Ғаламдық жылыну: себептері, салдарлары және шешу жолдары. Биология, 11 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Экология және адам іс-әрекетінің қоршаған ортаға әсері.

Мектеп: ХББ НЗМ Павлодар қ.

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Аутаев Мухит Серикович

Сынып: 11

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Ғаламдық жылыну: себептері, салдарлары және шешу жолдары.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

11.3.2.1 - мүмкін болатын климаттың жаһандық жылыну салдарын болжау.

 Сабақ мақсаттары

  • Ғаламдық жылыну себептерін түсінеді;
  • Ғаламдық жылыну салдарын талдайды;
  • Ғаламдық жылынудың шешу жолдарын ұсынады;
  • Ғаламдық жылыну мәселесін талдап, баға береді.

 Бағалау критерийлері

Егер төмендегі бағалау критерийлерін орындаса, оқушы оқу мақсатына жетеді:

  • Ғаламдық жылыну себептерін түсіндіреді;
  • Ғаламдық жылыну салдарына талдау жасайды;
  • Ғаламдық жылынуды болдырмаудың жолдарын ұсынады;
  • Ғаламдық жылыну мәселесін талдап, баға береді.

 Тілдік мақсаттар

 

Пәнге тән лексика мен терминология:

Климаттың өзгеріс, ғаламдық жылыну, жылу эффектісі, жылу газдары, техногендік әсер.

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Егер жаһандық жылыну болса, онда ..... .Мына заттар: ..... ... ... азон қабатына әсер етеді. Олар ... ..... мәселелерді туындатады. Біз ..... керек/керек емес, себебі… артықшылығы. Х болғандықтан .... туындайды сондықтан ..... Оның … салдары/ … артықшылықтары/кемшіліктері … болып табылады.

 Құндылықтарды дарыту

 

 

Ынтымақтастық:

  • Мұғалім сыныпта жағымды психологиялық атмосфера орнатады;
  • Мұғалім мен оқушы бірлесе сабақтың мақсатына жетеді және өзара іс-қимыл нәтижелерін талқылайды;
  • Мұғалім оқушыларға, оқушылар бір-бірлеріне көмек көрсетеді.

Академиялық әділдік:

  • Оқушылар бір-бірлерін әділ бағалайды, себебін түсіндіреді.

Өмір бойы оқу:

  • Алған білімі өмірде керек болатынын түсінеді;
  • Сабақта оқушылармен кері байланыс орнатылады.

Өзіне және айналадағыларға құрмет:

  • Жұппен, топпен жұмыс кезінде жүзеге асады.

Азаматтық жауапкершілік:

Оқушылар жұмыс орындарын тәртіппен ұстайды.

 Пәнаралық байланыстар

География пәні: Азон қабаты, ғаламдық жылыну, климаттық өзгерістерді талдау.

Химия пәні: Түрлі заттардың (көмірқышқыл газы, метан, азот диоксиді, фреондар) климаттың жылынуына тигізетін үлесі.

Физика пәні:Ультрокүлгін сәулелері толқын ұзындықтары

 АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақтаны пайдалану, сондай-ақ ғаламтордан қажетті ақпараттарды өздігінен іздеп табу және керегін іріктеп алу арқылы сын тұрғысынан ойлауларын, компьютерді белсенді пайдаланушы дағдыларын дамыту

Бастапқы білім

Биосфера, экосистема, популяция: 7,8,9,10 сыныптар.

Адам іс-әрекетінің қоршаған ортаға әсері: 7 - 10 сыныптар.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-4 мин

Сабақты ұйымдастыру

(оқушылармен амандасу, түгендеу, көңіл-күйлерін білу)

Ой қозғау:

Мұғалім: Осы көрген, жүріп өткен слайдтардағы суреттерді қандай бір ортақ тақырып аясына біріктіруге болады?

Жаңа тақырыпқа шығу

Сабақтың мақсатын оқушылармен бірге анықтау

Оқушыларға сабақ мақсатына жету үшін бағалау критерийлерін ұсыну

ИТ, презентация

1-3 слайдтар

ИТ, презентация

4-5 слайдтар

Сабақтың ортасы

4-36 мин

Ұғыну:

Мұғалімнің қысқаша түсіндірмесі (6-7 слайд бойынша)

Қазіргі таңда әлемді алаңдатып тұрған мәселе ол - климаттың өзгерісі. Соның бірі - жаһандық жылыну. Ғаламдық жылыну - температураның  өзгеру әсерінен немесе басқа да жағдайлардан болатын өзекті мәселелердің бірі.  

Ғаламдық жылыну - жердің бетіндегі орташа температураның артуы.

Ғаламдық жылыну - XX және XXI ғасырлардағы Жер атмосферасы мен Дүниежүзілік мұхиттың орташа - жылдық температурасының біртіндеп өсу процесі.

Топтық жұмыс

«Автобус аялдамасы» тәсілінің көмегімен Ғаламдық жылыну себептерін зерттеу.

Ол үшін топтарға Ғаламдық жылыну себептері жайында ақпараттар беріледі немесе өздеріде интернеттен басқада ақпарат көздерінен іздеуіне болады.

Әр топ берілген ізденіс жұмыстарына қарай постерлер дайындайды. Содан кейін барлық топтар сыныпта постерлерді іледі және бір аялдамадан екіншісіне өткендей, олармен танысады.

Зерттеу жұмыстары:

1 топ «Жылу эффекті, жылу газдары»

2 топ «Жердің жылу балансының бұзылуы»

3 топ «Ғаламдық жылынуға әсер ететін адам және табиғат факторлары»

ИТ, презентация

6-19 слайдтар

Теориялық материал.

Бейнебаяндар.

Сабақтың соңы

37-40 мин

Кері байланыс.

Бүгінгі сабақтың күтілетін нәтижелеріне жеттік пе? (сабақтың мақсатына оралу)

Рефлексия «Ыстық орындық»

Тақтаның алдына орындық қойылады. Ол ыстық орындық. Оған өз еркімен немесе мұғалімнің шақыруымен бір оқушы отырады. Қалған оқушылар тақырып бойынша сұрақтар қояды.

ИТ, презентация

20 слайд

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.

Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез-келген кезеңінде қолданыла алады

Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
Пікір жазу