Дисперсия, стандартты ауытқу. Алгебра, 10 сынып, қосымша материал.
Қосымша 1
ІІ. Тест Өткен тақырып бойынша білік-дағдысын тексеру.
1. формуласының атауы....
А. Математикалық күтім
Ә. Дисперсия
Б. Орташа квадраттық ауытқу
2. формуласының атауы....
А. Математикалық күтім
Ә. Дисперсия
Б. Орташа квадраттық ауытқу
3. формуласының атауы....
А. Математикалық күтім
Ә. Орта мән
Б. Орташа квадраттық ауытқу
Қосымша 2
ІІІ. Білім бекіту:
Жеке жұмыс:
А деңгейі
Таңдалымның дисперсиясын табыңыз.
№1. 8см, 10см, 6см, 5см, 1см
№2. 5см, 8см, 13см, 9см, 9см
Оқушылар жеке шығарып, сосын бір-бірімен салыстырады, кері байланыс береді, бағалайды. Әр оқушы жеке дескриптор құрастырады.
В деңгейі
Таңдалымның элементтерінің орташа квадраттық ауытқуын табыңыз.
№3. 4кг, 8кг, 5кг, 5кг, 3кг
№4. 35см, 36см, 36см, 37см
Сыныппен бірге дескриптор құрастыру. Не үшін балл берілетіндігін талқылау. Оқушылардан жауаптарын сұрау, өзгеше жауап болған кезде, себебін анықтау, оқушыға қатесін түсінуге мүмкіндік беру.
С деңгейі
№5. Әсел газет таратушы болып жұмысқа тұрды (24 жұмыс күн). Күн сайын жұмысқа кетіретін уақытын жазып отырды. Нәтижелері кестеде беріліп тұр:
Уақыты (минут) | 50-52 | 52-54 | 54-56 | 56-88 | 58-60 |
Жиілігі (күндер саны) | 3 | 4 | a | 5 | 6 |
a) a-ның мәнін табыңыз.
b) Кесте бойынша гистограмманы салыңыз.
Дескриптор:
- a-ның мәнін анықтайды
-ось атауын анықтайды
-ось арақашықтығын анықтайды
-гистограмманы дұрыс салады
Оқушылар дайын дескриптор арқылы өздерін бағалайды. Мұғалім дұрыстығын тексеріп шығады, кері байланыс береді.
Қосымша 3
Жұппен жұмыс:
№6. Зерттеу таңдамасының нәтижесінде технологиялық операцияны орындау (Х,с) уақыт үлестірімі 16 жұмысшыдан алынды. Дисперсия мен стандартты ауытқуды есептеңіз.
хi | 11 | 12 | 14 | 15 | 17 |
Жұмысшылар саны | 1 | 4 | 5 | 3 | 3 |
№7. Жанат алты ай бойы ақша жинап жүрді. Кестеде ай сайын жинайтын акша сомасы көрсетілген. Жанат қай айда ең көп ақша жинады?
№ ай | 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
Жинақтаушы жиілік | 600 | 1435 | 2062 | 4628 | 6000 | 7230 |
Дескриптор:
-жинақталған жиіліктің жиілігін табады
- Жанат қай айда көп ақша салғанын анықтайды
Қосымша тапсырма:
Зерек, қабілеті жоғары оқушыға арналған:
№8. Көлемі 10-ға тең таңдалымның орташа квадраттық ауытқуы 3,4 тең. Әр таңдалымның квадраттарының қосындысы 86,8 тең. Көлемі 10-ға тең таңдалымның орташа арифметикалық мәнін табыңыз.
Мұғалім кері байланыс береді, бағалайды.
Қосымша 4
Үй жұмысы
№1. Қанат алты ай бойы ақша жинап жүрді. Кестеде ай сайын жинайтын акша сомасы көрсетілген. Қанат қай айда ең аз ақша жинады?
№ ай | 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
Жинақтаушы жиілік | 200 | 320 | 410 | 1002 | 2000 | 2630 |
№2. Көлемі 10-ға тең таңдалымның орташа квадраттық ауытқуы 1,6 тең. Әр таңдалымның квадраттарының қосындысы 74,4 тең. Көлемі 10-ға тең таңдалымның орташа арифметикалық мәнін табыңыз.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру