Қисықсызықты трапеция және оның ауданы. Анықталған интеграл. Алгебра, 11 сынып, сабақ жоспары.


«Келісілді»

ӘБ жетекшісі

Математика пәні бойынша ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ САБАҚ ЖОСПАРЫ

Бөлім: 10-11-сыныптардағы алгебра және анализ бастамалары курсын қайталау

Мектеп:

Мұғалім:

Мерзімі

Сынып 11

Сабақтың тақырыбы

Қисықсызықты трапеция және оның ауданы. Анықталған интеграл.

Оқу мақсаттары

11.4.1.6 - қисықсызықты трапецияның анықтамасын білу және оның ауданын табу үшін Ньютон – Лейбниц формуласын қолдану;

 Бағалау критерийлері

  • Ньютон-Лейбниц формуласын қолданады
  • қисық сызықты трапецияның ауданын таба алады
  • анықталған интегралды есептей алады

 Сабақтың мақсаты

Қисық сызықты трапецияның ауданын табу үшін Ньютон-Лейбниц формуласын қолдану

 Тілдік мақсаттар

 

Оқушылар:

  • алғашқы функцияның қасиеттерінің қорытындысын түсіндіреді;
  • интегралдау әдістерінің қолдану амалдарын түсіндіреді;
  • қисықсызықты трапецияның ауданын табуға арналған есептің шешу жолын түсіндіреді;

- интегралдың жуықталған мәнін бағалауын түсіндіреді.

Бөлім бойынша лексика мен терминология

  • алғашқы функция;
  • анықталмаған интеграл;
  • тікелей интегралдау;
  • алмастыру әдісі;
  • бөліктеп интегралдау;

- анықталған интеграл;

  • анықталған интегралдың төменгі және жоғарғы шектері;
  • рационал функцияларды қарапайым бөлшектерге жіктеу
  • Ньютон-Лейбниц формуласы;
  • қисық сызықты трапеция;

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер

- анықталмаған интегралды табу үшін алғашқы функцияның қасиетін қолданамыз …

- берілген анықталмаған интегралды … әдісімен табуға болады.

- Қисық сызықты трапецияның ауданын табу үшін …

 Пәнаралық байланыс

Физика. Тригонометрия. Экономика.

 АКТ қолдану дағдылары

Жаңа білімді меңгеру мақсатында «Геогебра» бағдарламасында жұмыс жасау дағдысын дамыту

 Алдыңғы білім

Анықталмаған, анықталған интегралдар

Сабақтың барысы

Жоспарланған сабақ кезеңі

Сабақтағы жоспарланған іс-шаралар

Ресурстар

Сабақтың басы

4-минут

Сабақтың басын ұйымдастыру. Оқушыларды түгелдеу. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушылар назарын аудару.

Үй тапсырмасын талдау.

Ауызша сұрақтар:

  • Алғашқы функцияның анықтамасы.
  • Анықталмаған интегралдың анықтамасы.
  • Қисық сызықты трапецияның анықтамасы.
  • Анықталған интегралдың анықтамасы.
  • Ньютон-Лейбниц формуласы.

Осы сұрақтарға жауап беру арқылы сабақтың тақырыбын, бағалау критерийлерін анықтау.

Түсінуге және қолдануға арналған сұрақтар.

Сабақтың негізгі бөлімі

8-минут

Тәжірибелік жұмыс

20 минут

(5*3 минут + 5 минут бағалау)

+ 5 минут бірігіп талқылау

І. Жеке жұмыс 3-мин

Оқушылар жеке өздерінің дәптерлеріне жауап жазады. Жауаптары арқылы өзін-өзі бағалайды және сыныпта ауызша талқылайды

Штрихталған фигуралардың қайсысы қисық сызықты трапеция болады?

Үзіліссіз y=f (x) функциясының графигімен, абцисса осімен және х = а, х = b түзулерімен шектелген жазық фигура қисық сызықты трапеция деп аталады.

Тәжірибелік сабаққа дайындық. 5-минут

Оқушылар презентацияға қарап, негізгі қорытындыларды жасайды

6-7 слайдтағы фигуралардың ауданын табу жолын оқушылар сыныппен ауызша талқылайды.

Оқытушы жағдайды бақылап, уақытысында кері байланыс береді.

ІІ. Жұптық жұмыс 20-минут

Оқытушы оқушыларды жұптарға бөледі.

Орындау уақыты - 15 минут

Жұптық жұмыстың ережесі:

  • Тапсырманы уақытысында орындау
  • Толық шешімін көрсету
  • Жұптық жұмыстың нәтижесін өзара бағалау және талқылау.

Тапсырманы орындап болған соң дайын жауаптармен сыныппен талқылайды. Әрбір жұп жұптық жұмыстың нәтижесін өзара бағалап, тексереді. Жұптық жұмыс орындалу барысында кері байланыс беріледі.

Презентация 1

Презентация 2

Түсінуге арналған сұрақтар.

Оқушының жеке жұмыс парағы

Конец урока

Үй тапсырмасы

1-минут

Үй тапсырмасы:

1 тапсырма.

Дайын сызбаларды пайдаланып, штрихталған бөліктің ауданын табыңыз.

2 тапсырма.

Фигураның ауданын табыңыз:

y = 2 cosх, y=0,

Түсінуге және қолдануға арналған сұрақтар.

Оқушының жеке жұмыс парағы

Рефлексия

2 минуты

Оқушылар үшін рефлексия сұрақтары:

Не білдім?

Неге үйрендім?

Не түсініксіз болды?

Нені жақсартуым керек?

Бағалау критерийлері

Білемін

Қолдана алдым

Жақсарту керек

Оқушылар бағалау критерийлері бойынша өздерінің және сыныптастарының жұмыстарын бағалайды.

Түсінуге және қолдануға арналған сұрақтар.

Саралау

Бағалау

ҚТ және денсаулық

Дифференциацияның күрделендіру қағидасы бойынша деңгейлік тапсырмалар орындайды. Сабақ барысында өздеріне сенімсіз оқушылар анағұрлым өздеріне сенімді оқушылармен топта жұмыс істеу барысында, есепті шешу және талқылау жолдарын бақылап, үйренеді.

Оқушылардың тақырыпты меңгергенін және мақсатты жеткілікті немесе жеткіліксіз түсінгенін қадағалау үшін, сабақ барысында әрбір оқушының қасына жеке-жеке барып қажет еткен жағдайда көмек көрсетіледі.

Жеке жұмыста өзін-өзі бағалау. Топтардың басқа топтарды бағалауы

Белсенді қызмет түрлері

ҚТ бойынша нұсқаулық. Сынып бөлмесі сабақтан бұрын желдетілген. Сыныптағы орындық парталар түзу тур. Сыныптың іші жарық және сол жақтан түсуде. Сынып бөлмесі алғашқы дәрігерлік көмек қобдишасымен жабдықталған.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу