Табиғат тағылымы Аударған Абай Құнанбаев. Шегіртке мен құмырсқа. 3 сынып


Сабақ тақырыбы№4 Табиғат тағылымы Аударған Абай Құнанбаев. Шегіртке мен құмырсқа

Оқу мақсаты

3.1.3.1. Шығармадағы кейіпкерлердің мінез-құлқы мен іс-әрекетіне, ондағы оқиғаларға сүйеніп, сюжеттің дамуын болжау ;

3.2.4.1 Өлең, мысал, нақыл сөз, аңыз, бата, әңгіменің жанрлық ерекшеліктерін анықтау;

3.2.6.1 Кейіпкердің портретін сипатта, оның іс-әрекеті, мінез-құлқының өзгеру себептерін мәтіннен тауып, бағалау.

Сабақ мақсаты

Барлық оқушылар:. шығарма жанрын ажыратады, мысал мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді;

Көптеген оқушылар: кейіпкерге мінездеме береді, кейіпкердің іс-әрекеті туралы ойын айтады;

Кейбір оқушылар: оқиғаның соңын болжап айтады, кейіпкерлердің атынан диалогті жалғастырады

Бағалау критерийлері

мысал мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді;

кейіпкердің мінез-құлқының өзгеру себебін анықтайды;

кейіпкердің іс-әрекеті туралы ойын айтады;

кейіпкерге мінездеме береді;

оқиғаның соңын болжап айтады;

кейіпкерлердің атынан диалогті жалғастырады.

Сабақ барысы

Сабақтың басы

Ширату тапсырмасы.

Оқушыларды «Мозайка» әдісі арқылы жәндіктердің (жәндіктер атаулары өз еркіңізде) қима суреттерін құрастыру арқылы 4 топқа біріктіреміз.

1-топ: «Шегіртке»

2-топ: «Құмырсқа»

3-топ: «Көбелек»

4-топ: «Инелік»

Оқушылар қима суреттерді құрастырып,олар туралы өз білетіндерін айтады, топтарға бірігеді.

Сабақ тақырыбы және оқу мақсаттарымен таныстыру

Оқушылармен бағалау критерийін құрастыру немесе таныстыру

(МК, Ұ,) 1-тапсырма «Топтастыру» әдісі арқылы шегіртке мен құмырсқа туралы білетіндерін жазады. )Дидактикалық материалда көрсетілген)

Жұмбақ шешу

1. Ат басты,

Арқар мүйізді.

Бөрі кеуделі,

Бөкен санды. (Шегіртке)

2. Ине бел, қылқа мойын, қара батыр,

Қара тауды арқалап бара жатыр. (Құмырсқа)

Саралау: тапсырма бойынша саралау жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Тапсырманы орындау кезінде бірін-бірі тыңдап, толықтырады. Қабілеті төмен оқушыларға қолдау көрсетіледі.

(Б) оқушылар бірін – бірі смайлик арқылы бағалайды

(МК, ОТ, ЖЖ)Автор туралы

«Пікірлер ағашы» стратегиясымен Абай Құнанбаев туралы не білетінін ағашқа жазады. (алдын ала берілген тапсырма)

1. Ол кім?

2. Қайда туған

3.Қандай қызмет атқарған?

4. Қандай шығармаларын білесің?

Толықтыру:

Абай Құнанбаев- қазақтың ұлы ақыны, аудармашы. Семей өңіріндегі Шыңғыстауда дүниеге келген. Орыс тілін жетік меңгерген. Абай Крыловтың 13 мысалын аударған Соның бірі «Шегіртке мен құмырсқа»

Иван Андреевич Крылов - орыс ақыны, мысалшы, аудармашы

(Ұ; Т, МК) 2- тапсырма «Болжау» стартегиясымен Құмырсқа мен шегіртке (каз) – YouTube мысалының үзіндісін көреді. Сабақ тақырыбы мен оқиға соңын болжайды. Мультфильмді соңына дейін көреді. Оқулықтан мысалды түсініп оқиды. Сөздікпен жұмыс жүргізіледі. Мысал мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді. «Ашық миркофон» әдісі арқылы кейіпкерлер атынан диалогті жалғастырады. «Еркін талқылау» әдісін қолдана отырып кейіпкерлерді сипаттап, кейіпкерге қатысты сөздерді дәптерге жазады.

Саралау: тапсырма бойынша саралау жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Тапсырманы орындау кезінде бірін-бірі тыңдап, толықтырады. Қабілеті төмен оқушыларға қолдау көрсетіледі.

(ҚБ) дескриптор бойынша бағалау.

мысал мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді;

кейіпкердің мінез-құлқының өзгеру себебін анықтайды;

кейіпкердің іс-әрекеті туралы ойын айтады;

кейіпкерге мінездеме береді;

оқиғаның соңын болжап айтады;

кейіпкерлердің атынан диалогті жалғастырады.

( МК, ЖЖ) 3-тапсырма суретпен жұмыс

«Суреттеуші» әдісі арқылы сурет бойынша сұрақтарға жауап береді. Оқылған мысалдан сурет мазмұнына сәйкес бөлікті табады. Қай мезгіл екенін анықтайды, дәлелдер келтіреді.

Үлгі сұрақтар:

Жылдың қай мезгілі бейнеленген?

Суреттегі жәндіктердің атын ата

Құмырқа мен шегіртке киімі туралы не айта аласың?

Шегірткенің жай күйі қалай?

Саралау: тапсырма бойынша саралау жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтижелер күтіледі. Оқушылар бірге жұмыс жасап, ақпаратты іздеуге немесе өз идеяларын айтуға үйренеді. Мәтін құрастыруда кейбір топтарға мұғалім қолдау көрсетеді.

(Б) оқушылар бірін – бірі бағдаршам арқылы бағалайды.

( МК, Ұ) 4 - тапсырма «Бірге ойлаймыз» әдісімен мысалды талдап, кестеге сүйеніп толтырады.

Саралау. Тапсырма бойынша жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Қабілеті төмен оқушы мен қабілеті жоғары оқушылар жұптасады. Оқушылар бір – бірімен ой бөліседі, идеяларын ортаға салады.

(Б) «Бас бармақ» әдісі арқылы бағалау

Сабақтың соңы

Кері байланыс: «Алма ағашы»

Оқушыларға сабақ басында екі түсті «алма» беріледі. Сабақ соңында оны алма ағашына ілу керек. Жасыл түсті алма – мен бүгін бәрін жақсы орындадым деп ойлаймын: менің көңіл – күйім көтеріңкі. Сары түсті алма – мен тапсырманы орындай алмадым, көңіл – күйім жоқ.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
Пікір жазу