Алмастың ағашы. 3 сынып


Пән: Әдебиеттік оқу

Тарау: Жанды табиғат

Сабақ тақырыбы: Алмастың ағашы

Оқу мақсаттары

3.2.9.1 шығарманың мазмұнына сәйкес түрлі дереккөздерден: иллюстрация, әдеби кітаптар, мультфильм нақты ақпаратты табу және ақпаратты сызба түрінде беру

3.2.3.1 шығарманың тақырыбын анықтау және негізгі ойды білдіріп тұрған мәтін бөлігін/сөйлемді анықтау

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: Шығармадан негізгі ойды білдіретін сөйлемдерді анықтайды;

Көпшілік оқушылар: Мәтіннен нақты ақпаратты тауып, сызба түрінде көрсетеді;

Кейбір оқушылар: Мәтін мазмұнына сәйкес дереккөздерден ақпарат табады.

Бағалау критерийлері

  • Мәтіннен негізгі ойды білдіретін бөлікті анықтайды
  • Мәтіннен нақты ақпаратты тауып, сызба түрінде көрсетеді.
  • Шығарманың мазмұнына сәйкес түрлі дереккөздерден ақпаратты табады.

Сабақ барысы

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Сабақтың басы

Ширату

«Сәлемдесу» ойыны

Оқушыларға белгі берілгенде бір -бірімен амандасады. Көзбен,қолмен, иықпен, тіземен, арқамен амандасады.Қимылды тез жасаулары керек

Сонымен, көзбен… қолмен… иықпен… тіземен… арқамен

Топтарға бөліну

Балалардың түрлі түсті бас киімдерін таңдау арқылы топтарға бөлінеді. Оқушылар түрлі түсті бас киімдерін таңдап, алты топқа бөлінеді. Әр топта төрт оқушыдан отырады. Сабақтың тақырыбы, оқу мақсатымен таныстыру. Бағалау критерийін оқушылармен бірлесе құрастыру немесе таныстыру.

Сабақтың ортасы

Мархабат Байғұтов(25 мамыр,1945 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы,Түлкібас ауданы,Пістелі ауылында туған)-жазушы,журналист,аудармашы.Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

1-тапсырма

(Ө,ЖЖ,Т)«Үштік» әдіс(Ойлан, жұптас, бөліс)

Топ бойынша тапсырманы оқиды. Топтағы бірінші оқушы оқиды немесе айтады, екінші оқушы тындайды, үшінші оқушы түртіп алады, кейін өз пікірін айтады.

«Алмастың ағашы» мәтіні бойынша жұмыс жасайды. Топтағы оқушылар өз рөлдерін бөліп алады. Топтағы бірінші оқушы оқиды немесе айтады, екінші оқушы тындайды, үшінші оқушы түртіп алады, кейін өз пікірін айтады. Сөздік жұміысы жүргізіледі.

Саралау: Тапсырманы орындау барысында әр оқушының ойлау деңгейінің әртүрлі болатындығын ескере отырып, әр оқушыға өз мүмкіндігі бойынша қолдау беріледі.

ҚБ «Жарайсың! Өте жақсы! Керемет!» мадақтама сөздері арқылы бағалау.

2-тапсырма

(Ұ,Т) «Сұрақ ілмегі»әдісі

Оқушыларға мәтін бойынша сұрақтар беріп, сол сұрақтарға дайындыққа уақыт беріледі. Оқушылар дерекөздерді пайдалануларына болады. Уақыт біткеннен кейін өз жауаптарын ұсынады

Үлгі

-Алмас әкесінің сөзіне мән берді ме?

-Өрт неден шығуы мүмкін?

-Алмасқа өрт кезінде қандай қауіп төнді?

-Өрт кезінде қандай қауіпсіздік ережелерін сақтау керек?

-Атай ағашты неліктен «Алмастың ағашы»деп атады?

Нұсқаулық: Оқушылар сұрақтарға толық жауап береді. Бір-бірін толықтыруларына болады. Қосымша дереккөздерді пайдаланады (өрт қауіпсіздігі туралы мәліметті қарауларына болады). Дереккөз ретінде анықтамалар, балаларға арналған энциклопедия, сөздіктерді ұсынуға болдаы.

Саралау: Өз бетінше ойлап, ақпаратты меңгере алады. Ақпаратпен ықыласпен жұмыс жасайды. Сыныптастарының жауаптарын ықылас қойып тыңдайды. Таным әрекеті үрдісінде қарым-қатынас шеберлігі дамиды.

ҚБ «Қол шапалақтау» арқылы бағалау.

3-тапсырма

(Т) «Ақылдың алты ойлау қалпағы» әдісі

Топтар қалпақтың бірін таңдайды. Оқушылар қалпақ түстеріне қарай тапсырмаларды орындайды. Топтағы оқушылар сұрақ бойынша дайындалып, өз жауаптарын айтады.

Ақ қалпақ. Әңгіме қалай аталады? Кейіпкерлерді ата Басты кейіпкер кім?

Қара қалпақ. Мәтіндегі ең көңілсіз оқиға қандай?

Сары қалпақ.Кішкентай Алмас қандай ерлік жасады? Оның іс-әрекетіне баға бер

Қызыл қалпақ.Мәтіндегі Алмастың әкесінің сөзін тап

Жасыл қалпақ.Сен Алмастың орнында болсаң не істер едің?

Көк қалпақ. Әңгімеден қандай қажетті ақпараттар алдың?Алмастан не үйрендің?

Саралау: Ұсынылған мәселе бойынша өз ойына талдау жасайды. Жасалған жұмыс бойынша толыққанды, жан-жақты түйіндеме жасайды, жасалған жұмыс бойынша өзінің шығармашылық қатынасын көрсетеді, таным әрекеті үрдісінде қарым-қатынас шеберлігі артады.

ҚБ « Смайликтер»

4-тапсырма

(Ж,Т) «Дөңгелек үстел» әдісі

Оқиғаның желісі бойынша Алмасқа SMS хат жаз.

Сөйлем саны топ мүшелерінің санына қарай шектеулі, мысалы, топта 5 оқушы болса хат тек 5 сөйлемнен құралуы керек.

Топ мүшелерінің біріншісі хаттың алғашқы сөйлемін жазып, жанындағы оқушыға береді, ол оқушы хаттың екінші сөйлемін жазып келесі оқушыға береді, ол оқушы да үшінші сөйлемін жазып келесіне береді. Осылайша топ мүшелері бірінің жазғанын бірі толықтырып ортақ 1 хат жазып шығады.

Хатты оқы.

1.Әр топ жазған хаттарын сағат тілінің бағыты бойынша бірі-бірімен алмасады.

2.Қалған көрші топтардың хатын сыныпқа оқып, баға береді.

Саралау: Топтық тапсырмалар арқылы оқушылардың ынтасы артады.Өзіне сенімділігі аз оқушыға қолдау көрсетіледі.Барлық оқушылар бағаланады.

ҚБ « Отшашу»

Сабақтың соңы

Рефлексия

«Шеңбердегі доп» шеңберлене отырып, бір-біріне кішкене допты лақтырады. Доп қолына тиген оқушы сабақ туралы бір сөйлем айтады.

Кері байланыс

Ағашқа жапырақтар ілу

Жасыл-Бәрі түсінікті

Сары-Түсінікті

Қызыл-Түсінбегендерім бар



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
Пікір жазу