Квадрат үшмүше. Алгебра, 8 сынып, сабақ жоспары. 2 сабақ.
Қысқа мерзімді жоспар
Квадрат теңдеулер | Мектеп |
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: |
Сынып: 8 | Қатысқандар саны: |
Сабақ тақырыбы | Квадрат үшмүше |
Cабақтың түрі | Бекіту сабағы |
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 8.2.1.2 үшмүшеден екімүшенің толық квадратын бөлу; |
Сабақ мақсаттары | Квадрат үшмүшеден екімүшенің толық квадратын бөліп алуды меңгереді. |
Бағалау критерийлері | Оқушылар:
|
Тілдік мақсаттар | Оқушылар квадрат үшмүшеден толық квадратты бөліп алу алгоритмін сипаттайды; Пәнге қатысты лексика мен терминология: - квадрат үшмүше; квадрат үшмүшенің түбірі, еселі түбір, квадрат үшмүшеден екімүшенің толық квадратын ажырату. Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер: - теңдеудің сол жақ бөлігін екімүшенің квадраты түріне келтірейік; - квадрат үшмүшенің түбірлері болып ... табылады, өйткені ... |
Құндылықтарды дарыту | Сабақ өту барысында әдепті сөйлеуге, уақытты үнемдеуге баулу. Сонымен қатар, еліміздің басты байлығы - тәуелсіздігіміздің тірегі болар және елбасы Н.А.Назарбаевтың «Мәңгілік ел» идеясын дамытатын білімді ұрпақ қана бола алатынын ұғындыру. Топтарға біріктіре отырып, бір-бірімен ой бөлісуге, бір-бірінің пікіріне құрметпен қарауға, сыныпта ынтымақтастық атмосфераны қалыптастыруды дамыту. |
АКТ қолдану дағдылары | Bilimland.kz сайты Презентация |
Бастапқы білім | Квадрат теңдеулерді шешу, квадрат теңдеулердің түбірін формула арқылы және Виет теоремасы арқылы табу. Көпмүше ұғымы. |
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар |
Басталуы 0-2 мин 2-5 мин 5-7 мин | 1. Ұйымдастыру кезеңі Оқушылармен сәлемдесу, түгендеп, сынып тазалығы мен қажетті құрал-жабдықтарының дайындығын тексеру. Үйге берілген тапсырманы тексеру, оқушыларға ауызша кері байланыс ұсыну, кателіктердің пайда болу себептерін анықтау. 2. Бұрынғы білімдерін белсендіру Оқушылармен қысқаша көбейту формулаларын қайталап өту және өткен сабақта айтылған квадрат үшмүшеден екімүшенің квадратын бөліп алу тәсілін естеріңе түсіру. 3. Сабақ мақсатын қою Мұғалім оқушыларды сабақ тақырыбы мен оқу мақсатымен таныстырғаннан кейін, сабақ мақсаты мен бағалау критерийлері оқушылармен бірге қорытылады. | Үй тапсырмасы Презентация слайд 1-2 |
Сабақтың ортасы 7-15 мин 15-20 мин 20-25 мин 25-37 мин | 4. Топтық жұмыс Енді оқушылардан квадрат үшмүше келтірілмеген болған жағдайда одан қалай екімүшенің квадратын бөліп алу сұралады. Ол үшін 3-4 оқушыдан топқа біріктіріп, проблемалық ахуал қойылады. 1-топ: 2-топ: 3-топ: 4-топ: Оқушылар топта берілген үшмүшеден екімүшенің квадратын бөліп алуға тырысады, сол уақытта мұғалім топтарға келіп қосымша сұрақ қойып, бағыттайды. Топтағы оқушылардың жауаптары дайын болғаннан кейін, оқушылар жаңадан топтарға бөлінеді. Жаңа топта әртүрлі топтарда болған оқушылар болу керек. 5. Тақырыпты жалпылау ax2 + bx + c = (kx + l)2 + m немесе ax2 + bx + c = (kx – l)2 + m. Қысқаша көбейту формуласын пайдаланып, ax2 + bx + c квадрат үшмүшесін төмендегідей түрде жазамыз: немесе Олай болса, үшмүшеден толық квадратты келесідей бөліп алынады: ax2 + bx + c = (kx + l)2 + m мұндағы: 6. Бекіту Қолдауды қажет ететін оқушыларға келесі тапсырма ұсынылады. Мұнда квадрат теңдеуді толық квадратты бөліп алу тәсілі көмегімен шешу қарастырылады. Қолдауды қажет ететін оқушы бос ұяшықтарды толтыру арқылы тапсырманы орындайды. Оқушыларға тапсырмалар бірден толық квадратты бөліп алып шешуге немесе бос ұяшықтарды толтыру көмегімен шешу ұсынылады. Бағалау критерийлері: Оқушы:
| Презентация слайд 3 Презентация слайд 4 https://bilimland.kz/kk/subject/algebra/8-synyp/tolyq-kvadratty-bolip-alu-tsili Қосымша 1 Презентация слайд 5 |
Сабақтың соңы 37-40 мин | Үйге тапсырма: Үй тапсырмасын дидактикалық материалдан мұғалімнің өзінің қалауымен беру. Мұғалім сабақ мақсаттарына қайта оралып, оқушылардың жетістік деңгейлерін талқылайды. Алдағы сабақтарды жоспарлау мақсатында оқушылар келесі 3-2-1 үшбұрышын толтырады. Рефлексия: | Презентация слайд 6 |
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы |
Сабақта өзіне сенімсіз оқушылар біршама қабілетті оқушылармен бірге жұпта жұмыс жасайтындай етіп жасалған, сонда олар қабілетті оқушылармен жұмыс жасағанда көбірек біле алады. Қабілетті оқушылар өздерінің қабілеттерін консультант ретінде айқындай алады. Жұптағы немесе жеке жұмыстарда Сіз өзіне сенімсіз оқушыларға көмекші сұрақтар қою арқылы көмектесе аласыз. | Формативті бағалау сабақтың әр кезеңінде өткізіледі (өзін-өзі бағалау, мұғалімнің критерий бойынша бағалауы). Оқушылардың тапсырманы орындау барысындағы қатысуы және диалогқа қатысуын бағылау арқылы бағалау. Жұптағы, топтағы тапсырмаларды орындауға жауапты реакция және прогресс әр оқушының үлесін бағалауға және қателердің бар болуын анықтау үшін қарастырылады. | Барлық тапсырмалар оқушылардың жас ерекшеліктерін ескеріп алынған. Іс-әрекеттердің ауысып отыруы ең үлкен нәтижеге қол жеткізу мақсатында оқушылардың күші мен зейінін дұрыс үлестіруге ықпалын тигізеді. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?