алу
👈 қаріп өлшемі 👉
қосу

Өнерлінің қолы алтын. Әдебиеттік оқу, 3 сынып, дидактикалық материал.


Бөлім: Сәулет өнері

Сабақ тақырыбы: Өнерлінің қолы алтынМұзафар Әлімбаев «Он саусақ», Шона Смаханұлы «Он саусақ»»

Оқу мақсаттары:

3.2.3.1 шығарманың тақырыбын анықтау және негізгі ойды білдіріп тұрған мәтін бөлігін, сөйлемді табу

3.2.7.1 мұғалімнің көмегімен шығармадағы әдеби көркемдегіш құралдарды (теңеу, эпитет, кейіптеу) табу

Сабақ мақсаттары:

Барлық оқушылар: өлеңге тақырыбын анықтай алады;

Көптеген оқушылар: өлеңнің негізгі ойын анықтайды; өлеңнен көркем сөздерді табады;

Кейбір оқушылар: өлеңнің негізгі ойын анықтайды, өлеңнен көркем сөздерді анықтайды; өз ойын білдіруде көркем сөздерді қоланады.

Бағалау критерийлері:

  • өлеңге тақырыбын біледі;
  • өлеңді қатесіз, мәнерлеп оқиды;
  • өлеңдегі негізгі ойды білдіріп тұрған сөйлемді, бөлікті анықтайды;
  • өлеңнен көркем сөздерді (теңеу,эпитет) табады..

Сабақ барысы

Сабақтың басы

Оқушыларды отбасындағы орны бойынша 5 топқа біріктіреміз.

1-(тұңғыштар): - «Бас бармақ»

2-(ортаншы ): - «Балалы үйрек»

3-(ортаншы): - «Ортан терек»

4-(ортаншы): - «Шылдыр шүмек»

5-(кенжесі): - «Кішкентай бөбек»

Оң жағымда бес сарбаз,

Сол жағымда бес сарбаз.

(Он саусақ) жұмбақ жасыру арқылы сабақтың тақырыбын анықтайды.

Сабақ тақырыбы және оқу мақсаттарымен таныстыру

Оқушылармен бағалау критерийін құрастыру немесе таныстыру

Сабатың ортасы

1-тапсырма

«Балапан және оның достары» - мамандық туралы мультфильмді көреді және жетелеуші сұрақтар арқылы сабақ тақырыбына болжам жасайды. Мазмұнын ашатын үлгі сұрақтар ұсынылып отыр.

-Мультфильмде адам еңбегінің қандай түрлері әңгімеленеді?

-Қандай мамандықтар аталып өтті?

-Осыдан да басқа мамандықтар жөнінде не білесің?

-Саған мамандықтың қайсысы ұнайды?

-Мультфильмге ат қояйық, қалай атар едіңдер?.

(Б) «Шапалақ» әдісі арқылы бағалау

Авторлар: Мұзафар Әлімбаев - Қазақстанның халық жазушысы, мемлекеттік сыйлығының лауреаты Павлодар облысы, Шарбақты ауданында дүниеге келген. (1923ж.- 2017ж.)

Шона Смаханұлы - Қазақтың белгілі сықақшысы, ақын. Жамбыл облысы, Талас ауданында дүниеге келген. (1924ж.- 1988ж)

2-тапсырма

М.Әлімбаевтің «Он саусақ» өлеңін мәнерлеп, түсініп оқиды.

Ш. Смаханұлының «Он саусақ» өлеңін үнтаспадан тыңдайды. (оқулық дискісінен аласыз)

Әр жұп «Салыстыру картасына» өлеңдегі негізгі ойды білдіріп тұрған сөйлемді анықтайды, екі өлеңнен де көркем сөздерді (теңеу,эпитет) тауып, картаны толтырады.

«Салыстыру картасы» Үлгі:

Өлең авторлары

Тақырыбы

Өлеңге тақырып қой (өзің қалай атар едің?)

Өлеңдегі негізгі ойды жаз

Он саусақ туралы тіркестер жаз

Өлеңнің әр шумағына ат қой

Өлеңде аталған адам еңбегінің түрлерін жаз

Көркем сөздерді теріп жаз

(ҚБ) дескриптор бойынша бағалау.

өлеңге тақырыбын біледі;

өлеңді қатесіз, мәнерлеп оқиды;

өлеңдегі негізгі ойды білдіріп тұрған сөйлемді, бөлікті анықтайды;

өлеңнен көркем сөздерді (теңеу,эпитет) табады.

3-тапсырма

«Көршіңе хабарлас» әдісіне сүйеніп оқушыларға телефонның әр түрлі түсін таратып беріледі. Оқушылар «Өнерлінің қолы алтын» дегенді қалай түсінетіндері туралы бір-бірімен ой бөліседі. Әрбір оқушының өз ойын айтуы қадағаланады.

(Б) «Бағдаршам » арқылы өзара бағалау

4- тапсырма (дәптермен жұмыс)

«Рефлексия» әдісі бойынша оқушыларға «Өзің қандай мамандықты ұнатасың?» мысалдар келтіріп жазу ұсынынылады. (5-6 сөйлеммен)

(Б) «Отшашу» әдісі арқылы бағалау

Сабақтың соңы

Кері байланыс

«Бес саусақ» тәсілі

Оқушылар параққа алақандарын қойып, оны қаламмен айналдырып өтеді.Осыдан соң олар мынадай сұрақтарға жауап беріп, салынған саусақтарына жазады.

Бас бармақ – басты мәселе. Бүгін сабақта ең құнды мәселе қандай болды?

Балалы үйрек- бірлесу. Мен топта қалай жұмыс жасадым? Кімге көмек бердім?

Ортан терек- ойлану. Мен бүгін қандай білім мен тәжірибе алдым?

Шылдыр шүмек – шынайылылық. Сабақ маған ұнады ма? Неліктен?

Кішкентай бөбек – көңіл күй ахуалы.

Оқушылар сұрақтарға жауап береді.

Ескерту: кері байланысың басқа түрлерін де алуға болады.


Құрметті оқырман! Файлдарды күтпестен жүктеу үшін біздің сайтта тіркелуге кеңес береміз! Тіркелгеннен кейін сіз біздің сайттан файлдарды жүктеп қана қоймай, сайтқа ақпарат қоса аласыз! Сайтқа қосылыңыз, өкінбейсіз! Тіркелу
Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:


Қарап көріңіз 👇



Жаңалықтар:
» Оқушылардың соңғы қоңырау мерекесі 1 маусымда өтеді 05.02.2023
» Ультракүлгін лак кептіргіштер қатерлі ісік ауруын тудыруы мүмкін 02.02.2023
» Қазақстанға 5G қашан келеді? 28.01.2023

Пікір жазу



Келесі мақала, жүктелуде...
Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы