Аққу, Шортан, һәм Шаян. 3 сынып


Аққу, Шортан, һәм Шаян

(мысал)

Жүк алды Шаян, Шортан, Аққу бір күн,

Жегіліп тартты үшеуі дүркін-дүркін.

Тартады Аққу көкке, Шаян – кейін,

Жұлқиды суға қарай Шортан шіркін.

Бұлардың машақаты аз болмады,

Жұмысы орнына кеп мәз болмады.

Тартса да бар күштерін аямай- ақ,

Асылы, жүк орнынан қозғалмады.

Оншама ол жүк артық ауыр емес,

Құр сырттан «пәлен» деу де тәуір емес.

Жүк бірақ әлі күнге орнында тұр,

Бірыңғай тартпаған соң бәрі тегіс.

Жігіттер, мұнан ғибрат алмай болмас,

Әуелі бірлік керек, болсаң жолдас.

Біріңнің айтқаныңа бірін көнбей,

Істеген ынтымақсыз ісің оңбас.

И.А.Крылов Аударған Ахмет Байтұрсынов

1-қосымша

Мысалдың үзіндісін иллюстрация нұсқасымен салыстырып, әрі қарай не болатынын болжа.

2-қосымша

«Аққу, Шортан, һәм Шаян» мысалындағы әдеби көркемдегіш құралды (кейіптеуді) тап.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter




Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу