Дискретті және интервалдық вариациялық қатарлар. Алгебра, 11 сынып, сабақ жоспары. 3 сабақ.


Келісілді:________________

Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Пән: математика

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі. Математикалық статистика элементтері

Білімді бекіту сабағы №3

Мектеп: Өскемен қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалім аты-жөні: Сакигожина А.Н.

Сынып:10

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Тақырыбы:

Дискретті және интервалдық вариациялық қатарлар

Оқу бағдарламасына сілтеме

11.2.2.2 дискретті және интервалдық вариациялық қатарлар құру үшін таңдалым мәліметтерін өңдеу

Сабақтың

оқу мақсаттары

  • Дискретті және интервалдық вариациялық қатарлар құруда таңдалым мәліметтерін өңдеу үшін оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыру.
  • Оқушылардың ойлау дағдыларының, шығармашылық қабілеттерінің, пәнге қызығушылықтарын арттыруға ықпал ету.
  • Оқушылардың ғылыми дүниетанымдарының қалыптасуына, зерттеушілік дағдыларының дамуына ықпал ету.

Бағалау

критерийлері

Критерийлер

Білу және түсіну

Қолдану

Сыни тұрғыдан ойлау

Дескрипторлар

Үлестірім көпбұрышын, гистограммасын, кумулятасын біледі.

Үлестірім көпбұрышын, гистограммасын, кумулятасын салады.

Үлестірім көпбұрышы, гистограммасы, кумулятасы бойынша мәліметтерді алады.

Тілдік мақсаттар

Тілдік мақсаттарды, лексика мен тіркес мысалдарын қоса анықтаңыз

Оқушылар: статистикалық зерттеулердің нәтижелерін сипаттайды.

Пәндік лексика және терминология:

дискретті вариациялық қатар;

интервалдық вариациялық қатар;

үлестірімнің абсолютті және қатыстық тығыздықтары;

үлестірім көпбұрышы және гистограммасы;

математикалық күтілім;

дисперсия, кездейсоқ шаманың стандартты ауытқуы

Диалогқа/жазуға қажетті сөз тіркестері :

... мәліметтер үлестірімінің пішіні мен ауқымын визуалды түрде бағалауға мүмкіндік береді;

... үйлесімді/үйлесімсіз оқиғалардың ықтималдықтарының қосындысы …;

... екі тәуелді/тәуелсіз оқиғалардың көбейтіндісінің ықтималдығы …;

Құндылықтарды дарыту

Сабақ өту барысында әдепті сөйлеуге, уақытты үнемдеуге баулу. Сыныпта ынтымақтастық атмосфераны қалыптастыру.

Коммуникативтік дағдыларын қалыптастыру: Оқушылар өз сыныптастарымен диалогқа, сыныппен талқылауға қатысуы керек.

Талап қоя білуі, қолдау көрсетіп отыру: Оқушылар есептер шығару үшін шығармашыл, талап қою білуі, жұппен жұмыста қолдау көрсете алуы керек.

Идеяларымен бөлісу және талқылауға қатысу: Жұппен жұмыста оқушылар әріптесіне қарап, идеяларымен бөлісіп және талқылауға қатысып, жауапты болуға үйренеді.

-Ашықтық- Құрмет-Академиялық адалдық

Пәнаралық байланыстар:

Статистика мен ықтималдықтар теориясы бірқатар ғылыми салаларда қолданылады: биология, әлеуметтану, машина жасау және т.б..

АКТ қолдану дағдылары

Презентация «Дискретті және интервалдық вариациялық қатарлар»

https://www.youtube.com/watch?v=-Kwz-7bmjUk

https://www.youtube.com/watch?v=lVldTXBL0OE

Бастапқы білім

10.4B бөлім: Ықтималдық. Қарапайым кездейсоқ сынақтарды түсіну және ықтималдықтарды есептеу.

Сабақ барысы

Сабақтың кезеңдері

Сабақта орындалатын іс-әрекеттер

Сабақ ресурстары

Сабақтың басы/5 минут

3 минут

2 минут

Стартер: «Тізбек ойыны»

Мақсаты: вариациялық қатарлар тақырыбын қайталау.

Оқушыларды сабақ тақырыбымен, оқу бағдарламасындағы оқу мақсаттарымен таныстыру, бірлесіп сабақ мақсаттарын қою.

Доп

Презентация Слайд№1-2

Сабақтың ортасы/30 минут

5 минут

Үй жұмысын тексеру

Тапсырманың жауабын бір оқушы оқиды, ал қалғаны өз жауаптарын салыстырып, тексереді, қатемен жұмыс жасайды.

Оқушы дәптерлері

15 минут

Топпен жұмыс

Мақсаты: Дискретті және интервалдық вариациялық қатарлар құру үшін таңдалым мәліметтерін өңдеу.

Теориялық материалды меңгеру

Мұғалім:

Статистиканың ең негізгі мақсаты – алынған мәліметтерді өңдеу.

Ол үшін келесі қадамдар орындалады:

(1) Өлшемдер мәліметтерін реттейді және топтастырады.

(2) Мәліметтер үлестірімінің кестесін құрады.

(3) Кестені пайдаланып, мәліметтер үлестірімінің графигін тұрғызады.

(4) Алынған ақпараттың негізгі сандық сипаттамасы келтірілген мәтін құрылады.

Вариациялық қатарларды, яғни белгі мәндерінің және сәйкес жиіліктері немесе қатыстық жиіліктері арасындағы қатынастарды көрсету үшін неғұрлым жиі қолданылатын графиктер ретінде полигон (көпбұрыш), гистограмма және кумулятаны айтамыз.

Тапсырма №1.

  • Ұсынылған мәтінді оқып, танысыңыз.
  • Топ ішінде мәтінді талдаңыз.
  • Мәтін негізінде постер жасаңыз.
  • Өзара таныстырыңыз және бағалаңыз.

1-топ. Полигон

2-топ. Гистограмма

3-топ. Кумулята

Қорытынды жасау және өзара бағалау.

«Екі жұлдыз, бір тілек»

https://www.youtube.com/watch?v=-Kwz-7bmjUk

https://www.youtube.com/watch?v=lVldTXBL0OE

Жұмыс парақшасы

Презентация

Слайд №3-6

10 минут

Топпен жұмыс

Мақсаты: Дискретті және интервалдық вариациялық қатарлар құру үшін таңдалым мәліметтерін өңдеу.

Тапсырма №2.

Нұсқаулық. Топтар тақырыптары ауыстырылады.

- тапсырмамен танысыңыз.

- тапсырманы шешу алгоритмін құрыңыз.

- тапсырманы орындаңыз және жауабын жазыңыз.

- өзара жұмыстарды алмастырып, тексеріңіз және бағалаңыз.

1-топ. Полигон

Берілген таңдалым бойынша интервалдық вариациялық қатар құрыңыз және үлестірім гистограммасын салыңыз.

21 30 39 31 42 34 36 30 28 30

33 24 31 40 31 33 31 27 31 45

31 34 27 30 48 30 28 30 33 46

43 30 33 28 31 27 31 36 51 34

31 36 34 37 28 30 39 31 42 37

2-топ. Гистограмма

38 адамның дене массасы туралы деректер келесі вариациялық қатарда көрсетілген:

Масса (кг)

m<46,5

46,5≤m<54,5

54,5≤m<62,5

62,5≤m<66,5

66,5≤m<74,5

74,5≤m<82,5

82,5≤m<90,5

Жиілік

0

4

7

8

7

8

4

Кумулятаны пайдаланып, массасы 60 кг-нан кем адамдар үлесін бағалаңыз.

3-топ. Кумулята

Берілген таңдалым бойынша дискретті вариациялық қатар құрыңыз және үлестірім көпбұрышын салыңыз.

39 41 40 42 41 40 42 44 40 43 42 41 43 39 42

41 42 39 41 37 43 41 38 43 42 41 40 41 38 44

40 39 41 40 42 40 41 42 40 43 38 39 41 41 42

Стратегия: «Тексер және бағала»

Критерийлер мен бағалау дескрипторлары:

– мәліметтерді реттейді және топтастырады;

– дискретті вариациялық қатар құрады;

– үлестірім көпбұрышын салады;

– интервалдық вариациялық қатар құрады;

– үлестірім гистограммасын салады.

– үлестірім кумулятасын салады.

Жұмыс парақшасы

Сабақтың соңы/5 минут

2 минут

1 минут

2 минут

Сабаққа қорытынды жасау

Үйге тапсырма. Теорияны қайталау, №№1-2 беттер,

Өздік жұмыс

№1. Көлемі 20 болатын таңдалым жиілігінің үлестірімі берілген

хі

2

6

12

ni

3

10

7

Салыстырмалы жиіліктер үлестірімін жазыңыз.

№2. Электр желісіндегі токтың кернеуін бір сағаттан сайын өлшеп отырған. Нәтижесінде келесі мәліметтер алынды:

227 219 215 230 232 223 220 222 218 219 222 221 227 226 226

209 211 215 218 220 216 220 220 221 225 224 212 217 219 220

Статистикалық үлестірімін құрыңыз және көпбұрышын салыңыз.

№3. 50 адамның қанындағы қанттың мөлшерін бақылау барысында мынадай мәліметтер тіркелді:

3.94 3.84 3.86 4.06 3.67 3.97 3.76 3.61 3.96 4.04

3.82 3.94 3.98 3.57 3.87 4.07 3.99 3.69 3.76 3.71

3.81 3.71 4.16 3.76 4.00 3.46 4.08 3.88 4.01 3.93

3.92 3.89 4.02 4.17 3.72 4.09 3.78 4.02 3.73 3.52

3.91 3.62 4.18 4.26 4.03 4.14 3.72 4.33 3.82 4.03

Берілген таңдалым бойынша интервалдық вариациялық қатар құрыңыз және үлестірім гистограммасын салыңыз.

Ескерту. Интервал 3.45-3.55; 3.55-3.65 және т.б. алған жөн.

Рефлексия

– нені білдім, нені үйрендім

– нені толық түсінбедім

– немен жұмысты жалғастыру қажет

– сабақта ........................... қиын болды

– ...................................... менің қолымнан келді

– келесі сабақта маған ................................ назар аудару керек.

Жұмыс парақшасы

Қосымша ақпарат

Саралау/Дифференциация

Оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық пен қауіпсіздік техникасының сақталуы

Барлық оқушылар:

Дискретті және интервалдық вариациялық қатарлар ұғымын түсінеді.

Дискретті және интервалдық вариациялық қатарларды құрады.

Көптеген оқушылар:

Интервалдық вариациялық қатар үшін үлестірімнің абсолютті және қатыстық тығыздығын есептейді.

Кейбір оқушылар:

Күрделі есептерді шешеді.

Өзара тексеру және бағалау

Өзін-өзі тексеру

Мұғалім бақылауы

Үй тапсырмасын орындау кезінде сыныпта орындалған жұмыстар мазмұны мен әдістерге сүйенеді.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/ оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба?

Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік /қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу