Қоректік тізбек. Биология, 7 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

7.1А: Биосфера және экожүйелер

Мектеп: Павлодар қаласындағы химия – биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 7

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Қоректік тізбек

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

  • Қоректік тізбек сызбасын пайдаланып продуценттер, консументтер мен редуценттерді анықтау

 Сабақ мақсаттары

- Қоректік тізбек сызбасын пайдалана отырып продуценттер, консументтер мен редуценттерді анықтай алады

 Бағалау критерийлері

Барлық оқушылар консумент, редуцент, продуцент терминінің анықттамасын түсіндіре алады.

Көпшілік оқушылар консумент, редуцент, продуцентті ағзаларға мысал келтіре алады.

Кейбір оқушылар берілген ағзаларды пайдалана отырып қоректік тізбек құрай алады.

 Тілдік мақсаттар

 

Тілдік мақсаттарды, лексика мен тіркес мысалдарын қоса анықтаңыз

- Мекен ортадағы жануарлар мен өсімдіктер арасындағы қоректік қатынастарды зерттеу (оқылым дағдылары);

- Ақпаратты қолдана отырып, қоректік тізбекті салу (оқылым және жазылым дағдылары)

Пәнге тән лексика мен терминология:

Продуценттер, консументтер, редуценттер, қоректік тізбек, жануарлар, өсімдіктер, бактериялар, саңырауқұлақтар

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Қоректік тізбек …

Продуценттер консументтерге қорек болады.

Қоректік тізбектегі энергия кайдан келеді?

 Құндылықтарды дарыту

 

 

Ынтымақтастық:

Мұғалім сыныпта жағымды психологиялық атмосфера орнатады;

Оқушылар мұғаліммен бірге сабақтың тақырыбын, мақсатын анықтайды;

Оқушылар сабақ барысында өзара әрекеттеседі;

Академиялық әділдік:

Оқушылар мұғаліммен бір бағалау критерийлерін қалыптастырады;

Ашықтық:

Оқушылар бір – бірін бағалағанда, жұмыс барысында өз ойларын еркін білдереді;

Мұғалім оқушылардың сұрақтарына жауап береді;

Өмір бойы оқу:

Алған білімі өмірде керек болатынына түсінеді;

Сабақта оқушылармен кері байланыс орнатылады;

Сыйластық:

Оқушылар және мұғалімі бір – бірінің сөзін бөлмейді, құрметтейді;

Пәнаралық байланыстар

Экожүйе бөлімі, қоршаған орта география пәнімен тығыз байланысты

 АКТ қолдану дағдылары

Осы сабақта оқушылар ғаламтор желісімен, компьютермен, интербелсенді тақтамен жұмыс жасайды

Бастапқы білім

Табиғаттың тірі және өлі құрамдас бөліктері туралы түсінік және олардың мысалдары – 5 сынып

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0 – 3 мин

  • Ұжымдық орта құру “Clock buddies”

Оқушыларға сағаттың суреті таратылады. Сағаттағы әр уақыттың жанына оқушының сыныптағы басқа оқушылардың атын жазады. Мұғалім ИТ сағат суретін және іс әрекеттер жазылады. Оқушылар сағат тілінде жазылған іс әрекеттерді орындайды.

ИТ

Сағат суреті

4-5 мин

Миға шабуыл:

Біздің әлем - кездейсоқ емес, әрбір заттың ЖҮЙЕСІ бар.

Тірі табиғаттың қандай жүйесі жайлы айтылған? Оқушылар бір – бірімен талқылып, жауаптарын ұсынады.

О: Қоректік тізбек

Жаңа тақырыпқа шығу: Қоректік тізбек

Оқушылармен бірге сабақтың мақсатын анықтау

Пәндік лексика және терминология

Интербелсенді тақта, слайд 1

Интербелсенді тақта, слайд 2

Интербелсенді тақта, слайд 3

Сабақтың ортасы

6 – 15

16 – 18 мин

19-30 мин

Мағынаны ашу:

(М) Мұғалімнің шағын түсіндіруі.

Қоректік тізбек - ағзалардың бір – бірімен қоректені барысындағы қатынастары

Трофикалық (қоректік) деңгей:

  • Бірінші қоректік деңгей - продуценттер
  • Екінші қоректік деңгей - өсімдік қоректі жануарлар немесе фитофагтар (бірінші реттік консументтер).
  • Үшінші қоректік деңгей - өсімдік қоректі жануарлармен қоректенетін жыртқыштар (екінші реттік консументтер).
  • Төртінші қоректік деңгей - екінші реттік жыртқыштар (үшінші реттік тұтынушылар).
  • Ыдыратушы организмдер екінші деңгейден бастап барлық деңгейде кездеседі.

«Атом және молекула» ойыны арқылы оқушыларды 3 топқа бөлу. Мұғалімнің нұсқаулығы бойынша оқушылар іс әрекеттерді қайталайды. (Мысалы, атомдар шынтақтары арқылы екі-екіден бірікті, аяқтары қолдары арқылы үш-үштен бірікті).

Әр топқа әр түрлі трофикалық деңгейге жататын ағзалардың суретін таратып беру. Осы суреттерді қолдана отырып қоректік тізбек жасауын сұрау.

Тапсырманы бағалау үшін оқушылармен бірге бағалау критерийлерін анықтау.

Бағалау критерийі:

  • Берілген ағзалардың аттары анықталады;
  • Ағзалардың қоректену типі анықталады;
  • Ағзаларды қоректік тізбектегі пирамида бойынша орналастырады.
  • Регламентті сақтау.

Әр топ өз жұмыстарын ортаға салып, талқылайды. Қалған топтар бағалау критерийлері бойынша бағалайды.

Өзара бағалау: «Сэндвич».

Оқушыларға стикер таратылып, топтардың жұмысын бағалау үшін 1 жағымды жағын, 1 нашар жағын, 1 ұсыныс білдіру қажет.

Интербелсенді тақта

31-42 мин

Қалыптастырушы бағалау. Оқушыларға білімдерін бекіту үшін саралау тапсырмаларын орындау ұсынылады.

Саралау тапсырмалары

Сабақтың соңы

43-45

Рефлексия: «Жетістік ағашы»

Оқушылар бүгінігі тақырыпты қаншалықты меңгергенін қызыл, сары және жасыл түсті жапырақтар арқылы көрсетеді.

Қызыл – түсінбедім

Сары – орташа

Жасыл – тақырыпты толық меңгердім

Үй жұмысы: Бір қоректік тізбек құру, терминдермен жұмыс. https://twig-bilim.kz/film/carnivorous-plants-5495/ бейнероликті көру

Бағдаршам карточкалары

https://twig-bilim.kz/film/carnivorous-plants-5495/

Саралау оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сабақ барысында оқушылардың топпен, жұппен жұмыс жасауын қамтамасыз ету. Бір – біріне көмек көрсетуін бақылау. Қабілеті жоғары оқушылар топ басшысы ретінде тағайындау

Сабақ барысында оқушыларға берліген тапсырманы бағалау үшін оқушылар бағалау критерийлерін ұсынады. Сол критерийлер ойынша тапсырма оырндалып, бағаланады.

Оқушылардың таұырыпты меңгеру деігейін тексеру үшін «Жетістік ағашы» рефлексиясы арқылы тексеруг болады

- Сабақты бастамас ұжымдық ортаны құру;

- Сабақ барысында оқушылар «Атом молекула» ойыны арқылы сергіту сәттерін өткізу,

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 85 жастағы қызылордалық ақсақал 2 млн түп ағаш еккен
» 👦🏻👧🏻Елімізде қанша бала бар?
» "Телефон тұтқасын дереу қойыңыз": ІІМ Қазақстанда жиі кездесетін алаяқтық түрлерін атады
Пікір жазу