Ықтималдықтарды қосу және көбейту ережелері. Алгебра, 10 сынып, сабақ жоспары. 5 сабақ.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

10.2С Ықтималдық

Күні

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 10

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Ықтималдықтарды қосу және көбейту ережелері

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

10.3.2.3 - ықтималдықтарды қосу ережелерін түсіну және қолдану

* P(A + B) = P(A) + P(B)

* P(A +B) = P(A) + P(B) – P(A ∙ B);

10.3.2.4 - ықтималдықтарды көбейту ережелерін түсіну және қолдану P(A ∙ B) = P(A) ∙ P(B) P(A ∙ B) = P(A) ∙ PA(B)= P(B)PB(A);

Сабақ мақсаттары

 Оқушылар:

  • Үйлесімсіз, үйлесімді және тәуелсіз оқиғаларды біледі;
  • Ықтмалдықтардың көбейту және қосу формулаларын біледі және оларды есеп шығаруда қолдана алады.

Бағалау критерийлері

Оқу мақсатына жетеді:

  • үйлесімсіз, үйлесімді, тәуелсіз оқиғалар ұғымын біледі;
  • ықтималдықтарды қосу және көбейту теоремаларын біледі және қолданады;
  • ықтималдықтарды қосу және көбейту теоремаларын есеп шығаруда қолданады.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

- алмастыру, орналастыру және теруді есептеу;

- ықтималдықтың классикалық анықтамасын және комбинаториканың формулаларын қолданып, оқиғалардың ықтималдықтарын есептеу;

- ықтималдықтарды қосу және көбейту теоремаларын қолданып есептер шығару.

Пәнге тән лексика мен терминология:

  • теру, қайталанбалы және қайталанбайтын орналастыру, алмастыру;
  • n элементтен r элементті таңдау;
  • реті;
  • оқиға;
  • оқиғаның ықтималдығы;
  • үйлесімді оқиға;
  • үйлесімсіз оқиғаы;
  • тәуелсіз оқиғаы;
  • ықтималдықтарды қосу және көбейту.

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Орындықтарда отырған 5 адамды неше тәсілмен орналастыруға болады?

Сіз оларды ... әртүрлі тәсілмен орналастыра аласыз......

Егер менде х орындық болса болса ....

Бізге қажетті сан барлық х алынған .... бойынша қайталанбайтын орналастырулар санына тең .

P қолайлы оқиғадан m элементтен n таңдалым тәсілі

Х оқушыны бір қатарда орналасқан х орындыққа белгілі бір ретпен орналастырса....

Жалғыз қолайлы жағдай ......

Тағы бір орындалатын әрекет...... болып табылады.

Құндылықтарды дарыту

Оқушылар жаңа жағдайға бейімделеді, мәселені қойып шешімін іздейді, жұпта жұмыс жасай алады, бір-бірінің пікірін тыңдап үйренеді. Барынша өз ойын дұрыс қорыта алады. Ақпартты тауып қорытынды жасай алады. Құндылықтарды дарыту осы сабақта жоспарланаған іс-әрекеттер арқылы жүзеге асады.

Пәнаралық байланыстар

Комбинаторика элементтерін және ықтималдықтар теориясын жоғары мектепте келесі бөлімдерді білу үшін қажет: «Модельдер ықтималдығы», «Математикалық статистика элементтері». Комбинаторика информатикада программалауда, биологияда бактериялардың таралуында, экономикада нәтижелерді модельдеуде қолданылады.

Бастапқы білім

Қосу мен көбейту ережелерін , қайталанбайтын орналастыру, алмастыру және теруді біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланғанкезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

1-сабақ Сабақтың басы

0-2

2-6

I. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасып, түгендеу.

Сабақ тақырыбымен таныстыру, оқушылармен бірге сабақ мақсатын анықтау таныстыру

II. Өткен тақырыптарды қайталау, еске түсіру.

«Комбинаторика элементтері» тақырыбын қайталау.

 Оқушылар «Комбинаторика элементтері» тақырыбындағы теру, алмастыру, орналастырулардың анықтамаларын формулаларын біледі.

 Өткен тақырыпты қайталау үшін оқушылармен «Ball Questions» ойыны ойналады.

Презентация 1

1-3 Слайд

Презентация

4 Слайд

Қосымша 1

Сабақтың ортасы

6-12

12-19

19-26

23 -34

34-38

III. Ықтималдықтарды қосу.

  •  Үйлесімсіз оқиға.

Оқушылармен бірге түрлі түсті кубтар туралы мысалды талдаймыз.

Мысал 1. Қорапта 10 ақ түсті, 4 қызыл түсті және 6 көк түсті кубтар бар. Қораптан 1 шар алады.

Қандай оқиғалар болуы мүмкін? (алынған куб ақ түсті (немесе қызыл түсті, немесе көк түсті))

Алынған кубтың бір уақытта қызыл түсті және көк түсті болуы мүмкін бе?

Оқушыларға талқылаудан кейін тәуелсіз оқиғалардың анықтамасын тұжырымдауды сұраңыз. Слайдтан тәуелсіз оқиғалардың анықтамасын көрсетіңіз.

  • Тәуелсіз оқиғалар үшін ықтималдықтарды қосу теоремасы.

Оқушыларды жұппен отырғызыңыз. Оқушылар келесі оқиғалардың ықтималдықтарын табады:

  • А оқиғасы кубтың қызыл болу ықтималдығы;
  • B оқиғасы кубтың көк болу ықтималдығы;
  • C оқиғасы кубтың ақ болмау ықтималдығы.

Осыдан кейін оқушылардан А, В және С оқиғаларының арасында қандай байланыс бар екендігін сұрау?

Оқушыларға тәуелсіз оқиғалар үшін ықтималдықтардың қосу теоремасын көрсетіңіз.

Оқушылармен бірге 2-4 мысалдарын қарастыру.

III. «Тәуелсіз оқиғалардың ықтималдықтарын қосу» тақырыбына есептерін шығару.

Алынған білімдерін бекіту үшін оқушылар есептер шығарады. Оқушыларды жұпта немесе 3-4 оқушыдан топ құрып, қосымша 2 таратпа материалындағы есептерді шығару.

IV. Ықтималдықтарды көбейту.

  • Тәуелсіз оқиға.

Тәуелсіз оқиғалардың анықтамасын беру. Оқушылардан тәуелсіз оқиғаларға мысалдар келтіруін сұраңыз.

  • Тәуелсіз оқиғалардың ықтималдықтарын көбейту теоремасы.

Оқушылармен бірге мысал 5 талдау.

Мысал 5. Екі қорап берілген. Бірінші қорапта 18 шар бар, олардың 3 қызыл, ал екінші қорапта 24 шар бар, олардың 4 қызыл. Әрбір қораптан кездейсоқ бір-бір шардан алынады. Алынған шарлардың қызыл болуының ықтималдығы қандай?

Оқушылар тәуелсіз оқиғалардың ықтималдықтарын көбейту теоремасын өзі қорытып шығаратындай мұғалім сұрақтар қояды.

Талқылаудан кейін теореманың дұрыс тұжырымдамасын презентацияда көрсетеді.

Тәуелсіз оқиғалардың ықтималдықтардың көбейту теоремасына есептер шығару.

Оқушылармен бірге 2 және 3 мысалдарды қарастырады.

V. Тәуелсіз оқиғалардың ықтималдықтардың көбейту теоремасына есептер шығару.

Алынған білімдерін бекіту мақсатында жұптарға немесе 3-4 адамдық шағын топтарға біріктіріп есеп шығарту. Қосмыша 3 тапсырмаларын шығаруды ұсыныңыз.

Қабілетті оқушыларға қосымша тапсырмалар беріңіз. Оқушылар өздігімен орындайды.

Қабілеті төмен оқушылар көпірше арқылы демеу көрсетіп отыру керек.

VI. Оқушылардың оқу мақсатын қол жеткізуін «құмырсқалар елеуі» жаттығуы арқылы жүзеге асады. Оқушылар стикерге жаңа тақырып бойынша түсініксіз болған бір сұрақты жазады. Егер оқушыда тақырып бойынша ес қиындық болмаса, онда олар өз сыныптасына қызықты сұрақтар құрастырады. Жаттығу аяқталғаннан соң оқушылардың жауаптарына сәйкес кері байланыс жүргізіледі.

Презентация

Қосымша 2

Қосымша №3

Сабақ соңы

38-40

IV. Рефлексия.

Мұғалім оқу мақсатына қайта оралып оқушылардың жетістіктері туралы айтады.Келесі сабақтарды жоспарлау үшін қажет болатын төмендегі сұрақтарды қояды:

- Мен үйрендім?

- Менің білігім келетінім?

- Нені жақсартуым керек?

Стикерлер

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы.

Қабілеті жоғары оқушыларды топтық жұмыста өзінің ой пікірлерін айтқызамын және оның басқа оқушыларға үлгі болуына басқа оқушылардың үлгілі оқушыға қарап сап түзуіне немесе өзіндік үлгі болуларына жағдаяттар туғызамын.

Оқушыларды үй жұмысын тексеру барысында өзара бағалауды және өзін өзі бағалауды, сабақ барысында ерекше қабілет көрсеткендерге мадақтауды, мотивациялау мақсатында жеке дара жетістіктерімен ынталарын ескеріп ауызша бағалауды қолданамын.

Оқу процесінің барлық күйзеліс түзуші факторларын алып тастау мақсатында әр оқушы өзін еркін ұстауына, көңіл күйінің көтеріңкі болуларына жағдай туындатамын. Ол қызықты математикалық сұрақтардан, мадақтаудан тұрады.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілгенсұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқутуралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлуқажет?

Қосымша 1. «Ball Questions» ойынына тапсырмалар

 Төменде көрсетілген әр сұрақты жеке қағазға шығарып, барлық шығарылған қағаздарды жинап, доп құрастырады. Мұғалім музыка қосып қояды, осы кезде оқушылар допты бір-біріне лақтырады. Музыка сөнген кезде доп кімде қалады, сол оқушы бір қағазды ашып сұраққа жауап береді. Ал, қалған оқушылар жауапты тыңдап отырады. Қате жауап беріп жатса, қалған оқушылар толықтырады. Ойын барлық сұрақтарға жауап бергенше ойнатылады.

  • Комбинаторика дегеніміз не?
  • Қандай есептер комбинаторлық деп аталады?
  • Комбинаториканың негізгі ұғымын атаңыз.
  • Орналастыру, алмастыру, теру дегеніміз не?
  • Орналастыру, теру және алмастырудың бір-бірінен айырмашылығы?
  • n! формуласына анықтама беріңіз?
  • Орналастыру, алмастыру, теру формулаларын атаңыз?
  • саны қандай қасиетке ие?

Қосымша 2. «Үйлесімсіз оқиғаларды қосу теоремасы» тақырыбына есептер.

 Есеп 1. 100 лотерея билеті бар. 5 билетте 20000 теңгеден, 10 билетте 15000 теңгеден, 15 билетте 10000 теңгеден, 25 билетте 2000 теңгеден ұтыс бар, ал қалған билеттерде ұтыс жоқ. Сатып алынған билеттің кем дегенде 10000 теңге ұтыс болу ықтималдығын табыңыз.

 Решение. Пусть А, В, и С- события, состоящие в том, что на купленный билет падает выигрыш, равный соответственно 20000, 15000 и 10000 руб. так как события А, В и С несовместны, то .

 Есеп 2. А, В және С қалаларынан колледждің сырттай оқу бөліміне математикадан бақылау жұмыстары түседі. А қаласынан бақылау жұмысының түсу ықтималдығы 0,6, ал В қаласынан 0,1. С қаласынан бақылау жұмыстарының түсу ықтималдығын табыңыз

 Решение. События «контрольная работа поступила из города А», «контрольная работа поступила из города В» и «контрольная работа поступила из города С» образуют полную систему, поэтому сумма их вероятностей равна единице:

 , т.е. .

 Есеп 3. Күннің ашық болу ықтималдығы , күннің бұлтты болу ықтималдығын табыңыз?

 Решение. События «день ясный» и «день облачный» противоположные, поэтому

 , т.е .

Қосымша 3. «Тәуелсіз оқиғаларды көбейту теоремасы» тақырыбына есептер.

Мысал 1. Қорапта 12 шардың 7 ақ шар, екі рет алынған шардың ақ шар болу ықтималдығын табыңыз.

а) егер алынған шар қорапқа салынады;

б) егер алынған шар қорапқа салынбаса.

Мысал 2. Екі атқыш нысанаға бір-бірден оқ атты. Бірінші атқыштың нысанаға тигізу ықтималдығы 0,7-ге, ал екіншісінікі-0,8-ге тең. Екі атқыштың да тигізуі ықтималдығын табыңдар.

Мысал 3. Кездейсоқ ойға келген екі таңбалы санның жай сан болуы және оның цифрларының қосындысы 5-ке бөлінуі ықтималдығы қандай?

Қосымша 4. Математикалық ребус тапсырмалары

К. Дүкен көтерме сатумен төрт қоймадан қораппен өнімдер алды. 1-ншісінен 4, 2-ншісінен 5, 3-іншісінен 7 және 4-іншісінен 4-еу. Сатылымға кездейсоқ бір қорап таңдалып алынды. Бұл қораптың бірінші немесе үшінші қоймадан болуы ықтималдығы қандай?

У. Қорапта 10 қызыл және 6 көк түйме бар. Екі түйме кездейсоқ алынады. Бір түсті болуының ықтималдығы қандай?

В. 16 ойын картасы бар: 4 валет, 4 дама, 4 король және 4 туз. Бір карточка колодадан кездейсоқ алынды. Көзір карта немесе дама шығуының ықтималдығы қандай?

Ж. Екі атқыш нысанаға бір-бірден оқ атты. Бірінші атқыштың тигізу ықтималдығы 0,8, екіншісінікі - 0,6. Тек бір атқыштың тигізу ықтималдығын табыңыз.

Ы. Бір ойыншы әртүрлі цифрларды пайдаланып, нөлден бөлек төрт таңбалы санды жазды. Екінші ойыншың бұл цифрды бірінші реттен болжай алу ықтималдығы қандай?

А. В ящике лежат 7 белых и 13 черных шаров. Из ящика наудачу вынимают один шар. Какова вероятность события А - «вынут белый шар»?

Қорапта 7 ақ және 13 қара шар бар. Қораптан бір шар кездейсоқ алынды. A -«Ақ шардың шығуы » оқиғасының ықтималдығы қандай?

О. Үш жәшіктің әрқайсысында 10 детальдан бар. Бірінші қорапта 8 стандартты деталь, екіншісінде - 7, үшіншісінде - 9. Әр қораптан бір детальдан кездейсоқ алынады. Барлық детальдардың стандартты болуы ықтималдығын табыңыз.

Т. Екі атқыш нысанаға бір-бірден оқ атты. Бірінші атқыштың тигізу ықтималдығы 0,8, екіншісінікі - 0,6. Кем дегенде бір атқыштың тигізу ықтималдығын табыңыз.

0,44

0,35

0,5

0,92

0,55

0,504

0,4375

Кестедегі жауаптарға сәйкес келетін әріптерді бір бағанмен қойып шығыңыз. Одан қазақтың танымал математигінің тегін(Фамилия) оқи аласыз.

Жауабы:

0,44

0,35

0,5

0,92

0,55

0,504

0,4375

ж

а

у

т

ы

к

о

в

Қосымша 5. Математиктің биографиясы.

Жәутіков Орынбек Ахметбекұлы

Жәутіков Орынбек Ахметбекұлы (1911-1989) - ғалым, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Ғылым академиясының академигі, Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым және техника қайраткері, Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығының лауреаты.

Қарағанды облысы Ақтоғай ауданының Қызыларай ауылында дүниеге келген.

О.Жәутіков 1945-1965 жылдар аралығында Қазақстан Ғылым академиясының Математика және механика секторында аға ғылыми қызметкер, сектор меңгерушісі, 1965-1969 жылдар аралығында Қазақстан Ғылым академиясының Математика және механика институтының директорының орынбасары, зертхана меңгерушісі, 1969-1989 жылдар аралығында Қазақстан Ғылым академиясы Президиумының мүшесі, Физика-математика ғылымдары бөлімшесінің академик-хатшысы қызметтерін атқарған. 1985-1989 жылдары Қазақстан Ғылым академиясының Математика және механика институтында зертхана меңгерушісі болған.

О.Жәутіков - республикалық физика-математика мектебін ұйымдастырушылардың бірі. Бұл мектеп қазір Орынбек Жәутіковтің есімімен аталады. Ол республикамызда математик ғалымдарды дайындауда және математиканы насихаттауда көп еңбек сіңіріп, отандық математиктер мектебін қалыптастырды. 1958 жылы академик О.Жәутіков алғаш рет қазақ тілінде математикалық талдау туралы оқулығын шығарған. Ол 200 ден астам ғылыми еңбектердің, ғылыми-танымдық кітаптардың, методикалық жұмыстардың, көптеген оқулықтардың авторы.

Қосымша 6. Деңгейленген тапсырмалар.

А (қызыл)

В (сары)

С (жасыл)

1. Спорттық сыныптағы 30 оқушының 11-і футбол, 6-ы волейбол, 8-і жүгірумен, ал қалған 5-еуі ұзаққа секірумен айналысады. Сыныптан кездейсоқ таңдалған бір оқушының:

а) секірумен айналыспау ықтималдығы?

б) ойындық спорт түрімен айналысу ықтималдығы қандай?

2. Нина және Лаура диктант жазады. Нинаның қателесу ықтималдығы 60%, Лаураныкі 40% -ды құрайды. Мына ықтималдылықты табыңыз:

а) екеуі де қатесіз жазады;

б) Нина қатесіз, ал Лаура қатемен жазады.

3. Тиын қатарынан 6 рет лақтырылады. Кем дегенде бір рет «Елтаңба жағы» түсуі ықтималдығын табыңыз.

1. Жеңілмейтін лотореяда 10000 билет шығарылды, олардың ішінде 100 билет 1000 теңгелік ұтыспен, 200 билет – 500 теңгелік ұтыспен, 500 ұтыс 200 теңгелік және 1000 100 теңгелік ұтыс бар, ал қалғандары 1 теңгелік билеттер ұтады.

Бір билет сатып алғандағы ұтыстың ықтималдығы:

а) 200 теңгеден кем емес?

б) 200 теңгеден жоғары?

2. Үш атқыштың әрқайсысы нысанаға бір реттен атып шығады, бірінші атқыштың тигізу ықтималдылығы 90% құрайды, екіншінікі - 80%, үшінші атқыш -70%.

Ықтималдықты табыңыз, егер:

а) үш атқыш та нысанаға тигізеді.

б) үш атқыштың екеуі мүлт кетеді.

3. Тиынды бес рет қатарынан лақтырады. «Елтаңба» жақтың кемінде екі рет түсуі қтималдығын тап.

1. Қорапта 6 ақ, 4 қара, 5 қызыл және 3 көк түсті шарлар бар. Қораптан кездейсоқ 2 шар алынады. Ықтималдықты табыңыз, егер:

а) Шарлардың екеуі де ақ немесе екеуі де қара

б) біреуі шар көк, ал екіншісі - қызыл

2. Үш реферант министрдің айтқан сөздерін жазып отыр. Сөзбе-сөз жазып алу ықтималдығы бірінші рефферантта 75%-ды құрайды, екіншісінікі -80%, үшіншісі-90%. Сонымен қатар грамматикалық қате жіберу ықтималдықтары әрқайсысында 10%.

Ықтималдықты табыңыз, егер:

а) референттің ешқайсысы толығымен сөзбе-сөз жазып алмайды.

б) референттің кем дегенде біреуі сөздерді мұқият жаза алады, бірақ грамматикалық қателер жібереді.

3. Тиынды алты рет қатарынан лақтырады. «Елтаңба» жағының «Сан» жағынан жиірек түсуі ықтималдығын тап.

Қосымша 7. Сабақты қадағалау парағы.

Оқушының аты-жөні

Тапсырма түрлері

Ball Questions

1

Оқушы 1

2

Оқушы 2

3

Оқушы 3

4

Оқушы 4

5

Оқушы 5

6

Оқушы 6

7

Оқушы 7



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу