Квадраттық функция және оның графигі. Алгебра, 8 сынып, қосымша материал. 2 сабақ.
№2 сабаққа әдістемелік нұсқаулық
тақырыбы/бөлімшесі « Квадраттық функция және оның графигі »
« Квадраттық функция» бөлімі
Сабақтың тақырыбы: Квадраттық функция және оның графигі
Оқу мақсаты:
8.4.1.2 түріндегі квадраттық функциялардың қасиеттерін білу және графиктерін салу
Екінші сабақта y = ax2, y = a(x – m)2, y = ax2 + n , a≠0 түріндегі функция графиктерін салу үшін түрлендірулерді орындау дағдыларын бекітуге арналған жұмыстар жүргізіледі. Сонымен бірге y = a(x – m)2 + n түріндегі функция графиктерін салу қарастырылады.
Теориялық материал
y = a(x – m)2 + n түріндегі функция графигін салу үшін:
1. y = ax2 функция графигін саламыз;
2. y = a(x – m)2 функция графигін саламыз, ол үшін y = ax2 функция графигін егер m>0 болса, х осі бойымен m бірлік оңға, ал егер m<0 болса, m бірлік солға жылжыту керек.
3. y = a(x – m)2 + n функция графигін саламыз, ол үшін y = a(x – m)2 функция графигін егер n>0 болса, у осі бойымен n бірлік жоғары, ал егер n<0 болса, n төмен жылжыту керек.
Сабақты ұйымдастыруға арналған әдістемелік нұсқаулық. Қалыптастырушы бағалауға арналған нұсқаулық
Үй тапсырмасын тексеру кезінде тілдік дағдыларын дамытуға назар аудару керек: оқушылар графикті алу үшін қандай түрлендірулер жүргізгенін айтулары керек. Сонымен бірге бұл жерде АКТ-ны қолдану дағдысын дамыту үшін оқушыларға бағдарламалық ортада жұмыс істеулерін ұсынуға болады.
Сәйкестікті орнатуға арналған тапсырманы орындау барысында жұппен немесе жеке жұмысты ұйымдастыруға болады. Қалыптастырушы бағалау үшін өзара бағалау қолданылады, бірақ оқушыларды нақты комментарийлер беруге үйрету керек. Бұл талқыланып жатырған тақырыптың жақсы түсінуіне көмектеседі. Талқылаудан соң слайдта дұрыс жауаптар көрсетіледі, бұл оқушылардың ортақ шешімге келулеріне көмектеседі.
Мұғалім y = a(x – m)2 + n түріндегі функция графигін салу қадамдарын талқылауды ұйымдастырады, оқушылар графиктегі кейбір нүктелерді пайдалана отырып түрлендірулер жүргізеді. Оқушылар өз ойларын айту барысында математикалық тілді дұрыс қолдануларын назарға алған жөн. Оқу мақсатында берілген квадрат функциялардың графиктерін салуды бекіту үшін оқушылар тәжірибелік жұмыс орындайды. Тапсырма үш деңгейде беріледі, оқушылардың көбі В деңгейіндегі тапсырмаларды орындайды. Кейбір оқушылар А деңгейіндегі тапсырмаларды, ал қабілеті жоғары оқушыларға С деңгейіндегі тапсырмаларды орындауды ұсыну керек. Квадраттық функцияның графигін салу келесі сабақтарда қарастырылады, бірақ кейбір оқушылар оны y = a(x – m)2 + n түрде беруге болатынын білулері мүмкін
Әртүрлі деңгейдегі қосымша тапсырмалар
В деңгейі
функциясының графигін салыңыз.
Осы функцияның неғұрлым көп қасиеттерін жазыңыз.
С деңгейі
параболасын 3,1 бірлік солға және 8 бірлік төменге жылжытты.
а) Түрлендіру нәтижесінде пайда болған функция графигінің формуласын жазыңыз.
б) Функцияны түріне келтіріңіз.
Қажетті сілтемелер мен әдебиеттер тізімі
Мордкович А. Г. Алгебра. 8 кл.: Учеб. для общеобразоват. учреждений. – М.: Мнемозина, 2001.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?