Қараторғай. 3 сынып


 Қараторғай 

 

 Көктем күнінің жылы, жарық сәулесі жерге түсіп, қар еріп жатыр. Күнгей жақ алатегенек бола бастады. Қарға ұзақ қарқылдап жүр. Қамбар отағасы бірдеңе істеп жатыр. Қасында қамалап балалар жүр.

  • Ата, не істеп жатырсыз?
  • Қонағыма үй істеп жатырмын.
  • Сіздің қонағыңыз кім?
  • Қонағымды көрерсің.
  • Қонағыңыз қандай?
  •  Қонағым қол басындай, мінезі қорғасындай... – деп қарт жымияды.  Қарттың сөзіне түсіне алмай, балалар тұрып-тұрып таласты.

 Қар кетті. Күн шықты. Күн майдай. Мінеки уыстаған тас. Ауылдың үстіне келіп жарқ беріп бұрылды, олай-бұлай айналды дасау етті. 

 Биік ағаштың басында Қамбар атайдың кішкене үйшігі қалқиып тұр. Қараторғайлар ұшып ауылға келді. Біреуі барып үйшіктің басына қонды. Жан-жағына жалтақтап қарады да, үйшіктің дөңгелек тесігінен ішіне кіріп кетті. 

 Өзге торғайлар да ағаштың басынан орын алып, ұшып-қонып жүр. Бауда, көк шөптің арасында жыбырлап қоңыздар жүр еді. Қараторғайлар ағаштан түсе-түсе қалып, қоңыздарды теріп жей бастады. Қаужанып алып, шалшықтан су ішіп, демалуға ағаш басына барып қонысты. Тынығып алғасын, ән салысты.  Манағы үйшікке кірген торғай сонда мекендеп алды. Күзге шейін кетпеді. Қамбар атай шөп шапса, қараторғайы шегіртке қырады. 

 Құрт, қоңыз, шегіртке, инелік, маса-шыбын – бәрі де егіннің жауы ғой. Сол жаулардың бәрін қараторғай құртады. Қараторғайдың пайдасы санап бітіргісіз. Қамбар атайдың «қонағым қол басындай, мінезі қорғасындай» дегені сол қараторғай екен.

 

 Жүсіпбек Аймауытов

1-қосымша

Қараторғай мәтінен түсініксіз сөздерді белгілеп оқыңдар. Мысалы, Қаумалап – бірнеше адамның қоршап, жиналып алуы. Сөздердің мағынасын түсіндірме сөздіктен қарап, бірлесе талқылаңдар.

2-қосымша. Карточкамен жұмыс

  • Мазмұны бойынша мәтінді бөліктерге бөліңдер.
  • Бөліктерге бөліп алғаннан кейін жұмыстарынды келесі топқа өткізіңдер.
  • Әр бөліктегі жұмыстарды талқылаңдар.
  • Мазмұны бойынша мәтінді бөліктерге бөліңдер.
  • Бөліктерге бөліп алғаннан кейін жұмыстарынды келесі топқа өткізіңдер.
  • Әр бөліктегі жұмыстарды талқылаңдар.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
Пікір жазу