Шығарма мазмұны бойынша сұрақтар қою және жауап беру. Қалықта, ұшқыш кілемім! Б.Бұқарбек. Әдебиеттік оқу, 4 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Пән: Әдебиеттік оқу

Бөлім: Болашаққа саяхат

Сынып: 4

Мектеп:

Мұғалімнің аты-жөні:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

2.2 Шығарма мазмұны бойынша сұрақтар қою және жауап беру

Қалықта, ұшқыш кілемім! Б.Бұқарбек

Оқу мақсаттары

4.2.2.1 шығарманы қайта құруға, интерпретациялауға және бағалауға негізделген сұрақтар қою және жауап беру

4.2.1.1 шығарманы дауыстап түсініп, рөлге бөліп, мәнерлеп оқу, теріп оқу, шапшаң оқу

4.1.4.1 сөйлеу барысында мақал-мәтелдерді, өлең жолдарын, нақыл сөздерді, шешендік сөздерді және вербалды емес тілдік құралдарды қолдану

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: мәтінді түсініп оқиды, интерпретациялауға негізделген сұрақтар қояды және жауап береді;

Көптеген оқушылар: интерпретациялауға негізделген ашық сұрақтар қояды және жауап береді, сөйлей барысында мақал – мәтелдерді қолданады.

Кейбір оқушылар: сұрақтарды негіздей алады, өз ойын білдіруде

Бағалау критерийлері

  • Өлеңді қатесіз, мәнерлеп оқиды;
  • интерпретациялауға негізделген сұрақтар қояды;
  • сұрақтараға жауап береді;
  • өз ойын білдеруде мақал – мәтелдерді қолданады.

Құндылықтарды дарыту

Топтық, жұптық жұмыстарды орындау барысында ынтымақтастық орта қалыптастыру.

Пәнаралық байланыстар

Қазақ тілі, дүниетану.

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақта

Алдыңғы білімді игеру

Өлеңді мәнерлеп оқиды, сұрақтар құрастыра алады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Ширату тапсырмасы: «Еден-төбе-мұрын» ойыны

 Ойынның шарты: Жүргізуші сұқ саусағымен біресе төбені, біресе еденді, біресе мұрнын көрсетеді және “төбе”, “еден”, “мұрын” деп айтып тұрады. Жүргізуші кейде айтқан сөзі мен қимылын керісінше жасап, қатысушыларды жаңылыстыруға тырысады. Кім қателессе, орнына отырады. Соңында қалған үш адам жеңімпаз деп танылады.

 Сабақтың тақырыбы мен оұу мақсатын айту. Бағалау критерийлерімен таныстыру немесе бірлесе құрастыру.

Слайд №1-2

Сабақтың ортасы

16-19 минут

1-тапсырма

(Ө) «Қалықта, ұшқыш кілемім!» өлеңін мұғалім дауыстап оқиды. Өлеңді оқушыларға оқуды тапсырыңыз. Барлық оқушы өлеңді оқып болғаннан кейін, оқу тілін зерделеуге жұмыс жүргізіледі. Мысалы, түсініксіз сөздер түсіндіріледі. Оқушылардың өз ой мен пікірін пысықтау үшін немесе автордың айтайын деген ойын анықтау үшін өлеңді қайта шолу тапсырылады.

Саралау: Қабілеті төмен оқушылар өлеңді оқуға қосымша уақыт беруге болады.

ҚБ «Жұлдызша»

Жақсы жұмыс жасаған топқа жұлдызшалар тарату

2-тапсырма

(Т) «Жаңғақ» әдісі. Оқыған өлең бойынша сұрақтар құрастыр.

1.Оқушылар өз қалауымен 6 адамнан топқа бірігеді.

2.Топтағы әрбір оқушыға қиылған қағаз беріледі, ал топтың ортасына сұрақтар салатын ыдыс қойылады (себет, қапшық, қорап т.с.с).

3.Әрбір оқушы кесілген қағазға 1 сұрақтан жазады, сонан соң кесілген қағазды жаңғақтың формасына ұқсатып бүктеп, ортадағы қорапқа салады немесе тастайды.

4.Топтағы әрбір оқушы кезегімен ыдыстан сұрақтар жазылған «жаңғақты» ашып, оқып және оған жауап береді. Егер оқушы сұраққа жауап берсе, онда сұрақ жазылған қағаз өзінде қалады. Егер оқушы сұраққа жауап бере алмаса, онда басқа оқушылар жауап береді.

«Жаңғақ» бір оқушыдан екінші оқушыға ретімен домалау қажет. «Жаңғақты» қораптан алар кезде де осы реттілік сақталуы тиіс.

5.Сұрақтарға жауап берілгеннен кейін, қай оқушыда «жаңғақ» саны көп болса, сол оқушыға баға қойылады.

-Өлеңде қай өзен туралы айтылды?

-Өзен бойынан өткен кейіпкерлер қандай кереметтерді көрді?

-Шындыққа жақын сөз қайсы деп ойлаысың?

-Адамның ұшқыш кілеммен ұшу арманы орындалды деп ойлайсың ба? Мысалдар келтіре отырып дәлелде.

Саралау: қарқын тәсілі арқылы саралауды қолдануға болады. Кейбір оқушылар басқаларына қарағанда жылдам жұмыс істейді. Қосымша тапсырмаларды көп күш жұмсауды талап ететін оқушылар үшін қолдануға болады. Негізгі тапсырмаларды түсіндіруде көмек қажет ететін оқушыларға біршама уақыт беріледі.

Дескриптор:

-өлең мазмұны бойынша бағалау сұрақтарын құрастырады;

- сұраққа дәлелмен жауап береді;

-өз ойын білдіреді.

Б: Бұл тапсырма «Жапондық бағалау» әдісі (оқушылар бір-біріне баға береді) арқылы бағаланады.

3-тапсырма

(Ө) «Поэзия минуты» әдісі арқылы өлеңді мәнерлеп оқушыларға оқыту.

Дескриптор:

-өлеңді қатесіз мәнерлеп оқиды;

-сөздер мен сөз тіркестеріне екпін қояды;

-орфоэпиялық норманы сақтайды.

Саралау.Кейбір оқушыларға өлеңді мәнерлеп оқуда екпіннің дұрыс қойылуын, дауыс ырғағын көрсету қажет болады. Дайындалуға қосымша уақыт беріледі. Мұғалім тарапынан қолдау көрсетіледі.

Б. Оқушылардың бірін – бірі бағалауы.

4-тапсырма

(Ж) «Микрофон» әдісі. Берілген тұжырымдырдың бірін таңда. Мақал- мәтілдерді қолдана отырып, өз ойыңды айт.

1.Өтірік айтып қиялдай білу – қызық.

2. Өтірікті құрастыру- үлкен шеберлік.

3. Өтірік өлеңдер – болашақ туралы арман, қиял.

Дескриптор:

-сөйлеу барысында мақал – мәтелдерді қолданды;

-дәлелдер келтірді;

-өз пікірін білдірді.

Б. «Бағдаршам» әдісі арқылы бағалау.

Оқулық

Слайд №3

Қағаз, қорап

1-қосымша

Слайд№4

2-қосымша

Сабақтың соңы

Рефлексия

(Ұ) «Портрет» әдісі.

Қатысушылар төбелеріне А4 форматтағы қағазды қойып алып, 5 минут ішіне әуен тыңдай жүріп бүгінгі үйренгендерін қортындылай келе тақырыпқа байланысты қалаған портретін салады. Музыка тоқтаған соң, астына өз қолтаңбасын қалдырып, портретті мұғалімге табыстайды. Сабақ барысында қандай тақырыпты талдағандарын айтып, сабаққа рефлексия жасайды.

Слайд №5

3-қосымша

Саралау

1-тапсырмада

Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Қабілеті төмен оқушылар өлеңді оқуға қосымша уақыт беруге болады.

2-тапсырмада

Қарқын тәсілі арқылы саралауды қолдануға болады. Кейбір оқушылар басқаларына қарағанда жылдам жұмыс істейді. Қосымша тапсырмаларды көп күш жұмсауды талап ететін оқушылар үшін қолдануға болады. Негізгі тапсырмаларды түсіндіруде көмек қажет ететін оқушыларға біршама уақыт беріледі.

3-тапсырмада

Кейбір оқушыларға өлеңді мәнерлеп оқуда екпіннің дұрыс қойылуын, дауыс ырғағын көрсету қажет болады. Дайындалуға қосымша уақыт беріледі. Мұғалім тарапынан қолдау көрсетіледі.

Бағалау

«Жұлдызша» әдісі

«Жапандық бағалау», «Бағдаршам»

Дескриптор

  • Өлеңді қатесіз, мәнерлеп оқиды.
  • Шығарма мазмұны бойынша сұрақтар қояды, жауап береді;
  • Сөйлеу барысында мақал – мәтелдерді қолданады;
  • Өз пікірін білдіреді.

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Топпен жұмыс жасауда қауіпсіздік ережесін сақтау

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсатына жеттім бе?

Оқушылар не үйренді?

Ынтымақтастық атмосферасы орнады ма?

Оқушылар арасындағы дифференциациялау бойынша іс-әрекеттер ұтымды болды ма?

Жоспарланған уақытты ұстандым ба?

Жоспардан қандай шегіністер жасадым және неліктен?

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік,қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
Пікір жазу