Ауыл шаруашылық өсімдіктері іріктемелері мен жануарлардың қолтұқымдарын жақсартуға бағытталған селекция әдістері. Биология, 10 сынып, дидактикалық материал.
https://studopedia.su/7_35119_lektsiya.html
Селекцияның міндеті-жануарлардың тұқымдарын,өсімдіктердің жоғары өнімді сорттарын,микроорганизмдердің штамдарын шығару және үй жануарларымен мәдени өсімдіктердің эволюциялық заңдылықтарын зерттеу. Селекциямен адамзат өте ерте заманнан бері айналысып келеді. Адам жабайы жануарлар мен өсімдіктерді қолға үйретіп, өсіріп, өз қажеттілігіне пайдаланып отырған. Алайда селекция ғылымы ретінде кейінірек қалыптасты. Селекция теориясы Ч.Дарвиннің эволюциялық теорисына байланысты тез дами бастады.
Дүние жүзі бойынша көптеген елдерде,соның ішінде Қазақстанда селекциямен шұғылданатын көптеген ғылыми-зерттеу институттары,селекция-лық станциялар және т.б. мекемелер бар. Олар жоспарлы түрде мал тұқымдары мен өсімдік сроттарын жаңартумен шұғылданады. Біздің елімізде дәнді дақылдар,көкөністер техникалық дақылдар және жеміс жидектердің жүздеген сорттары шығарылған. Сонымен қатар ірі қараның: алатау, қазақтың ақ бас сиыры, қырдың қызыл сиыры, қойдың:арқар-меринос, еділбай, басқарағай мериносы, жылқының: қостанай дегерес және т.б. тұқымдары бар.
Өсімдіктер селекциясы.
Өсімдіктің жоғары өнімді түрлерін,жануалардың тиімді тұқымдардың немесе микроорганиздердің штамдарын сұрыптай отырып,олардың бұрынғы жабайы тектеріне тән генотиптерін өзгертуге болады. Ч.Дарвин қалыптастырған сұрыптау туралы генетикадағы тұқым қуалаушылық пен өзгергіштіктің заңдылықтары селекцияның теориялық негізін құрайды. Өсімдіктердің сорттары мен жануарлардың тұқымдарында пайда болған тұқым қуалайтын өзгергіштік сұрыптау үшін негізігі қажетті материал болып есептеледі. Өсімдіктер селекциясында сұрыптау,будандастыру экспериметтік мутагенез сияқты әдістер қолданылады.
Сұрыптау. Өсімдіктердің көбеюіндегі тозаңдану жолдарына қарай сұраптау: жаппай және жеке сұрыптау болып екіге бөлінеді.
Жаппай сұрыптауда бастапқы материалдан селекция үшін тиімді белгі қасиеттері бар даралардың тобы бөлініп алынады. Жаппай сұрыптау көбінесе айқас тозаңданатын өсімдіктерде жүргізіледі.
Жеке сұрыптау әдісімен адам үшін қажетті белгі-қасиеттері бар жеке дараларды іріктеп,әрі қарай ұрпақ алынады. Бұл әдіс көбінесе өздігінен тозаңданатын өсімдіктер,мысалы арпа,сұлы т.б. үшін өте қолайлы.
Гетерозис құбылысы. Атап көрсетілгендей гентикалық тұрғыда бір-бірінен алыстаутұрған организмдерді будандастырғанда алынатын гибрид ұрпақтың тіршілік қабілеті жорғары,өсу қабілеті күшті болып келеді. Мұндай құбылысты ең алғаш 1914 жылы америкалық генетик Дж.Шелл жүгері өсімдігінен байқап,оны гетерозис деп атады. Гетерозис барлық тірі органимзмдерге тән құбылыс,яғни жануарларды өсімдіктер мен микроорганизмдерде кездеседі. Гетерозис кезінде будан зат алмасу қарқынды жоғарылап,соған сәйкес өнімі молаяды.
Өсімдіктер селекциясындағы қол жеткен табыстар. Қоғамның өндіргіш күштерін арттырып,эконоимканы нығайтуда сұрыпталу жұмыстарының маңызы зор. Бұл тұрғыда,әлемдік селекцияда көптеген қол жеткізген табыстар бар. Соның ішінде орсы селекционері И.ВМичуринді ерекше атауға болады. Сонымен қатар орыс селекциоенері В.С.Пустовойт күмбағыстың майлы сорттарын,П.П.Лукьяненко бидайдың гектарына 50центнерге дейін өнім беретін Безостоя-1 сортын,В.Н.Ремесло мол өнімді Мироновская-264,208 және т.б. сорттарын алды. Селекционерлер-А.П.Шехурдин мен В.Н.Маманов шығарған жаздық бидайдың Саратов-29 сорты жоғары сапалылығымен еркешеленеді.
Қазақстанды өсімдіктер селекциясының дамуына академиктер-Ғ.З.Бияшев, В.П.Кузьмин, Р.А.Оразалиев, І.Әбуғалиев, А.Ғаббасов, Н.Л.Удольская және т.б. зор үлес қосты. Елімізде шығарылған сорттардың ішінде күздік бидайдың Красноводопад-210 сортын ерекше атауға болады. Бұл сорт Орта Азияның тәлімі жерлеріне арналған, құрғақшылыққа төзімді,сабағы жапырылмайды,дәні төгілмейді, түсімі жөнінен Безостая-1 сортынан кем емес. Сол сияқты Қарағанды тәжірибе станциясында шығарылған жаздық бидайдың Қызылбас сортының технологиялық сапасы жоғары.
Жануарлар селекциясы
Жануарлар селекциясының негізіне де өсімдіктердегідей тұқым қуалайтын өзгергіштік пен сұрыптау жатады. Жаппай және жеке сұрыптаулар жануарларға да тән. Алайда жануарлар селекциясының өз ерекшеліктері бар. Олар: жануарлар тек жыныстық жолмен ғана көбейеді; жануарларда ұрпақ саны көп бола бермейді және әрбір жекек даралардың өзінің селекция үшін маңызы болуы мүмкін.
Жануарлар селекциясында оның түрлі белгілері мен қасиеттерінің арасындағы байланыстар ескеріледі. Мысалы, ірі қара малдың сүттілігі оның дене бітіміне, қан айналу және тыныс алу жүйелерінің жақсы жетілуіне,т.б. байланысты. Сондықтан малдың тұқымын асылдандыру үшін жаппай сұрыптаудың осындай тәсілі қолданылады. Осылайша бірнеше белгілері бойынша сұраитай жүргізу арқылы біздің елімізде ірі қараның етті бағыттағы қазақтың ақбас сиыры және сүтті бағыттағы қырдың қызыл сиырлары шығарылды.
Жануарлардың әр түрлі тұқымдары сыртқы орта жағдайларының өзгерісі мен азықтандыруға бірдей жауап бере бермейді. Мысалы, ірі қараның етті тұқымдарына құнарлы азық берілсе салмағы артады, ал сүтті тұқымдарда сүті молаяды. Сол сияқты жұмыртқалағыш леггорн тауықтарына жемді жақсы берсе, салмағы онша өзгермейді, бірақ жұмырқалағыштық қасиеті артады.
Жануарлар селекциясында қолданылатын будандастыру әдістері. Жануарлар селекциясында өсімдіктер селекциясындағыдай будандастырудың үш түрлі әдісі қолданылады: туыстық, туыстық емес және алыстан будандастыру. Туыстық будандастыруда бастапқы форма ретінде бір-біріне туыстығы жақын жануарлар немесе ата-анасы мен ұрпағы алынады. Будандастырудың мұндай түрі организмнің бойындағы кейбір рецессивті гендер арқылы анықталатын белгі-қасиеттерді гомомзиготалы жағдайға келтіру үшін қолданылады. Рецессивті гендердің әсері гетерозиготалы жағдайда білінбейтіндігі Мендель заңдарына байланысты екенін білесіңдер. Ал жақын туыс жануарлардың гендері құрамы жағынан бір-біріне ұқсас келеді. Сондықтан олардың ұрпағы көбінесе гомозиготалы жағдайда болады
Сонымен туыстық будандастыру селекцияда рецессивті гендер арқылы анықталатын шаруашылық жағынан тиімді белгі-қасиеттерді тұрақтандыру үшін қолданылады.
Алыстан будандастыру. Алыстан будандастыру әдісі тек өсімдіктерде ғана емес,жануарлар селекциясында да қолданыады. Жануарларда да өсімдіктердегідей түраралық будандар көбінесе ұрпақсыз болады. Мұндай жағдайда,олардың ұрпақ беру қабілетін қалпына келтіру өте күрделі. Себебі жануарларда хромосома санын екі еселеу арқылы полиплоидтерді алу мүмкін емес. Алайда,алыстан будандастыру арқылы алынған будандардың ұрпақсыз болсада шаруашылықтық маңызы бар. Мысалы,бие мен есекті будандастыру арқылы алынған қашырды адам баласы ертеден пайдаланып келеді.
Кейбір түраралық будандастырулардан алынатын будан ұрпақ өсімтал келеді. Мұндай жағдайда олар үй жануарларының жаңа түрлерін шығару үшін,яғни селекциялық мақсатта қолданылады.
Алыстан будандастыру әдістің қолданудың нәтижесінде көптеген жетістіктерге қол жетті. Соның бірі,мысалы,қазақстандық ғалымдар: Н.С.Бутарин, Ә.Есенжолв және А.Жандеркиндер биязы жүнді қойларды жабайы арқармен будандастырырып,арқар-меринос тұқымын шығарды. Мұндай қойлар биік таулы аймақтардағы жайылымдарда жайылып, тіршілік етуге бейім келеді. Ондай қасетті олар-арқардан,ал жүнінің биязылығын енесінен-биязы жүнді қойдан тұқым қуалап алған.
Қодас пен мүйізді ірі қараны будандастыру бойынша да селекциялық жұмыстар жүргізілуде. Қодас биік таулы жерлерде өсетін үй жануары. Негізінен күш көлігі ретінде пайдалынылады. Еті қатты,сүті аз, бірақ майлы болып келеді. Мүйізді ірі қара мен қодастың арсынан шыққан будандарда, гетерозиске байланысты еті мен сүтінің сапасы қодасқа қарағанда артық болып шыққан.
Қазақстан селекционерлерінің қол жеткен табыстары. Жоғарыда аталған әдістерді қолдана отырып,қазақстандық ғалымдар: М.Ә.Ермеков, В.А.Бальмонт, Ә.Е.Еламанов, Д.Н.Пак, Б.М.Мусин, Н.З.Ғалиакберов, И.Н.Попов, Қ.Ү.Медеубеков және т.б. ауыл шаруашылық жануарларының көптеген жаңа тұқымдарын шығарды. Енді солардың кейбіреулеріне тоқталайық. В.А.Бальмонттың басшылығымен елімізде алғашқы етті-жүнді бағыттағы қой тұқымы қазақтың биязы жүнді қойы шығарылды. Ол- жүнді көп беретін әрі өсімтал тұқым.
Ә.Е.Еламанов,Қ.Ү.Медеубеков және т.б. ғалымдардың қатысуымен Қазақстанның солтүстік аймақтарының қатаң табиғат жағдайына төзімді,биязы жүнді қойдың жаңа тұқымы-Солтүстік Қазақстан мериносы шығарылды. Ол Бесқарағай және Сұлукөл қойы деп екі типке бөлінеді. Бұлар-еліміздегі жүнді-етті бағыттағы қой тұқымдарының таңдаулыларының бірі.
Еділбай қойы-халықтың селекция жолымен алынған,қылшық жүнді,құйрықты қазақы қой тұқымының түрі. Ет-май өндіру бағытында өсіріледі.
Б.М.Мусин,Н.З.Ғалиакберов және т.б. ғалымдар шығарған сиырдың етті тұқымы-қазақтың ақбас сиыры республикамызда көп тараған.
Д.Н.Пактың басшылығымен Алатау сиыры шығарылды. Сүтті мол беретін ірі қараның жаңа тұқымдарынаң қатарына қазақстандық селекционерлер шығарған еліміздің солтүстік аймақтарында өсірілетін-қырдың қызыл сиыры мен оңтүстік аймақтардағы әулиеата сиырлары да жатады.
Сонымен қатар Қазақстан селекционерлері шығарған жылқы тұқымдары да бар. Олар шөлейтті аймаққа бейімделген,етті-сүтті бағыттағы көшім жылқысы мен желісті-қостанай жылқысы.
Республикамыздың ғылыми-зерттеу мекемелерінде мал тұқымын асылданды-рудың жаңа әдістері де ойластырылған. Мысалы,академик Ф.М.Мұханбетқалиевтің басшылығымен Эксперименттік биология институтында дүние жүзі бойынша алғаш рет трансплантация әдісімен қозы алынды. Оның мәнісі ұрықтанған жұмыртқа жасушасы басқа аналық организмге апарып салынады да содан ұрпақ дамиды. Мысалы,аустралияның биязы жүнді қойының ұрығымен біздің жергілікті қойдың аналығын ұрықтандырып,содан қозы алынды. Бұл әдіс мал тұқымын асылдандырудың жолдарын жеңілдетеді.
Трансплантация әдісі-қазіргі уақытта мал шарушылығында кеңінен қолданылады.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру