Өсімдіктер- тірі ағзалар (Жаратылыстану, 1 сынып, I тоқсан)

 Өсімдіктер- тірі ағзалар (Жаратылыстану, 1 сынып, I тоқсан)

Пән: Жаратылыстану
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Тірі табиғат: Өсімдіктер
Сабақ тақырыбы: Өсімдіктер- тірі ағзалар
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 1.2.1.1 - өсімдіктердің негізгі сипаттамасы мен тіршілік формасын анықтау
Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар: Табиғаттағы жанды және жансыз заттарды ажыратады.
Көптеген оқушылар: Өсімдіктердің тірі ағза ретіндегі негізгі ерекшеліктерін табады. Олардың өсетінін, қоректенетінін, тыныс алатынын және көбейетінін біледі.
Кейбір оқушылар: Зерттеу жұмысы барысында оқушылар бақылау, сараптау, қорытындылау дағдыларын жетілдіре
түседі.

І. Ұйымдастыру кезеңі:
«Кім жылдам?» ойыны
Мұғалімнің қолында 2,3,4 цифрлары болады. Музыка жүргізіледі. Оқушылар музыкамен қимылдар жасайды, бірақ мұғалімге қарамайды. Мұғалім 4 цифрын көрсеткенде, төрт-төрттен қолдарынан ұстап қалуы керек. Кейін қайтадан бір-бірден қимыл жасайды. Мұғалім 3 цифрын көрсеткенде, үш-үштен қолдарынан ұстап қалуы керек. Ең соңында екі-екіден тұрып, жұп құрайды.
- Балалар, енді жұптарыңмен сыныптың ішіне қараңдаршы. Бір затты таңдап, оны жұбыңа жасыр. Бірақ заттың атын атама. Оны сипаттап көр. Мысалы: ол үлкен, ағаштан жасалған, оның үстінде оқулық бар, ....
Мұғалім жұптардың жауаптарын бақылап, өзінің бақылау парағына белгілеп отырады. Көмекті қажет ететін ооқушыларға сұрақтар қою арқылы жауапты толық айтуға жаттықтыру керек.
ІІ. Сабақтың тақырыбын анықтау.
- Балалар, сендер сипаттаған заттар бірдей ме? Қандай ерекшеліктер болды?
- Алма, алмұрт, алхоры- бір сөзбен қалай айтуға болады?
- Гүл, шөп, ағаш, жидек- бір сөзбен қалай айтуға болады?
- Бүгін сабақта не туралы айтамыз? Өсімдіктер туралы не білесіңдер?
Мұғалім өсімдік туралы бейнефильм көрсетеді.
Талқылауға арналған сұрақтар:
- Су құймас бұрын өсімдік қандай болды?
- Кейін өсімдікпен не болды?
- Ол жанды ағза ма әлде жансыз ағза ма?
Оқулықпен жұмыс: Оқулықта көрсетілген материал-дардан басқа мысалдар келтіруін сұрау. Талқылағаннан кейін ойын ойнауға болады.
«Жанды және жансыз табиғат» ойыны. Тапсырманы топпен немесе жұппен ауызша орындауға болады. Бұл үшін сынып екі топқа бөлінеді, топқа ортақ әртүрлі заттардың, жануарлардың, өсімдіктердің суреттері беріледі. Бір топ жансыз заттарды, ал екінші топ жанды заттарды бөліп көрсетуі қажет. Тақтаға “Жанды” және “Жансыз” деп жазылған екі кесте қойылады. Топ бойынша оқушылар таң даған суреттерін қажетті жазбаның астына орна ластырады. Содан кейін мұғалім топтардың жұмысына баға береді. Бағалауды дескриптор арқылы жүргізуге болады.
Дескрипторлар:
- Жанды заттарды дұрыс ажырата алады.
- Жансыз заттарды дұрыс ажырата алады.
Сергіту сәті: Тербеледі ағаштар,
Алдымнан жел еседі.
Кіп-кішкентай бөбектер
Үлкен болып өседі.
Презентациямен жұмыс: Зерттейік:
Оқушыларға суреттерге қа¬рап, көргендерін түсіндіруді сұрау. Осы тапсыр¬маның мәні — жанды және жансыз заттардың арасындағы ерекшеліктерді көрсету. Келесі сұрақтарға жауап беріңдер: Суреттегі өсімдіктен не байқадың? Ол қалай өзгеріп жатыр? Сусепкіш не үшін қажет? Таспен не жасауға болады? Оқушылар өсімдіктердің өсетіндігін, өзгеретіндігін, дамитындығын, қоректенетіндігін түсіне алуы керек. Тас өспейді, оған судың қажеті жоқ. Оқушылардың жеке бақылау жасауы өте маңызды. Осы кезде өсімдіктердің жанды ағза ретінде ерекшеленетін белгілерін айтуы қажет.
Дифференцияция:
Кейбір оқушыларға алдын ала дайындалып қойған екі өсімдікті ұсынуға болады. Оның бірі үнемі суарылған, екіншісі суарылмаған болсын. Оқушылар өсімдіктердің суреттерін салып, ұқсастықтары мен ерекшеліктерін таба алады.
Дәптермен жұмыс: Суретке қара. Жанды ағзаларды боя. Жансыз заттарды сыз. .........


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 450



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!