Шығармадағы оқиғаны болжау. Бізді мазалаған сұрақтар. А.Беляев «Адам ұшуды қалай үйренді?». Әдебиеттік оқу, 4 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Пән: Әдебиеттік оқу Бөлім: Ғарышқа саяхат Сынып: 4 | Мектеп: Нұр-Сұлтан қаласы №68 мектеп-гимназиясы Мұғалімнің аты-жөні: Махамбетова С.А Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | |||||
Сабақ тақырыбы | 1.3 Шығармадағы оқиғаны болжау Бізді мазалаған сұрақтар А.Беляев «Адам ұшуды қалай үйренді?» | |||||
Оқу мақсаттары | 4.1.3.1шығарманың тақырыбы және қорытынды бөлімі негізінде сюжеттің дамуын болжау,оның себебін түсіндіру 4.3.4.1мұғалімнің көмегімен шығарманың құрылымын,стилін жетілдіру,өз бетінше сын тұрғысынан бағалау және лексикалық, орфорграфиялық,пунктуациялық қателерді тауып түзету. | |||||
Сабақ мақсаттары | Барлық оқушылар: Шығарманың тақырыбына сүйеніп, сюжеттің дамуын болжай алады. Көпшілік оқушылар: Шығарманың құрылымын,стилін жетілдіре алады Кейбір оқушылар: Өз бетінше сын тұрғысынан бағалау жүргізе алады. | |||||
Бағалау критерийлері |
| |||||
Тірек сөздер | Жақсылық жасау,көмектесу. Жақсылық пен жамандық туралы өмірден мысалдар келтіреді. | |||||
Құндылықтарды дарыту | Кедергілерден қорықпауға, оны жеңе білуге үйрену. | |||||
Пәнаралық байланыстар | Дүниетану | |||||
АКТ қолдану дағдылары | Интербелсенді тақта | |||||
Алдыңғы білімді игеру | Шығарманың жанрлық ерекшелігін біледі, өз ойын еркін жеткізе алады, дереккөздермен жұмыс жасай алады | |||||
Сабақ барысы | ||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||
Сабақтың басы 1-5минут | Ширату тапсырмасы «Мен қандаймын» ойыны. Мақсаты: Адам бойындағы жақсы қасиеттерді айту. Ойын барысы: балалар шеңберге тұрып, бір - біріне допты беріп, сол бала жайлы пікірін айтады. Мысалы: Айгүл, сен әдемі, ақылды қызсың. Қанат сен тәртіпті, ұқыпты баласың. Сабақтың тақырыбы мен оқу мақсатымен таныстыру. Бағалау критерийін оқушылармен бірлесе құрастыру немесе таныстыру, | Доп Слайд №1-3 | ||||
Сабақтың ортасы 6-11 минут 12-20 минут
21-26минут 27-35минут | «Сұраққа жауап бер» әдісі Суреттегі сұрақтардың қайсысына жауап бере аласың? Суретті пайдалан. 1.Ғарышқа не үшін ұшады? 2.Құстар қалай ұшады? 3.Доп неге шар сияқты ұшпайды? 4.Ұшуды кім ойлап тапты? 5.Не ауыр? Не жеңіл? Саралау:Суретті пайдалана отыра, бір-бірлеріне сұрақтар қояды. Оқушылар жұмыстарының барлығы бағаланады. Автормен танысу Александр Романович Беляев (1884-1942)-ғылыми-фантастикалық романдар жазған орыс жазушысы.Автордың «Қосмекенді адам» атты кітабы су астында өмір сүре алатын адам туралы. Бұл фантастикалық роман бойынша көркем фильм де түсірілген. Түсініп оқы,болжа Топтарға мәтін бөлігі таратылады. Мәтін бөлігін оқып, өз топтарында талқылайды. Талқылауға аз ғана уақыт беріледі. Бастапқы топқа қайта келіп, қолдарындағы мәтін бөліктерін құрастырады. Топтарға мәтіннің толық нұсқасы таратылады. Толық мәтін мазмұнымен танысып, мәтін желісін топ мүшелері бірлесіп отырып аяқтайды. Саралау: Топта балалар бірге жұмыс жасайды және өз идеяларын айтуға үйренеді. «Сандықша» әдісі Жаңа сөздікпен жұмыс жүргізіледі. Сутек-ең жеңіл газ Көксеу-армандау ҚБ «Бағдаршам» Жасыл түс(тапсырманы толық,дұрыс орындаса)-Өте жақсы Сары түс(тапсырманы толық орындамаса)-Жақсы Қызыл түс(тапсырма толық емес және қателіктер болса)-Орташа Анықта Мәтіннің түрін анықтау. Дәлелдеу ҚБ «Қол шапалақтау» Тапсырманы дұрыс орындағандарды қол шапалақтау арқылы бағалау Құрастыр «Мозайка» әдісі Әрбір топқа сурет қиындыларын тарату. Оқушылар сурет қиындыларынан сурет құрастырып,суреттегі ұшу аппараттарын сипаттау. Саралау:Топтық тапсырмалар арқылы оқушылардың ынтасы артады. Оқушылар бір-бірін тыңдайды және толықтырады ҚБ «Бір-бірін бағалау» Топтар бір-бірінің жұмысын бағалау арқылы әр топ өз жұмысында нені жақсарту керектігін анықтайды. | Слайд №4 Оқулық 5-7 бет Слайд №5 Қосымша 1 Слайд №6 Қосымша 2 Қосымша 3 https://yandex.kz/images/search?text=картинки%20летательный%20аппарат&stype=image&lr=163&source=wiz | ||||
Сабақтың соңы 36-40 минут | «Шеңбердегі доп» әдісі Шеңберлене отырып, бір-біріне кішкене допты лақтырады. Доп алған оқушы сабақ туралы ойын бір сөйлем айтады. | доп | ||||
Саралау 1.Суретті пайдалана отыра, бір-бірлеріне сұрақтар қояды. Оқушылар жұмыстарының барлығы бағаланады. 2. Топта балалар бірге жұмыс жасайды және өз идеяларын айтуға үйренеді. 3. Топтық тапсырмалар арқылы оқушылардың ынтасы артады. Оқушылар бір-бірін тыңдайды және толықтырады. | Бағалау «Бағдаршам» әдісі «Қол шапалақтау» әдісі «Бір-бірін бағалау» әдісі Дескриптор 1.Сұрақтарға жауап береді. 2.Мәтіннің бөлігін оқып,стилін жетілдіреді. 3. Өз бетінше сын тұрғысынан бағалау жүргізеді. 4.Сурет қиындыларын құрастырып,сипаттайды. | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы Топ ережесін сақтау ескеріледі Желіммен жұмыс жасауда қауіпсіздік ережелері ескертіледі | ||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсатына жеттім бе? Оқушылар не үйренді? Ынтымақтастық атмосферасы орнады ма? Оқушылар арасындағы дифференциациялау бойынша іс-әрекеттер ұтымды болды ма? Жоспарланған уақытты ұстандым ба? Жоспардан қандай шегіністер жасадым және неліктен? | ||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік, қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?