Әдеби көркемдегіш құралдардың қолданысын анықтау. Әдебиеттік оқу, 4 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Пән: Әдебиеттік оқу

Бөлім: Табиғат құбылыстары

Сынып: 4

Мектеп: Астана қаласы, №54 мектеп- лицей

Мұғалімнің аты-жөні: Оразбекова Г. А.

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

2.7. Әдеби көркемдегіш құралдардың қолданысын анықтау

Оқу мақсаттары

4.2.7.1 шығармадан әдеби көркемдегіш құралдарды (теңеу, кейіптеу, эпитет, аллитерация, әсірелеу) табу және оларды қолдану;

4.2.1.1 мәтінді дауыстап түсініп/ рөлге бөліп/мәнерлеп/ теріп оқу.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: мәтінді түсініп оқи алады, мазмұнын жүйелі баяндайды;

Көпшілік оқушылар: оқығаны бойынша әңгіме жаза алады;

Кейбір оқушылар: көркем-бейнелі сөздерді таба алады, мәтінге жаңа деректер қосып, толықтырып әңгімелейді.

Бағалау критерийлері

  • шығарманың мазмұнын жүйелі баяндайды, мәтінді түсініп оқиды;
  • оқыған мәтіні бойынша әңгіме жаза алады;
  • әдеби көркемдегіш құралдарды табады;
  • мәтінге жаңа деректер қосып, толықтырып әңгімелейді.

Тірек сөздер

Таңның атуы, шығыс жақ, алқызыл көкжиек, Шолпан жұлдызы, таң сәулесі.

Құндылықтарды дарыту

Топтық,жұптық жұмыстарды орындау барысында ынтымақтастық орта қалыптастыру.

Пәнаралық байланыстар

Қазақ тілі,көркем еңбек

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақта

Алдыңғы білімді игеру

Мәтінді түсініп оқиды. Мазмұнын жүйелі баяндайды.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

1-5 минут

Ширату тапсырмасы

«Есім және қимыл» жаттығуы

Әрқайсысы кезекпен алға адымдап, өз есімін айтып, қандай да бір өзіне ыңғайлы қимыл жасайды. Ал қалғандары хормен аталған есімді  қайталап, жасаған қимылды орындап шығарып салады.

Оқушылар табиғат көрінісіне байланысты суреттер арқылы топтарға бірігеді.

Слайд №1-3

https://www.google.kz/search?rlz=1C1DVJR_ruKZ800KZ800&tbm=isch&sa=1&ei=eJ_PW6WyKoKNsAG0gLT4BQ&q=картинки+детские+природа

Сабақтың ортасы

6-11минут

12-17минут

18-28 минут

29-37минут

Автормен танысу

Мұқан Иманжанов – (1916-1958) Қарағанды облысы, Жезді ауданында дүниеге келген. Жазушы.

1-тапсырма

(ЖЖ) «Сандықша » әдісі

Оқушылар ішінен бір жүргізуші сайланады. Жүргізушінің қолында қорап немесе сандықша болуы керек. Оқушылар сандықшаға салынған кез келген тірек сөзді алып, дауыстап оқиды, толық жауап беруге тырысады. Кімге қатысты екенін айтып, толық жауап беруге тырысады. Қойылған тірек сөздерге берілген жауап бағаланады.

Тірек сөздер:

«Алғашқы айлар», «Шаңғышылар», «Бурабайға саяхат», Жарқын, Сапар.

Саралау: Тірек сөздерге толық, нақты жауап беруіне көңіл бөлу. Сонымен бірге көмекші тірек сөздермен көмек беруге болады.

Б «Қол шапалақтау»

Тірек сөздерге дұрыс жауап бергендерді қол шапалақтау арқылы бағалау.

2-тапсырма

(Ұ, МК) «Бірлескен оқылым» әдісімен оқулықтағы Мұқан Иманжановтың «Таңның атуы» мәтінін оқу ұсынылады.

1.Мәтінді жеке оқып, түсініксіз сөздерді белгілейді.

2.Оқушылар мәтінге талдау жасап, сұрақтарға жауап береді.

  • Атып келе жатқан таңды суретте
  • Таң сәулесі

Б «Басбармақ» әдісі арқылы оқушылар мысалға талдау жасап, қалай оқығандары үшін өздерін бағалау ұсынылады

3-тапсырма

(Т) «Кластер» әдісімен мәтіннен осы тақырыпты ашатын 5 сөз тіркесін тауып ата.

  • Кластерді толтырады.
  • Әр топ өз жұмыстарын ортаға салып талдайды.

Саралау: Оқушылар өздеріне берген тапсырма бойынша ой бөлісіп, ойларын ортаға салып, ортақ шешімге келеді

Б «От шашу» әдісімен топтар өз жұмыстарын бағалайды.

4-тапсырма (ЖЖ) «Төрт сөйлем» әдісі арқылы « Таңның атуын» сипаттап жазады.

Саралау: Жұппен жұмыс жасауда өз ойларымен бөліседі. Өзге оқушыларды тыңдап жұмыстарына баға береді.

Б. Мадақтама. Оқушылардың берілген тапсырма бойынша орындаған іс-әрекетін «Тамаша!» «Жарайсың!» «Керемет!»сөздерімен мадақтаймын.

Слайд 4

Слайд №5

Қосымша 1

Қосымша 3

Слайд №6

Қосымша 2

Слайд №7

Қосымша 4

Слайд №8

Сабақтың соңы

38-40 минут

«Кемпірқосақ» әдісі

Тақтадағы кемпірқосақ суретіне өз есімдері жазылған стикерлерді желімдейді. Олар ең төмендегі қызыл түстен ең жоғары орналасқан күлгін түске стикерлерді желімдеу арқылы өздерінің сабақтағы түсінік (немесе көңіл-күй) деңгейін білдіреді.

Слайд №9

https://www.google.kz/search?q=радуга+картинки+детские&rlz=

Саралау

1-тапсырмада

Қабілеті төмен оқушылар мәтінді ұзақ оқитындықтан оларға қосымша уақыт беруге болады

2-тапсырмада

Сұрақтарға толық, нақты жауап беруіне көңіл бөлу. Сонымен бірге жетекші сұрақтар қоюға болады

3-тапсырмада

Оқушылар өздеріне берген тапсырма бойынша ой бөлісіп, ойларын ортаға салып, ортақ шешімге келеді.

4-тапсырмада

Жұппен жұмыс жасауда өз ойларымен бөліседі. Өзге оқушыларды тыңдап жұмыстарына баға береді

Бағалау

«Жұлдызша» әдісі

«Қол шапалақтау» әдісі

«Бағдаршам» әдісі

«Бір-бірін бағалау»әдісі

Дескриптор.

шығарманың мазмұнын жүйелі баяндайды, мәтінді түсініп оқиды;

оқыған мәтіні бойынша әңгіме жаза алады;

әдеби көркемдегіш құралдарды табады;

мәтінге жаңа деректер қосып, толықтырып әңгімелейді.

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Топпен жұмыс жасауда қауіпсіздік ережесін сақтау

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсатына жеттім бе?

Оқушылар не үйренді?

Ынтымақтастық атмосферасы орнады ма?

Оқушылар арасындағы дифференциациялау бойынша іс-әрекеттер ұтымды болды ма?

Жоспарланған уақытты ұстандым ба?

Жоспардан қандай шегіністер жасадым және неліктен?

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?
Пікір жазу