Жердегі тіршіліктің дамуының негізгі кезеңдері. Биология, 9 сынып, қосымша материал.
Қалыптастырушы бағалау
10.3D – Эволюциялық даму және селекция негіздері | Оқу мақсаты | Бағалау критерийлері |
Жердегі тіршіліктің дамуының негізгі кезеңдерін зерттеу | Егер төмендегі жетістік критерийлерін орындаса, оқушы оқу мақсатына жетеді жердегі тіршіліктің даму кезеңдерін біледі; оларды түсіндіріп бере алады; жердегі тіршіліктің даму кезеңдерін сипаттай алады. |
№ 1 тапсырма. Сәйкестендіріңіз:
1 Мезозой заманы | А) Ең ұзаққа созылған бұл заманда алғашқы тау түзілу әрекеті жүре бастады. Олар негізінен,су түбіне бекініп тіршілік етті.Жер бетіндегі температура әлі де болса жоғары болғандықтан,тіршілік тек суда ғана жүріп жатты | ||||
2 Кайнозой заманы | Ә) Бұл жаңа тіршілік заманында осы қазіргі кездегі флора мен фаунаның қалыптасу әрекеті жүрді. Ол екі кезеңге –үштік және төрттік кезеңге бөлінеді. Үштік кезеңнің алғашқы жартысындағы жылы климат тропиктік және субтропиктік флораның кең өріс алуына мүмкіндік берді. Мәңгі жасыл ормандар жойылып, қыста жапырағын түсіретін, ағаштармен алмасты. Бірте-бірте шөптекті өсімдіктер, әсіресе астық тұқымдас өсімдіктер таралған ашық далалы жерлер пайда болды. | ||||
2 Протерозой заманы | Б) Бұл-ертедегі тіршілік заманы. Құрлықта тек бактериялар мен көк жасыл балдырлар тіршілік етті. Құрлықта тіршілікке бейімделу құрлық өсімдіктері псилофиттер еді. Буынаяқтылардың ең ертедегі өкілі-триолбиттер кең тарала бастады | ||||
3 Архей заманы | В) Жануарлар тарихында осы заманды жорғалаушылар заманы деп атайды, өйткені азда болса сумен байланысы көптеген құрлықтық ағзалар тіршілігін жойып,олардың орнына нағыз құрлыққа бейімделген өсімдіктер мен жануарлар келді. | ||||
4 Палеозой заманы | Г) Жер қыртысының тарихындағы көне заман. Осы заманның тау жыныстары қабаттарынан өте қарапайым құрылысты тірі ақзалардың-бактериялардың және көк-жасыл балдырлардың (прокариоттар) қалдықтары табылған. Олардың теңіздерде ғана тіршілік етіп қоймай, құрлыққа шыққандығы көрінеді. Өйткені, құрлықтағы бейорганикалық заттар органикалық заттарға айналып,соның нәтижесінде топырақ түзілген | ||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру