Харди - Вайнбергтің генетикалық тепе-теңдік заңы. Биология, 11 сынып, дидактикалық материал.


Қосымша

Популяциялық генетиканың негізін Харди-Вайнберг заңы құрайды.1906 жылы ағылшын математигі Харди мен неміс дәрігері Вaйнберг бір-біріне тәуелсіз түрде популяциядағы генотип пен фенотиптің таралуын көрсететін формула ұсынды.Ол кейіннен Харди-Вайнберг заңы деп аталды. бұл формуланы құрастырғанда олар аллельдердің мөлшері өзгермейтін жағдайда популяциядағы доминантты және рецессивті белгілері бар дарақтардың белгілі бір арақатынаста болатындығын негізге алды.

Егер популяцияның генофондысы мысал ретінде, А және а гендерінің жұп аллельдерінен түрса, онда А геннің популяцияда көріну жиілігі р-ға, ал а геннің жиілігі g-ға тең, сонда популяциядағы осы екі аллельдің арақатынасы мына формулаға сәйкес келеді: рА + ga = 1 (1).

Осы формуланың екі бөлігін квадраттасақ: (рА + ga)2 = 1

енді жакшаны алгебралык жолмен ашатын болсақ, біз генотиптердің жиілігін көрсететін формула аламыз: р2АА + 2pgAa + g2aa = 1 (2).

Бұл формуланы құрастырарда олар аллельдердің мөлшері өзгермейтін жағдайда популяциядағы доминантты және рецессивті белгілері бар особьтардың белгілі бір арақатынаста болатынын негізге алады. Егер гаметадағы бір аллельдің, айталық, А аллелінің мөлшерін Р деп белгілесек, онда екінші аллель а-ның мөлшері q болады. Осыдан келіп олардың ұрпақтарында мынандай арақатынас орнығады.

РА

qа

P2АA

PqAa

PqAa

q2aa

P2АA+ 2PqAa + q2aa.

Харди мен Вайнбергтің формуласын пайдалана отырып, белгілі бір фенотиптің мөлшерін есепке алудың негізінде популяциядағы генотиптің таралу сипаты анықталады. Бірақ бұл формуланы қолданудың да бір шегі бар. Ол мына төмендегідей жағдайлар:

  • Егер аутосомалық гендердің бір ғана жұбы есепке алынса;
  • доминантты аллельдегі мутацияның рецессивті аллельге немесе керісінше ауысуы болмайтын жағдайда;
  • әр түрлі генотипті особьтардың тіршілік қабілеті және ұрпақ беру мүмкіндігі бірдей болғанда.
  • Табиғи популяцияларда бұл қойылатын талаптардың бәрі бірдей бола бермеуі мүмкін. Дегенмен онымен адамдар арасындағы кейбір белгілердің таралу жиілігін анықтауға болады.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу