Квадрат теңдеулерді шешу. Алгебра, 8 сынып, сабақ жоспары. 4 сабақ.


8.2А Квадрат теңдеулер

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Ильясова С.А.

Сынып: 8

Қатысқандар саны:

Сабақ тақырыбы

Квадрат теңдеулерді шешу

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.2.2.3

квадрат теңдеулерді шешу;

 Сабақ мақсаттары

Оқушылар:

Екінші коэффициенті жұп сан болатын квадрат теңдеу түбірлерінің формулаларын біледі

Екінші коэффициенті жұп сан болатын квадрат теңдеудің дискриминанттың формуласын біледі

Дискриминант бойынша квадрат теңдеудің түбілер санын анықтайды;

Квадрат теңдеу шешу алгоритмін біледі;

Екінші коэффициенті жұп сан болатын квадрат теңдеу түбірлерінің формулаларын қолданады

 Бағалау критерийлері

Оқушылар:

Екінші коэффициенті жұп сан болатын квадрат теңдеу түбірлерінің формулаларын қолданады

Дискриминант бойынша квадрат теңдеудің түбілер санын анықтайды;

Квадрат теңдеу шешу алгоритмін біледі;

 Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

квадрат теңдеулерді шешу туралы ой-толғаулар жүргізеді.

квадрат теңдеудің дискриминантын қолданып оның түбірлер санын негіздейді

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

квадрат теңдеу;

екінші дәрежелі теңдеу;

толымды, толымсыз теңдеулер;

бірінші, екінші коэффициент, бос мүше;

дискриминант;

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:

Квадрат теңдеудің дискриминанты деп …;

… болғандықтан теңдеудің бір ғана түбірі бар;

… болғандықтан теңдеудің екі әртүрлі түбірі бар;

… болғандықтан теңдеудің нақты сандар жиынында түбірі жоқ;

Құндылықтарды дарыту

 

Бір-бірін тыңдай білу, кезекпен сөйлеу қабілеті, мысалдар мен дәлелдер келтіріп аудиторияға өз ойларын дәл жеткізе білу, топта жұмыс істеу, өзінің жұмыс сапасына жауапты болу құндылықтарды дарыту сабақтың барысында жоспарланған жұмыстар арқылы жүзеге асырылады.

Пәнаралық байланыстар

Физика, химия

Бастапқы білім

квадрат теңдеудің анықтамасы; квадрат теңдеудің түрлері; теңдеу түбірлерінің жалпы формуласы;

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтың басы

0-3 мин

а) Мұғалім сабақтың тақырыбы мен оқу мақсаттарын айтады. Оқушылармен бірге сабақ мақсаттары құрастырылып айтылады.

b) Оқушылар дайын жауаптарды қолданып, өз бетінше үй жұмысын тексереді.

Презентация

Сабақтың ортасы

4-38 мин

«Квадрат теңдеулер» тақырыбын қорытындылау үшін «Әткеншек» дидактикалық ойынын өткізіңіз.

Оқушыларды үш топқа бөліңіз. Әр топқа жоғарғы жағында тапсырмалар жазылған A3 парағын беріңіз. Оқушылар тапсырмаларды орындау үшін белгіленген ережелер бойынша топтарда жұмыс істейді. Әр топқа олардың шешімдерін оңай тануы үшін басқа топқа арналған қаламның түсінен ерекшеленетін белгілі бір түсті қалам беріледі. Жұмысқа бөлінген уақыттан кейін (20 минут) оқушылар келесі тапсырмаларды (A3 парақта жазылған) орындайды. Алдыңғы топтың шешімдерімен танысып, келісімдерді / келіспеушіліктерді талқылап, білдіреді.

«Әткеншек» оқушылар барлық топтардың шешімдерімен таныс болғанға дейін жалғасады. Бұдан кейін оқушылар шешімдерін дәптерлеріне жазады.

Бірінші топқа арналған тапсырмалар:

1. Теңдеуді шеш:

a);

b).

2. теңдеуі үшін:

a) екі әр түрлі түбірлері бар болатындай;

b) екі бірдей түбірі бар болатындай;

c) түбірлері болмайтындай а-ның барлық мәндерін табыңыз.

3. теңдеуінің екі бірдей түбірі бар болатындай m-ның барлық мәндерін табыңыз.

4. m-ның қандай мәндері үшін теңдеудің нақты түбірлері бар?

Екінші топқа арналған тапсырмалар:

1. Теңдеуді шеш:

a);

b).

2. теңдеуі үшін:

a) екі әр түрлі түбірлері бар болатындай;

b) екі бірдей түбірі бар болатындай;

c) түбірлері болмайтындай а-ның барлық мәндерін табыңыз.

3. m-ның қандай мәндері үшін теңдеудің түбірлері бірдей болады?

4. m-ның қандай мәндері үшін теңдеудің таңбалары әр түрлі нақты түбірлері бар?

Үшінші топқа арналған тапсырмалар:

1. Теңдеуді шеш:

a) ;

b) .

2. Выясните при каком значении параметра а уравнение:

теңдеуі үшін:

a) екі әр түрлі түбірлері бар болатындай;

b) екі бірдей түбірі бар болатындай;

c) түбірлері болмайтындай а-ның барлық мәндерін табыңыз.

3. m-ның қандай мәндері үшін

теңдеудің түбірлері бірдей болады?

4. m-ның қандай мәндері үшін теңдеудің таңбалары әр түрлі нақты түбірлері бар?

Топтық жұмыс кезінде мұғалім әр топтағы оқушылардың жұмыстарын қадағалайды және қосымша қолдауды қажет ететін оқушыларға сұрақтар қояды.

Дескриптор: Білім алушы

  • қажет болған жағдайда толық квадрат теңдеуге түрлендірулер орындайды;
  • дискриминантты есептейді;
  • квадрат теңдеудің түбірлерінің санын анықтайды;
  • теңсіздікті (теңдеуді) шешіп, а-ның барлық мәндерін анықтайды.

Сергіту сәті:

Көз жаттығу.

Мұғалім:

1. Басымызды бұрмай, көзімізбен оңға және солға. Бір, екі, ...

2. Көзді ашып жұмамыз. Бір, екі, ...

3. Көзді қатты жұмамыз. Бір, екі, ...

Сабақтың келесі кезеңінде оқушылар өздігінен жұмыс істейді.

Формативті бағалауға арналған тапсырмаларды орындау үшін A4 парақтарындағы үш тапсырмалардың біреуін шешуге қабілеті жоғары үш жұп оқушыларын жасаңыз.

Басқа оқушылар өз бетінше тапсырмаларды орындайды, егер сұрақтар болса, олар мұғалімнен немесе сыныптастарынан көмек сұрайды.

7 минуттан кейін мұғалім үш жұптың әрқайсысының шешімін тексереді, шешімдерін сканерлейді. Бұдан басқа, алты оқушы дәптерлерінде басқа екі тапсырманы орындайды. Шешімдерді тексеру интерактивті тақтадағы дайын шешім бойынша жүзеге асырылады

Формативті бағалау:

Теңдеуді шеш:

а)

b)

с) .

Дескриптор: Білім алушы

  • қажет болған жағдайда толық квадрат теңдеуге түрлендірулер орындайды;
  • квадрат теңдеудің дискриминантын табады;
  • толық квадрат теңдеудің түбірлерін табады

Алгебра.8 класс: учебник для общеобразовательных учреждений/ [Ю.Н.МакарычевН.Г.Миндюк, К.И. Нешков, С.Б.Суворова]; под редакцией С.А. Теляковского. – М.:Просвещение, 2013.

Қосымша 1

Сабақтың соңы

39-40 мин

Мұғалім үй жұмысын интеракивті тақтада көрсетеді.

Үй жұмысы:

Теңдеуді шеш:

Рефлексия «Пікірлер қоржыны»

Оқушылар қағаздарға есімін жазбай сабаққа қатысты өз ойларын жазып қоржынға (қорапқа) салады. Мұғалім таңдаған бір оқушы қоржыннан бір қағазды алып, дауыстап оқып, оқушылармен тақылайды немесе қорытынды жасайды.

Қосымша 2

презентация

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Жұптағы немесе жеке жұмыстарда Сіз өзіне сенімсіз оқушыларға көмекші сұрақтар қою арқылы көмектесе аласыз.

Формативті бағалау сабақтың әр кезеңінде өткізіледі (өзін-өзі бағалау, мұғалімнің критерий бойынша бағалауы). Оқушылардың тапсырманы орындау барысындағы қатысуы және диалогқа қатысуын бағылау арқылы бағалау.

Оқушылар көз жаттығуларын орындайды.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
Пікір жазу