РНҚ және ДНҚ молекулалары құрылысынның ұқсастықтары мен айырмашылықтары. Биология, 10 сынып, қосымша материал.
Қосымша №1.
РНҚ-да ДНҚ тәрізді нуклеотидтерден тұратын күрделі зат. ДНҚ на қарағанда РНҚ бір тізбекті болып келеді. РНҚ –ның иілгіш тармақталған жібі тізбектегі сутектік байланыстар арқылы бір – бірімен әрекеттесіп, бұралып, молекула ішінде екі оралымды бөліктен тұрады. Бұл құрылым “жоңышқа жапырақтары” немесе “беде жапырақтары” деп аталады. Нуклеотидтері де төрт А,Г,Ц,У түрлі болады. Бірақ азоттық негіздеріндегі айырмашылығы: тиминнің орнына урацил орналасады. РНҚ – ның тағы бір ерекшелігі : олардың құрамында көмірсутек / қант/ рибоза болады. Рибонуклеин қышқыл ядрода, көбінесе протоплазмада кездеседі.Т ірі клеткаларда РНҚ –ның бірнеше түрлері бар хабарлаушы ақпараттық – РНК, тасымалдаушы /транспорттық/,т – РНҚ/ және рибосомалық р – РНҚ. Бұлар бір –бірінен құрамы, молекулалық массасы және атқаратын қызметі жағынан әр түрлі. Бұл РНҚ – ның әрқайсысы нәруыз биосинтезінде ерекше роль атқарады. РНҚ –ның молекуласының біріншілік құрылымы дегеніміз ондағы нуклеотид қалдықтарының белгілі ретпен кезектесіп орналасуын айтады.
РНК –ның екіншілік құрылымы – оның полинуклеотидтік тізбегінің орамдалған түрі.
РНК- ның үшіншілік құрылымы сыртқы орта жағдайына /тұздар концентрациясы, температура / байланысты бір тізбектің кеңістікте ретсіз немесе домалақ болып, не тығыз таяқша тәрізді түрінде орналасуын айтады.
Үш азотты негіз – аденин, гуанин, цитозин нуклеин қышқылдарының бәріне ортақ болып келеді. ДНҚ –ның құрамына тимин, ал РНҚ –ның құрамына урацил кіреді.
ДНҚ – ның құрамында дезоксирибоза, ал РНҚ –да рибоза болады. Нуклеин қышқылдары құрамындағы пентозаның атына сәйкес дезоксирибонуклеин /ДНҚ/ және рибонуклеин /РНҚ/ болып аталады.
ДНҚ тек клетканың ядросынан, ал РНҚ –ны цитоплазмадан да, ядродан да кездестіре аламыз.
ДНК клеткада генетикалық информацияны сақтаушы қызметін атқарады. РНК белок биосинтезіне қатысады.
ДНК молекуласы қос оралым болса, РНК бір тізбектен тұрады
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру