Рационалды көрсеткіші бар дәрежені құрайтын өрнектерді түрлендіру. Иррационалдық өрнектерді түрлендіру. Алгебра, 11 сынып, сабақ жоспары.


Алгебрадан қысқа мерзімді жоспар

Бөлім: Иррационалды функция

Мектеп:

Мұғалім:

Күні:

11 Сынып

Сабақтың тақырыбы

Рационалды көрсеткіші бар дәрежені құрайтын өрнектерді түрлендіру. Иррационалдық өрнектерді түрлендіру.

Оқу мақсаттары

11.2.1.4 - алгебралық өрнектерді түрлендіру үшін рационалды көрсеткіші бар дәреже қасиеттерін қолдану;

11.2.1.5 - иррационалдық өрнектерді түрлендіру үшін п -ші дәрежелі түбірдің қасиеттерін қолдану;

Сабақтың мақсаты

Рационалды көрсеткіші бар дәреженің қасиеттерін пайдалана отырып, алгебралық өрнектерді түрлендіруге және иррационалдық өрнектерді түрлендіруге тапсырмаларды шешу дағдыларын қайталау және жүйелеу.

Сабақтың түрі

Қайталау сабағы

 Бағалау критерийлері

1. Түбір белгісі бар өрнектерді түрлендіре алады;

2. Түбірдің қасиеттерін пайдалана отырып, иррационалдық өрнектерді түрлендіруді орындайды;

3. Көбейткішті түбір белісінің астына енгізуді орындайды;

4. Көбейткішті түбірдің белгісінен шығаруды орындайды;

5. Құрамында түбір белгісі бар бөлшек өрнекті түрлендіреді;

6. Түбірден дәрежеге ауысуды орындайды;

7. Бөлшектің бөліміндегі иррационалдылықтан арылады.

 Тілдік мақсаттар

 

Оқушылар:

- - иррационалды өрнектердің жіктелуін мыысалмен түсіндіреді;

- - иррационал өрнектерді түрлендіруде таңдағын әдісін негіздеу;

- - иррационал өрнектерді шешу жолына түсініктеме беру;

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

- радикал;

- иррационалдық өрнек;

- алгебралық өрнек;

- бөлшектің бөліміндегі иррационалдық;

- көбейткіштерге жіктеу;

- бөлшекті қысқарту.

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:

- алгебралық өрнек иррационалды деп аталады, егер …;

- радикалдарды жаңа айнымалылармен белгілеу және рационалды өрнектерді түрлендіруге есепті жинақтау.

 Пәнаралық байланыс

-

 АКТ қолдану дағдылары

Ақпараттық сипаттағы презентация пайдаланылады

Құндылықтарды дарыту

 

Басқалармен қарым-қатынас орнату қабілетін дамыту; топта және жұптарда жұмыс істеудің ынтымақтасу қабілеті. Жұппен, топтармен, ұжыммен жұмыс істеу кезінде коллаборативті мәдениеттің дамуына ықпал ету.

 Бастапқы білім

Арифметикалық түбір. Қысқаша көбейту формулаларын қолдану. Бөлшекті қысқарту. Бөлшектің бөлімін иррационалдықтан босату. Қос радикалдарды түрлендіру. Құрамында радикалдар бар сандық өрнектерді түрлендіру. Рационалды көрсеткіштері бар дәрежелер бар өрнектерді түрлендіру. Көпмүшелерді көбейткіштерге жіктеу. Модульдері бар алгебралық өрнектерді түрлендіру. Бөлшек өрнектерді түрлендіру.

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Ұйымдастыру кезеңі

2 - 3 минут

Мақсаты: Сабақтың басталуын ұйымдастыру.

Сәлемдесу. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Танысу: А4 парақтарында оқушы есімдерін жазады, үш "смайликтен" бейнелейді, олар сабаққа деген эмоциялық көңіл-күйін сипаттайды.

Білімді пысықтау

Мақсат қою

2 - 3 минут

Мақсаты: "жақын арада даму аймағы" оқушылармен бірігіп бүгінгі сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтау және бағалау критерийін құру.

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтау үшін сұрақтар қойылады.

1. Қандай өрнек көріп тұрсыз?

2.Өткен тақырыптар бойынша не білесіз?

3.Тағы нені білу керек деп ойлайсыз?

Оқушылармен бірігіп бағалау критерийлері құрылады.

Презентация

Топтық

(немесе жұптық) жұмыс

Практикалық жұмыс

20 минут

Мақсаты: Иррационал өрнектерді түрлендіру әдістерін практикалық жұмыста қолдану

Сынып оқушыларын құрамында 4-6 оқушыдан болатын топтарға немесе жұптарға бөлуге болады. Әр топқа күрделі емес иррационал өрнектерді түрлендіруге арналған тапсырманың төрт түрі ұсынылады.

Орындау уақыты – 10-12 минут

Топтық жұмыс үшін нұсқаулық:

1. Тайм менеджментті сақтау

2. Топтарға немесе жұптарға бөлінеді (сондай-ақ жеке қарастыруы мүмкін)

3. Тапсырмаларды өзара бөлуге болады

4. Нәтижелерді талқылау

5. Мұғаліммен бірлесе отырып топтық жұмысты бағалау.

Тапсырма 1

Өрнекті ықшамдаңыз:

Тапсырма 2.

Сандарды салыстыр: және

Өрнекті ықшамда:

Тапсырма 3.Амалды орындаңыз:

Тапсырма 4.

Амалды орындаңыз:

Өрнекті көбейткіштерге жіктеңіз:

Бөлшекті қысқартыңыз:

Тапсырманы орындау уақты біткен соң оқушыларға есептердің дұрыс жауаптары көрсетіледі. Оқушылар есептің дұрыс жауаптарына қарап шығарған есептерін тексеріп, өзін-өзі бағалайды. Мұғалім орындалған жұмыстар бойынша кері байланыс жасайды.

Презентация

Қосымша 1

Жеке практикалық жұмыс

12 - 15

минут

Мақсаты: күрделі емес түрдегі иррационалды өрнектерді түрлендіру дағдыларын тексеру.

Оқушыларға өзіндік жұмыс беріледі.

Орындалу уақыты - 10 минут

Орындағаннан кейін оқушылар жұппен нәтижелерді бағалау үшін шешімдермен алмасады. Бағалау шешімнің дайын үлгілері бойынша жүргізіледі. Дескрипторларға назар аудару керек. Мұғалім сабақтан соң орындалған жұмыстарды қайта тексереді. (уақыт жеткіліксіз болған жағдайда оқушылар өзара бағалау жүргізбейді. Дескрипторлар бойынша тексеруді мұғалім жүзеге асырады, содан кейін келесі сабақтарда нәтижелері бойынша кері байланыс ұсынады.)

Дифференциация. Тапсырмаларды ерте бітіріп қойған оқушыларға қосымша тапсырмалар беріледі. Мұғалім жеке кері байланыс береді.

Презентация

Қосымша 2

Қосымша 3

Сабақтың соңы

Сабақты қорытындылау

Үй тапсырмасын беру

(рефлексия)

3-минут

Рефлексия:

Бағалау критерийі

"иә" немесе "жоқ"

Түбір белгісі бар өрнектерді түрлендіре алады;

Түбірдің қасиеттерін пайдалана отырып, иррационалдық өрнектерді түрлендіруді орындайды;

Көбейткішті түбір белісінің астына енгізуді орындайды;

Көбейткішті түбірдің белгісінен шығаруды орындайды;

Құрамында түбір белгісі бар бөлшек өрнекті түрлендіреді;

Түбірден дәрежеге ауысуды орындайды;

Бөлшектің бөліміндегі иррационалдылықтан арылады.

Үй тапсырмасы:

Өрнекті ықшамдаңыз:

Өрнекті ықшамдаңыз:

Қосымша 4

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақтың рефлексиясын өткізе отырып, осы сұраққа жауап беруге тырысыңыз.

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттарыдұрыс қойылған ба?

Оқушылардың барлығы ОМ қолжеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
Пікір жазу