Квадраттық функция және оның графигі. Алгебра, 8 сынып, қосымша материал. 6 сабақ.


 6 сабаққа әдістемелік нұсқаулық

 тақырыбы/бөлімшесі «Квадраттық функция және оның графигі»

  «Квадраттық функция» бөлімі

 

 Сабақтың тақырыбы: Квадраттық функция және оның графигі

 Оқу мақсаты:

 8.5.1.3 түріндегі квадраттық функцияның қасиеттерін біледі және графигін салады.

 

 Бұл сабақта түріндегі квадраттық функцияның қасиеттері мен графигін салу дағдыларын бекітуге арналған әртүрлі тапсырмалар орындау жалғасады.

 

 Сабақты ұйымдастыруға арналған әдістемелік нұсқаулық. Қалыптастырушы бағалауға нұсқаулық

 Сабақтың басында үйге берілен тапсырма көршілерімен дәптерлерін алмастырып, «екі жұлдыз, бір тілек» стратегиясы арқылы тексеріледі. Оқушылар өзі тексеріп жатырған оқушының үй тапсырмасының орындалуына екі жақсы пікір мен бір тілек жазады. Мұғалім сыныптың деңгейіне қарай үй тапсырмасының орындалуын дайын үлгі ретінде ұсына алады. Егер сынып оқушыларының деңгейі жоғары болатын болса, онда үлгіні дайындаудың қажеті жоқ. Оқушылар келіспеушілік туындаған жағдайда мұғалімнің көмегіне жүгіне алады.

 Кейін оқушылар жұпқа бөлінеді. Тапсырма графиктер мен берілген функция формулаларын сәйкестендіруге арналады және 3 график артық шығуы керек, оқушылар осы графиктердің формулаларын жазулары керек. Деңгейі төмен оқушыларға тапсырманы орындау қиындық тудыруы немесе берілген уақытқа симай қалуылары мүмкін, сондықтан жұпқа бөлгенде әртүрлі деңгейдегі оқушыларды біріктірген жөн. Осы жұмыс арқылы қабілеті жоғары оқушылар сыныптасына көмектесе алады. Кейін тақтадағы дұрыс жауап арқылы жұмыстарын тексеріп, қате жіберген жағдайда талқылау ұсынылады. Мұғалім кез келген оқушыдан неліктен бұл функцияның графигі осы болады деген сияқты сұрақтар қойып тексеруіне болады.

 Топтық жұмыс кезінде оқушылар топқа бөлінбейді, әрбір оқушыға тапсырма ұсынылады, оқушылар өздіктерінен жұмыстанады, кейін бірдей тапсырма орындаған оқушылар топтарға бөлініп, осы топта есептің шығару жолын тексеріп, талқылау жүргізеді. Қабілеті төмендеу оқушы жеке өзі орындағанда тапсырманы түгел орындап үлгермеуі мүмкін, топпен жұмыс түсінбеген тұстарын басқа сыныптастырынан түсініп алуға мүмкіндік береді. Бірдей тапсырма орындаған оқушыларды біріктіргенде әрбір топтағы оқушы саны 4-тен аспауын назарға алу керек. Өйткені неғұрлым топ мүшелерінің саны артқан сайын оқушылардың бір-бірінен түсініп алу мүмкіндігі де, уақыты да азаяды.

 Оқушылар жұппен, топпен жұмыс жасап жеке жұмыс жасауға әзір деп есептеген кезде мұғалім оларға №1 тапсырмадан үлестіреді. Оқушылар тапсырманы орындап, мұғалімге немесе бұрын шығарып болған оқушыға тексертеді, дұрыс болған жағдайда тақтадағы есептің нөмірінің қасына өз атын жазып, келесі тапсырманы орындайды. Бұл жұмысқа 17 минут уақыт беріледі, уақыт аяқталғанда мұғалім тақтадағы нәтиже бойынша кері байланыс береді. Тапсырма қарапайым деңгейден жоғары деңгейге қарай орындалады. Қабілеті жоғары оқушылар тапсырмаларды толық, әрі дұрыс орындайды деп күтіледі. Олар уақытынан бұрын аяқтаған жағдайда төмендегі қосымша тапсырмаларды ұсынуға болады.

 

 

 

 Қосымша тапсырмалар

 

  • мен функцияларының графиктері b-ның қандай мәнінде 1 нүктеде қиылысады?
  • Төменде берілен функциялар үшін:

а) парабола төбесінің координатасын және симметрия осінің теңдеуін;

б) функция нөлдерін;

в) ордината осімен қиылысу нүктесін табыңыз.

г) функция графигін салыңыз;

д) анықталу облысы мен мәндер жиынын анықтаңыз.

  • ;
  • .
  • берілген функцияның графигін салыңыз.

 Қажетті сілтемелер мен әдебиеттер тізімі

  • Шыныбеков А.Н. Алгебра: Жалпы білім беретін мектептің 8-сыныбына арналған оқулық. – Алматы: Атамұра, 2011.
  • Макарычев Ю. Н., Миндюк Н. Г., Нешков К. И., Феоктистов И. Е. Алгебра. 9 класс: учеб. для учащихся общеобразоват. учреждений /— 7-е изд., испр. и доп. — М.: Мнемозина, 2008.
  • Галицкий М.Л., Гольдман А.М., Звавич Л.И. Сборник задач по Алгебре: учеб. пособие для 8-9 кл.с углуб. изучением математики / М.:Просвещение, 2004.

 

 

 

 

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу