Мәтінді есептерді сызықтық теңдеулер арқылы шешу. Алгебра, 7 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар №1-2

Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі:

7.1А Мәтінді есептерді математикалық модельдеу

Мектеп: NIS Petropavl

Күні:

Мұғалім аты-жөні: Мухамеджанов Д.А.

Сынып: 7

Келген оқушылар саны:

Жоқ оқушылар:

Сабақтың тақырыбы

Мәтінді есептерді сызықтық теңдеулер арқылы шешу

Оқу мақсаттары

7.5.2.1 мәтінді есептердің математикалық моделін құрайды;

 Сабақ мақсаты

Нақты жағдайдың математикалық моделін құрайды

 Бағалау критерийлері

  • Мәтінді есептерді шығару барысында айнымалыны дұрыс енгізеді
  • Нақты жағдай мен оның математикалық моделі арасындағы сәйкестікті орнатады

Тілдік мақсаттар

 

Оқушылар:

  • коэффициенттеріне қатысты сызықтық теңдеудің түбірлерінің санын түсіндіре алады;
  • математикалық модельдің жасалуын сипаттайды;
  • сызықтық теңдеулерді шешу барысында тепе-тең түрлендірулердің орындалуын түсіндіре алады;

Пәнге қатысты лексика мен терминология

- математикалық модель;

- шынайы жағдаят;

- ең кіші мән.

Диалогқа қажет тіркестері:

- айнымалыны енгіземіз;

- теңдеуді құрастырып және оны шешеміз.

 Құндылықтарды тәрбиелеу

Жұптық және топтық жұмыс барысында ашықтық пен ынтымақтастықты дамыту.

Мәселені шешу барысында әр оқушының жауабы тыңдалады, оның дұрыстығы талқыланады, құрметпен жауап қайтарылады.

Әрбір оқушы қатені көрген жағдайда, оны негіздеу арқылы айта алады, оқушылар сынды дұрыс қабылдай алады.

Оқушылар бір-біріне көмектеседі, бағалайды.

 Негізгі дағдылар

Әлеуметтік дағдыларын дамытуға ықпалын тигізеді:

  • жұп және топтағы қарым-қатынаста қарастырылатын практикалық тапсырмалар
  • шешімді іздеу барысындағы әңгіме мен талқылау
  • проблемалық жағдаят

 Пәнаралық байланыс

Информатика (мультимедиялық жабдықпен жұмыс, интернет желісінен қажет ақпаратты іздеу)

 Алдын-ала білімдері

Теңдеу түсінігі, теңдеуді шешу, тепе-тең теңдеулер

Сабақ барысы

Жоспарланған сабақ кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

1-3 мин

І. Ұйымдастыру кезеңі

Сәлемдесу. Оқушыларды түгелдеу. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

Үй тапсырмасын тексеру.

Слайд 1

Сабақтың ортасы

4-5 мин

6-20 мин

21-27 мин

28-35 минут

ІІ. V.Білімдерін бекіту

Мәтінді есептердің математикалық моделі дегеніміз не? деген сұраққа оқушылардың жауабын тыңдау. Оқушылар бірін-бірі толықтыру арқылы сабақтың мақсаты мен тақырыбын алып шығады. Математикалық модельді құру алгоритмін айтып шығады.

Топтық жұмыс

Мұғалім оқушыларды кездейсоқ 3 топқа бөледі. Әр топқа теңдеулер беріледі, шығарып өз шешімдерін тақтаға іледі. Басқа топтар шығару жолын тексереді. Мұғалім бақылайды, қажет жағдайда түрткі сұрақтар қояды.

I топ:

Арақашықтығы 350км болатын А және В пунктерінен бір уақытта бір –біріне қарама-қарсы екі жеңіл көлік шығып, 2 сағ 20 мин өткен соң кездесті. Жеңіл көліктердің жылдамдықтарын анықтаңдар, егер біреуінің жылдамдығы екіншісінің жылдамдығынан 30км/сағ артық болғаны белгілі болса?

Шешуі: 2сағ 20мин=

v (км/сағ)

t (сағ)

S=vt (км)

1-жеңіл машина

х+30

350

2-жеңіл машина

х

х

V1=60км/сағ ; V2=90км/сағ ;

Жауабы: 60км/сағ ; 90км/сағ

II топ

Елді мекеннен шыққан жолаушылар автобуспен станцияға келіп, пойызға үлгерулері керек еді. Егер автобус 60км/сағ жылдамдықпен жүрсе, жолаушылар пойыздың жүру уақытынан 20 мин ерте келеді. Ал егер автобус 50км/сағ жылдамдықпен жүрсе, пойыздың жүру уақытынан 12 мин кеш келеді. Елді мекен станциядан неше километр қашықтықта орналасқан?

 Шешуі:

 

 v (км/сағ)

 t (сағ)

 S=vt (км)

 1-жағдай

 60

 

 

 

  тең

 2-жағдай

 50

 

 

 

 

 

 

 

 

 Есептің шарты бойынша қашықтықты табу керек. Сонда:

 

 Жауабы: 160 км.

 

III топ:

Елді мекен станциядан 4 км қашықтықта станция мен саяжай аралығында орналасқан. Елді мекеннен саяжайға қарай 75м/мин жылдамдықпен жаяу адам шықты. Жаяу адам 0,5 сағ жүрген соң, станциядан 200м/мин жылдамдықпен велосипедші шықты. Велосипедші неше минут жүрген соң, жаяу адамды қуып жетеді?

 Шешуі:

 v (м/мин)

t (мин)

S=vt (м)

Жаяу адам

75

х+30

75(х+30)

4000м <

 Велосипедші

200

х

200х

200x-75x-2250=4000

125x=6250

х=50

Жауабы: 50 минут

Қ.Б «Топаралық бағалау»

Мұғалім оқушылардан сызықтық теңдеуді шығару алгоритмін құруды сұрайды. Әр оқушы өз ойын айта алады, мұғалім түрткі сұрақтар қояды, алдыңғы мысалдарды еске түсіреді. Презентация бойынша қорытындылайды.

Жұптық жұмыс

Әр жұпқа мәтін есептер таратылады. Жұптар мәтінді есептердің математикалық моделін құру алгоритм жайлы қорытынды жасауы тиіс. Содан соң бір оқушыға барлық қорытындылау тапсырылады. Презентация бойынша қайта қарастырылып, бекітіледі.

Тапсырма:

1 жұп

Катер А пунктінен В пунктіне ағысқа қарсы жүзіп, 1 сағ 48 минутта барды. Катер қайтарда ағыспен жүзгендіктен, одан 18 мин кем уақытта В пунктінен А пункітіне келді. Ағыс жылдамдығы 2,4 км/сағ болса, катердің меншікті жылдамдығын табыңыз.

Шешуі:

v (км/сағ)

t (сағ)

S=vt (км)

Ағысқа қарсы

тең

 Ағыспен бірге

Жауабы: 26,4 км/сағ.

2 жұп

Моторлы қайық өзен ағысының бойымен 45 км жəне ағысқа қарсы 22 км қашықтықты жүзіп өту үшін барлығы 5 сағат уақыт жұмсайды. Өзен ағысының жылдамдығы 2 км/сағ болса, моторлы қайықтың тынық судағы жылдамдығын табыңыз.

Шешімі:

– қайықтың меншікті жылдамдығы

Қ.Б Топ ішінде «Бірін-бірі бағалау»

Өздік жұмысы

Әр оқушы өздігінен тапсырманы орындайды. Жауаптарын презентация арқылы тексереді. Мұғалімнен кері байланыс алады.

Өздік жұмысы:

Моторлы қайық өзен ағысына қарсы 144 км жүзіп барып, бөгелместен кері қайтты. Ағыстың бойымен жүзген жолына ағысқа қарсы жүзген жолынан 3 сағат кем уақыт жұмсады. Өзен ағысының жылдамдығы 2 км/сағ болса, моторлы қайықтың тынық судағы жылдамдығын табыңыз.

Шешімі:

– қайықтың меншікті жылдамдығы

Қ.Б «Өзін-өзі бағалау»

Слайд 2

Қосымша 1

Слайд 3

Слайд 4

Слайд 5

Слайд 6

Слайд 7

Слайд 8

Слайд 9

Слайд 10-11

Сабақтың соңы

35-40 мин

Үй жұмысы бойынша нұсқаулық беру.

Рефлексия: «БББ» әдісі

БББ» кестесінің алғашқы екі кестесін, яғни «не білемін», «не білгім келедіні» оқушылар жаңа тақырып басталмас бұрын толтырады. Жаңа білімнің маған берер пайдасы қандай болмақ деген сұрақтарға жауап беруге ұмтылады

Қорытынды.

Бағалау критерийлерін еске түсіре отырып, оқушылар өздігінен өз жұмыстарына баға береді. Қажет жағдайда мұғалім түрткі сұрақтар қояды.

Слайд 12

Қосымша ақпарат

Дифференциациялап оқыту – Оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз?

Бағалау – Оқушылардың білімін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-ні қолдану

Құндылықтармен байланыс

(тәрбие элементі)

Өздік, жұптық, топтық жұмыс формалары оқушылардың зерттеушілік дағдыларын дамытуға бағытталған. Жғары деңгейдегі нәтижелерге жеткен оқушылар қалған оқушыларға көмектеседі, көбірек тапсырма орындайды.

Ұсынылған тапсырмалар бойынша өзін-өзі, бірін-бірі бағалау, мұғалімнің жеке жұмысты бағалауы.

Денсаулықты сақтау технологиялары, бірін-бірі тексеру барысында оқушылар қозғалыста болады, интерактивті тақтаны қолдану және кабинетті дер кезінде желдету ережелерін сақтау.

Рефлексия

Сабақ мақсаты/оқу мақсаты қаншалықты жүзеге асты? Бүгін оқушылар нені үйренді? Оқыту ортасы қандай болды? Дифференциациялап оқыту өз мәнінде жүзеге асты ма? Өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба? Жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі тапсырманы атап көрсетіңіз (оқытуға және үйренуге қатысты).

1:

2:

Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқытуға және үйренуге қатысты)?

1:

2:

Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпаратты білдім?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
Пікір жазу