Үшбұрыштар теңсіздігі. Алгебра, 7 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7.3С Түзудің өзара орналасуы | Мектеп: Атырау қаласы ХББ НЗМ | ||||||||||||||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Мүсірова Н.К | ||||||||||||||||||||||||
Сынып: 7 | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | |||||||||||||||||||||||
Сабақ тақырыбы | Үшбұрыштар теңсіздігі | ||||||||||||||||||||||||
Сабақтың түрі | жаңа ұғымды меңгерту сабағы | ||||||||||||||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 7.3.1.20 үшбұрыштың бұрыштары мен қабырғалары арасындағы қатысты білу және есептер шығаруда қолдану; 7.3.3.1 үшбұрыш теңсіздігін білу және қолдану; | ||||||||||||||||||||||||
Сабақ мақсаттары | оқушыларға үшбұрыштар теңсіздігі туралы түсінік беру, үшбұрыштар теңсіздігін есептер шешуде қолдана білу дағдыларын қалыптастыру. | ||||||||||||||||||||||||
Бағалау критерийлері | Үшбұрыштар теңсіздігі теоремасын біледі; Үшбұрыштар теңсіздігі теоремасын дәлелдей алады; Үшбұрыштар теңсіздігі теоремасын есептер шығаруда қолданады. | ||||||||||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар | Оқытудың тілдік мақсаты
Бөлім бойынша лексика және терминология – үшбұрыш;
– үшбұрыштың қабырғалары; – үшбұрыштың бұрыштары; – тікбұрышты үшбұрыш; – теңқабырғалы үшбұрыш; – үшбұрыштар теңсіздігі; | ||||||||||||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Белсенді қарым-қатынас, өзіндік шешім қабылдауды үйрену және оны дамыту. Бір-бірінің пікірлері мен ерекшеліктерін құрметтеу, қабылдау, өзара қарым- қатынаста сын тұрғысынан ойлау. | ||||||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Сызу сабағымен байланыс | ||||||||||||||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | АКТ арқылы сыни тұрғыдан ойлау мен зерттеу дағдыларының дамыту, презентация және ActivInspire- мен жұмыс жасау дағдысын дамыту | ||||||||||||||||||||||||
Бастапқы білім | Үшбұрыш, үшбұрыштың элементтері, түрлері, периметрі. | ||||||||||||||||||||||||
Сабақ барысы | |||||||||||||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||||||||||||||||||||
Сабақтың басы 2 минут 5 минут 10 минут
5 минут Сабақтың ортасы 5 минут 5 минут 10 минут Сабақтың соңы 3 минут | Ұйымдастыру: (оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру және ынталарын сабаққа аудару). Оқушылармен сәлемдесу. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру. І. Экспресс-сауал. Сұрақ-жауап арқылы қайталау жүргізіледі.1. Үшбұрыш дегеніміз не? Жауабы: Бір түзудің бойында жатпайтын үш нүктені кесінділермен қосқанда шығатын геометриялық фигураны үшбұрыш деп атаймыз. 2. Қабырғалары бойынша үшбұрыштар неше түрге бөлінеді? Үшбұрыштарды ата. Жауабы: үш түрге бөлінеді. Тең қабырғалы, тең бүйірлі, әр түрлі қабырғалы үшбұрыш.3. Бұрыштары бойынша үшбұрыштар неше түрге бөлінеді? Үшбұрыштарды ата. Жауабы: үш түрге бөлінеді. Сүйір бұрышты, доғал бұрышты, тік бұрышты үшбұрыш.4. Үшбұрыштың үлкен қабырғасына қарсы үлкен бұрышы жатады.5. Үшбұрыштың үлкен бұрышына қарсы үлкен қабырғасы жатады 6. Үшбұрыштың сыртқы бұрышы деген не? Жауабы: Үшбұрыштың сырт-қы бұрышы үшбұрыштың төбесіндегі бұрышпен сыбайлас бұрышты айтады7. Тікбұрышты үшбұрыштың гипотенузасы катеттен (кіші, тең, үлкен) болады. Оқушыларға бүгінгі күнгі сабақтың тақырыбы мен мақсаты айтылады ІІ. Жаңа сабақ (Оқушылар жаңа сабақты практикалық жұмысты орындау арқылы өздері ашады) Практикалық жұмыс
Сұрақ:
Оқушылардан ойларын қорытындылап, жинақтап айту сұралады. Үшбұрыштың әрбір қабырғасы өзге екі қабырғасының қосындысынан кіші болады Үшбұрыштың әрбір қабырғасы өзге екі қабырғасының айырмасынан үлкен болады. (Теореманы мұғалім көмегімен дәлелдейді) Теорема: Үшбұрыштың әрбір қабырғасы басқа екі қабырғасының қосындысынан кіші болады. Дәлелдеуі: Кез келген үшбұрышын қарастырып, екенін дәлелдейік. қабырғасының созындысына қабырғасына тең кесіндісін салайық. теңбүйірлі үшбұрышында , ал үшбұрышында олай болса, . Ал үшбұрышта үлкен қабырғаға қарсы үлкен бұрыш жататындықтан, . Бірақ . Теорема дәлелденді.
Көзді демалту үшін жасалатын жаттығу ІІІ. Сыныппен жұмыс (ауызша) А) Берілген сандар үшбұрыш қабырғалары бола ала ма? Сұрақтарға «иә», «жоқ» деп жауап беріңіз.
В) Тең бүйірлі үшбұрыштың бүйір қабырғасы 3 см болса, онда оның табаны 7 см-ге тең болуы мүмкін бе? Жауабы: жоқ С) Үшбұрыш қабырғаларының қатынасы 2:3:4-ке тең болуы мүмкін бе? Жауабы: иә IV. Топпен жұмыс (Оқушыларды топтарға стикерлер көмегімен бөліп аламыз. Әр топтағы оқушыларға бірдей стикерлер беріледі). Әр топқа тапсырмалар беріледі:
B) Теңбүйірлі үшбұрыштың бір қабырғасы - ге, ал басқасы см- ге тең. Осылардың табаны қайсысы болады? Орта деңгей: АВС үшбұрышының периметрі 15 см. ВС қабырғасы АВ қабырғасынан 2 см үлкен, ал АВ қабырғасы АС-дан 1 см кіші. АВС үшбұрышының қабырғаларын табыңыз. 2- топ. Негізгі деңгей. А) Тең бүйірлі үшбұрыштың екі қабырғасы: болса, үшінші қабырғасын тап. В) Теңбүйірлі үшбұрыштың бір қабырғасы - ге, ал басқасы см- ге тең. Осылардың табаны қайсысы болады? Орта деңгей: АВС үшбұрышының периметрі 18 см. ВС қабырғасы АВ қабырғасынан 2 см үлкен, ал АВ қабырғасы АС-дан 3 см кіші. АВС үшбұрышының қабырғаларын табыңыз. 3- топ. Негізгі деңгей. А) Тең бүйірлі үшбұрыштың екі қабырғасы: болса, үшінші қабырғасын тап. В) Теңбүйірлі үшбұрыштың бір қабырғасы - ге, ал басқасы см- ге тең. Осылардың табаны қайсысы болады? Орта деңгей: АВС үшбұрышының периметрі 18 см. ВС қабырғасы АВ қабырғасынан 2 см кіші, ал АВ қабырғасы АС-дан 3 см үлкен. АВС үшбұрышының қабырғаларын табыңыз. Топ мүшелері постерлерін қорғап тұжырымын шығарады. Бағалану топпен (алдарында критерийлері тұрады)
| презентация Қосымша 1 Л.С. Атанасян (аударған Т.Нүсіпбаев, И.Тоқтамысов), 70- бет | |||||||||||||||||||||||
| Шыныбеков Ә.Н Геометрия. 7- сынып Қосымша 2 Қосымша 2 | ||||||||||||||||||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||||||||||||||||||||
Сабақ барысында оқушылардың өз ойын оқушы мен мұғалім алдында еркін жеткізуіне мүмкіндік тудыру және өзгенің пікірін тыңдап, одан қорытынды жасау дағдыларын қалыптастыру. Есептер баланың қабілетіне байланысты үш деңгейге бөлінген. | Сабақтың басында «ой қозғау» сұрақ- жауап арқылы бағаланды, яғни кері байланыс орнатылды. Жұппен жұмыста оқушылар бір- бірін тексерді. Топпен жұмыс кезінде әр топтан топ басшысы тағайындалып, әр топ өз есебін тақтада сыныптың алдында қорғады. | Интерактивті тақтаны сабақ барысында қолдану уақытын 10 минуттан асырмау; көз жаттығуын жасау. | |||||||||||||||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? | Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз. Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған. Әр оқушы оқу мақсатына жетті. Аралас сандарға берілген есептерді шығаруда белсенділік танытты.Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды, ауытқу болған жоқ.
| ||||||||||||||||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: Диалогтық оқыту 2: Топтық, жұптық жұмыс: Өзара бір-бірін бағалау Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: Өмірмен байланысты есептерді шығарту. 2: Сабақты әр түрлі формада өткізу Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? | |||||||||||||||||||||||||
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру