсу кезеңінен кейін бірінші реттік сперматоциттен (2n4c) төрт сперматидтер (nc), ал бірінші реттік овоциттен (2n4c) бір жетілген жұмыртқа жасуша (nc) және үш редукциялық денешік пайда болады.

4. Қалыптасу кезеңі (тек сперматогенез кезеңінде).

Осы процестің нәтижесінде әрбір жетілмеген сперматид өзіне тән барлық құрылымдарды ала отырып, жетілген сперматозоидқа айналады (nc формуласымен).

Сперматидтердің ядросы конденсацияланады, функционалды түрде инертті болып келетін хромосомалардың шиыршақталуы жүреді. Гольджи кешені ядроның полюстерінің біріне өтіп, акросома түзеді. Центриолдар ядроның басқа полюсіне өтеді, ал олардың бірі талшықтардың қалыптасуына қатысады. Талшықтардың айналасында бір митохондрия спиральды түрде бұралған. Сперматид цитоплазмасының барлығы дерлік қабылданбайды, сондықтан сперматозоидтың басы ғана құрамында болмайды.

Овогенез және сперматогенез үдерісі кезінде, ерлер мен әйелдер гаметаларының әртүрлі функционалды мақсаттарына байланысты (генетикалық ақпаратты беруден басқа), жоғарыда көрсетілген айырмашылықтар белгілі бір биологиялық мағынаға ие. Жұмыртқа жасушаларының цитоплазмасында көптеген қоректік заттардың жиналуы қажет, өйткені ұрықтандырылған жұмыртқадан аналық ағзаның дамуы осы «негізде» жүреді. Овогенез кезінде жасушалардың біркелкі бөлінбеуі және үлкен жұмыртқа жасушаның түзілуін қамтамасыз етеді. Сперматозоид жұмыртқаны тауып, оған еніп, оның хромосома жиынтығымен байланысады. Олардың тіршілік ету мерзімі қысқа, сондықтан цитоплазмада көптеген заттарды сақтаудың қажеті жоқ. Сперматозоидтардың көп мөлшері жұмыртқа жасушаны іздеу кезінде өліп кететіндіктен, оларды көп мөлшерде қалыптастырады. Гаметогенез процесі кезінде басты үдерісі, ол хромосомалардың диплоидты жиынтығының азаюы (мейоз кезінде) және гаплоидты гаметалардың пайда болуы.

Қосымша 2

№1 Кестені толтырыңыз

Кезең

Сперматогенез

Овогенез

1

2

3

4

Жауабы

№1 кесте

Кезеңдері

Сперматогенез

Овогенез

көбею (митоз) 2n2c

бастапқы ұрық жасушаларының көбеюі (гоноциттер) жыныстық жетілуден басталып, ер адамның бүкіл өмір бойына жалғасады: сперматогонилар

гоноциттер әйелдің эмбриогенезі кезінде түзіледі; олардың көбеюі ағзаның туылуы кезінде аяқталады: овогония

 Өсу (интерфаза) 2n4c

жасушаның мардымсыз өсімі:

бірінші ретті сперматоциттер

жасушаның едәуір өсуі:

бірінші ретті овоциттер

Пісіп жетілу

— мейоз I (n2с)

— мейоз II (nc)

 

I профазада, гомологты хромосомалардың конъюгациясы және үлескілермен алмасуы жүзеге асады:

Екінші ретті 2 сперматоцит

2-ші ретті әр сперматоциттен 2 сперматид түзіледі

I профазада, гомологты хромосомалардың конъюгациясы және үлескілермен алмасуы жүзеге асады:

1 екінші ретті 2 овоцит және редукциялық денешік

екінші ретті овоциттен 1 жұмыртқа жасушасы және 1 редукциялық денешік түзіледі. Бірінші редукциялық денешік 2 редукциялық денешігін құрайды

Қалыптасу   nc

сперматидтерден сперматозоидтар түзіледі

Осындай кезең болмайды

Қосымша3

1. Овогенез кезеңдерін сәйкес келетін ерекшеліктерімен байланыстырыңыз

Кезең

Ерекшеліктері

1

Көбею

А

1. Бұл кезең мейоз үдерісіне сәйкес келеді.

2. Мейоз І үдерісі кезінде бөлінген әрбір 1-ші ретті сперматоциттен 2-ретті 2 сперматоцит түзіледі. 3. Мейоз І үдерісі кезінде бөлінген әрбір 1-ші ретті овоциттен 2-ретті 1 овоцит және бағыттаушы денешіктер түзіледі.

3. Бірінші ретті сперматоциттер мен овоциттердің хромосома жиынтығы 2n4c, ал бөлінгеннен кейін екінші ретті сперматоциттердің, екінші ретті овоциттердің және бағыттаушы денешіктердің хромосома жиынтығы - n2c, ал бұл мейоз І аяқталуына сәйкес келеді.

2

Өсу

В

1. Бұл кезеңде бастапқы жасушалар митоз жолымен бөлінеді.

2. Осы кезеңде хромосомалардың жиынтығы және ДНҚ молекулаларының саны 2n2с тең.

3. Сперматогенез және овогенез кезіндегі бастапқы жасушалар - сперматогония және овогониялар.

3

Пісіп жетілу

С

1. Бұл мейоз алдындағы интерфаза кезеңіне сәйкес келеді.

2. Хромосомалардың жиынтығы мен ДНҚ молекулаларының саны осы кезеңде - 2n4с, өйткені интерфаза кезеңінде ДНҚ молекулаларының 4с есеге дейін өсуі байқалады.

3. Ерлерде бұл сатыдағы жасушаларды – бірінші ретті сперматоциттер, әйелдерде - бірінші ретті овоциттер деп тайды

4

Қалыптасу

D

1. Мейоз үдерісінде 2-ші реттік екі сперматоциттен хромосомалардың жиынтығы гаплоидты болып келетін сперматидтер түзеді, nc.

2. 2-ші ретті овоцит жұмыртқа жасушасына мен бағыттаушы денешік дейін бөлінеді.

3. Олардың барлығында гаплоидты хромосомалар жиынтығы болады, nc.

4. Мейоз кезінде бағыттаушы денешіктер, хромосома жиынтығы гаплоидты болып келетін, тағы екі бағыттаушы денешікке бөлінеді, nc.

Жауабы: 1-В; 2-С; 3-А; 4- D

2. Суретте 1, 2, 3 сандарымен көрсетілген гаметогенез процестері мен аймақтарының арасындағы сәйкестікті белгілеңіз: бірінші бағандағы әрбір жол үшін екінші бағаннан сәйкес жолды таңдаңыз.

ҮДЕРІСТЕР

 

ГАМЕТОГЕНЕЗ АУМАҚТАРЫ

 A) гаплоидты жасушалардың түзілуі

 Б) хромосомалар санының азаюы

 В) конъюгация, кроссинговер

 Г) жасуша көлемінің едәуір ұлғаюы

 D) митоздық бөліну

 

 1) 1

 2) 2

 3) 3

Жауабына әріптерге сәйкес келетін сандарды жазыңыз:

А

Б

В

Г

Д

 

 

 

 

 

Жауабы: 33321

Жауап түсіндірмесі.

Гаметогенез - бұл гаметалардың (ұрық жасушаларының) түзілуі.

Гаметогенез кезеңдері:

Көбею аймағы – митоз жолымен бөлінетін диплоидты хромосомалар жиынтығы бар бастапқы ұрық жасушалары (бастапқы ұрық жасушаларының саны артады);

Өсу аймағы - жасушалар мейоз үдерісіне дайындалады (интерфазаның аналогы), репликациялану (ДНҚ-ның екі еселенуі) және жасушаның өсуі байқалады;

Пісіп жетілу аймағы - жасушалар мейоз жолымен бөлінеді, нәтижесінде гаплоидты гаметалар пайда болады.

Суретте, 1 санымен - көбею аймағы; 2 - өсу аймағы; 3 – пісіп жетілу аймағы белгіленген.

  

 А) гаплоидты жасушалардың түзілуі - 3 (пісіп жетілу аймағы);

 (Б) хромосомалар санының азаюы - 3 (пісіп жетілу аймағы);

 (B) конъюгация, кроссинговер - 3 (жетілу аймағы);

 (Г) жасуша көлемінің едәуір ұлғаюы - 2 (өсу аймағы);

 (D) митоздық бөліну - 1 (көбею аймағы).

 

 

Қосымша 4

Тапсырма

Оқушының аты-жөні: _________________________________________ Сыныбы_________

  • Жұмыртқа жасуша әрқашан аталық жыныс жасушасынан үлкенірек болады. Себебін түсіндіріңіз.

...........................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................

(3 ұпай)

2. Гаметогенез үшін неліктен митотикалық және мейотикалық процестерді қамту маңызды?

...........................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................

(3 ұпай)

(Жалпы 6 ұпай )

Жауабы

1. Жұмыртқа жасушада қоректік заттар/ сары уыз, сперматозоидпен салыстырғанда, көбірек;

Сперматозоидқа энергия тек, жұмыртқа жасушаға жетіп, оны ұрықтандыру үшін ғана қажет.

Жұмыртқа жасушаға қоректік зат, тек қоректенудің басқа түрі пайда болғанға дейін, эмбрионды қоректендіру үшін қажет;

(3 ұпай)

2. Митоз көптеген гаметалардың түзілуіне мүмкіндік береді;

Мейоз сол гаметалардың генетикалық тұрғыдан әр түрлі болуын қамтамасыз етеді;

Бұл ұрпақтың тіршілігін сақтап қалуға/ генетикалық тұрғыдан өзгеруге мүмкіндік береді.

(3ұпай)

(Жалпы 6ұпай)

Ресурстар



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу