Квадрат түбірлері бар өрнектерді түрлендіру. Алгебра, 8 сынып, сабақ жоспары. 5 сабақ.


Сабақтың жоспары

Қысқа мерзімді жоспар :

8.1А Квадрат түбір және иррационал өрнек

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны

Сабақтың тақырыбы

Квадрат түбірлері бар өрнектерді түрлендіру

Сабақтың түрі

Материалды қайталау

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.1.2.5

құрамында түбір таңбасы бар өрнектерді түрлендіруді орындау;

 Сабақ мақсаттары

Оқушылар құрамында түбір таңбасы бар өрнектерді түрлендіруді орындайды

 Бағалау критерийлері

Дағдылар

Бағалау критерийлері

Қолдану

Квадрат түбірі бар өрнектер үшін қысқаша көбейту формуласын және түбірлердің қасиеттерін қолданады. Өрнекті түрлендіруді орындайды

 Тілдік мақсаттар

Оқушылар құрамында квадрат түбірі бар өрнектерді ықшамдауға арналған алгоримтдерді негіздейді.

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

Квадрат түбір, көбейткіш, квадрат түбірлердің қосындысы/ айырмасы, екі өрнектің қосындысының/айырмасының квадраты, түйіндес өрнек, кері бөлшек

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:

Көбейткішті жақшада сыртына шығарайық....

..... формуланы қолданайық

Бөлшектің алымы мен бөлімін ..... көбейтейік

Бөлшекті ...... қысқартайық

Амалдарды орындау тәртібін анықтайық

Құндылықтарды дарыту

Өздік жұмыс жасау дағдыларын дамыту. Оқушыларға құндылықтарды дарыту іс әрекет арқылы жүзеге асады.

Пәнаралық байланыстар

Квадрат түбірлермен жұмыс жасау дағдылары физикалық есептерді шешуде маңызды.

АКТі қолдану дағдылары

Материалды бейнелеу үшін презентация қолданылады.

Бастапқы білім

Оқушылар құрамында квадрат түбірі бар алгебралық бөлшектермен барлық амалдарды орындай алады.

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған

іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 мин

 Оқушыларға сабақтың тақырыбы мен оқу мақсаттарын беру.

 Оқушыларға үй тапсырмасындағы есептердің шешу мысалдарын беру. Оқушылар өздерінің жұмыстарын формативті бағалап, қажетті жағдайда түзетулер мен толықтырулар енгізеді.

 Оқушылармен тапсырманы орындаудың басқа тәсілдерін талқылауға болады.

Презентация Слайд 1-2

Оқушылардың дәптері

Слайд 3-4

Сабақтың ортасы

5 мин

25 мин

6 мин

 Есептерді шығару

 Бөлшектерді азайту бойынша есептерді шешу жұппен ойын түрінде жүзеге асырылуы мүмкін. Әр оқушынның 8 картасы бар. Әрбір карточкада өрнек жазылған. Бірінші оқушы үстелге кез-келген карточканы қояды. Екіншісі оқушы, карточканың астына алынатын бөлшек қысқартылатындай етіп өзінің карточкасын қоюы тиіс, осы тұста ол бөлшектің қандай көбейткіндіге қысқаратынын және одан кейін қандай мән шығатынын айтады. Содан кейін жұптағы оқушылар рөлдерін өзгертеді. Карточка жинағына бірнеше бос карточканы қосуға болады, осылайша екінші ойыншы өзінің өрнегін жаза алады.

 Квадрат түбірі бар өрнектерді ықшамдауға арналған есептерді өздігінен шешу.

 Оқушылар 6 тапсырмасы бар тізімді алады. Тапсырмалардың күрделілік деңгейі әртүрлі болады. Кейбір оқушылар барлық тапсырмаларды аяқтай алады, бірақ кейбіреулерге жеткілікті уақыт болмайды. Алайда, оқушылар шектеулі мерзімде оқуға және өз жұмысын жоспарлауға үйренуі керек.

 Оқушылар өз жұмысын объективті бағалай алуы үшін балдарды қою схемасын қолдануға болады.

Қосымша 1

Шуба М. Ю. Занимательные задания в обучении математике: Кн. для учителя.- М.: Просвещение, 1994.—222 с: ил.

Қосымша 2

Слайд 5

Қосымша 3

Сабақтың соңы

3 мин

1 мин

 Рефлексия

 Оқушыларға өздерінің жұмысы туралы жазбаша түсініктеме беруді сұраңыз:

 Қандай тапсырмаларды мен ең жақсы орындаймын?

 Менің жұмысымның қандай күшті бар?

 Мен қандай қателіктер жібердім? Неліктен?

 Нәтижені қалай жақсартуға болады?

 

 Үй тапсырмасын талқылау

 

Слайд 6

Қағаз парақтары

Слайд 7

Қосымша 4

Дифференциация –қандай жолмен Сіз қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілет деңгейі неғұрлым жоғары оқушыларға қандай міндеттерді қоюды жоспарлайсыз?

Бағалауоқушылардың оқу материалын меңгеру деңгейін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау

Оқушылар өздігінен жұмыс істейді. Мұғалім оқушыларға алдын-ала орындалған тапсырмаларға қатысты жетекші сұрақтар мен сілтемелер түрінде қолдау көрсетеді.

Оқушылар өз жұмыстарын балдарды қою схемасымен бағалайды.

Оқушыларға жүктемені азайту үшін сабақтың ортасында жаттығулар орындауға болады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу