Орта мән. Дисперсия. Стандартты ауытқу. Алгебра, 8 сынып, қосымша материал. 4 сабақ.


Қосымша 1

№1. 120 оқушыға бір сұрақ қойылды. Әр оқушының осы сұраққа жауап қайтару уақыты t секундпен өлшенді. Төмендегі жиілік кестесі осы нәтижелерді көрсетеді:

Уақыт

Жиілік

6

44

40

14

10

6

(а) Орташа уақытты есептеңіз.

(b) Жинақталған жиілік кестесін толықтырыңыз.

Уақыт

Жинақталған жиілік

6

104

120

(c) Төмендегі торкөзге осы ақпаратты бейнелейтін жинақталған жиіліктің графигін салыңыз.

Жинақталған

жиілік

Бағалау критерийлері: Оқушы

  • Интервалдық қатар түрінде берілген мәндердің орташа мәнін есептейді;
  • Жинақталған жиілікті толтырады;
  • Жинақталған жиілік графигін салады.

№2.Колл-центр операторы 100 телефон қоңырауын қабылдады. Кестеде оператордың әрбір телефон қоңырауына жауап берген уақыты көрсетілген. (t секундпен).

Уақыт

(t секунд)

Жиілік

0 < t ≤ 10

16

10 < t ≤ 20

34

20 < t ≤ 30

32

30 < t ≤ 40

14

40 < t ≤ 50

4

(a)Жинақталған жиілік кестесін толтырыңыз.

Уақыт

(t секунд)

Жинақталған жиілік

0 < t ≤ 10

16

0 < t ≤ 20

0 < t ≤ 30

0 < t ≤ 40

0 < t ≤ 50

(b)Берілген торкөзге кесте бойынша жинақталған жиілік графигін салыңыз.

(c)Графикті қолданып, оператордың жауап беруге 18 секундтан артық кеткен қоңыраулар санын жуықтап табыңыз.

Бағалау критерийлері: Оқушы

  • Жинақталған жиілік кестесін толтырады;
  • Жинақталған жиілік графигін салады;
  • Графикті пайдаланып, сұраққа жауап береді.

№3.Компания 100 батареяны тексерді.

Кестеде тексерілген батареялардың неше сағатқа жетуі жайлы ақпарат берілген.

Уақыт (t сағат)

Жиілік

50 ≤ t < 55

12

55 ≤ t < 60

21

60 ≤ t < 65

36

65 ≤ t < 70

23

70 ≤ t < 75

8

(a)Жинақталған жиілік кестесін толтырыңыз.

Уақыт (t сағат)

Жинақталған жиілік

50 ≤ t < 55

12

50 ≤ t < 60

50 ≤ t <65

50 < t < 70

50 ≤ t < 75

(b)Соңғы кесте үшін төменде берілген торкөзге жинақталған жиілік графигін салыңыз.

(c)Графикті пайдаланып, медиананың жуық мәнін есептеңіз.

Бағалау критерийлері: Оқушы

  • Жинақталған жиілік кестесін толтырады;
  • Жинақталған жиілік графигін салады;
  • Графикті пайдаланып, медиананы табады.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу