Сабақ жоспары (қмж): Әлкей Марғұлан қола дәуірі ескерткіштерінің қандай сырын ашты (Қазақстан тарихы, 5 сынып, І тоқсан)

Сабақ жоспары (қмж): Әлкей Марғұлан қола дәуірі ескерткіштерінің қандай сырын ашты (Қазақстан тарихы, 5 сынып, І тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Қысқа мерзімді жоспар бөлімі: 5.1A Қазақстандағы ежелгі адамдардың өмірі Мектеп:
Сабақтың тақырыбы: Әлкей Марғұлан қола дәуірі ескерткіштерінің қандай сырын ашты
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарлама-сына сілтеме): 5.2.2.5 Ә.Марғұланды ғалым-археолог ретінде айқындау
5.2.2.2 археологиялық деректерге сүйене отырып, Андронов мәдениетінің белгілерін анықтау
Сабақ мақсаттары: Ғалым-археолог Ә.Марғұланның зерттеулерін талдай отырып, Беғазы Дәндібай мәдениетінің ерекшеліктерін анықтайды, маңызына баға береді.
Сабақтың басы
- Ұйымдастыру.
БЫМ Оқушыларға Ә.Х.Марғұлан суретін, кітаптарын, Беғазы-Дәндібай ескерткішінің суреттерін ассоциация түрінде ұсынып, төмендегі сұрақтар бойынша болжам жауаптарын тыңдаңыз.
• Суреттегі тұлға кім?
• Бұл тұлға туралы не білесіз?
• Ол қандай жаңалық ашуы мүмкін?
• Оның қандай зерттеулерімен таныссыздар?
М Сабақ тақырыбымен, оқу мақсаттарымен және бағалау критерийлерімен таныстырыңыз.
Сабақтың ортасы
Зерттеу мен талдау
Т Оқушыларды топтарға бөліп, Ә.Х.Марғұланның қола дәуірін зерттеуі туралы мәлімет беріңіз. Бір топ ішіндегі әр оқушыға жеке мәтін ұсынылады. Қосымша 1
Келесі сұрақтар бойынша талқылау ұйымдастырыңыз:
- Ә.Марғұлан жүргізген археологиялық экспедициялардың ең басты нәтижесі қандай?
- Неліктен қола дәуірі мәдениеті «Беғазы- Дәндібай» деп аталды?
- Беғазы Дәндібай мәдениетіне қай аумақтағы ескерткіштер жатады?
- Беғазы-Дәндібай мәдениетінің тұрғын жайларының ерекшеліктері қандай?
- Қола дәуірін көшпелілер өркениетінің бастауы деп айта аламыз ба?
Т Бейнематериалмен жұмыс. Алдын-ала оқушыларға төмендегі тапсырманы ұсыныңыз:
1 топ: материалдан сандық мәліметтерді (қанша еңбек құралдары, мал сүйектері, ыдыстар, обалар табылды ) жазып алуы тиіс;
2 топ: сапалық мәліметтерді (қай аймақтан, қандай ескерткіштер, олардың ерекшеліктері, табылған заттардың атаулары) жазып алуы тиіс;
3 топ: адамдардың антропологиялық ерекшеліктеріне байланысты мәліметтерді түртіп отыру
4 топ: интерактивті материалға қатысты туындаған сұрақтарды дайындау.
Т 1) Алған ақпараттарды жинақтап, жүйелеу үшін топтық жұмысты ұйымдастырыңыз. Әр топтың өкілдерінен құралған жаңа топтар құраңыз.
ДЖИГСО әдісін пайдалана отырып, топтар өздерінің түртіп алған ақпараттарымен бөлісіп, талқылайды. Бейнематериалдағы мәтінді қалпына келтіру үшін топта бірігіп жұмыс жасайды. Қосымша 2
2) Топта бірігіп Беғазы-Дәндібай мәдениетінің ерекшеліктерін анықтайды. Өз жауаптарын дәйектер келтіре отырып дәлелдейді.
Беғазы-Дәндібай мәдениеті мен Андронов мәдениетін салыстыру кестесін беріңіз. Андронов мәдениеті туралы алдыңғы сабақта алған білімін қолданады. Қосымша 3
Андронов
мәдениеті Ұқсастықтары Беғазы-
Дәндібай
мәдениеті
Географиясы
Тұрғын үй
Шаруашылығы
Қоғам
Діни көзқарас
Т Оқушылар қола дәуірінде көшпелі мал шаруашылығына көшудің себептерін талдайды. Топтарға көшпелі мал шаруашылығына көшудің 6 себебі жазылған карточкаларды ұсыныңыз. Қосымша 4
Оқушылар алған білімдерін пайдалана отырып, негізгі деген екі себебін таңдап, дәлелдеуі тиіс.
Мысалы, мүмкін болатын себептер:
1. Қазақстанның географиялық орналасу ерекшеліктері
2. Климаттың өзгеруі
3. Еңбек бөлінісі
4. Ру-тайпалардың санының артуы
5. Жылқы малын қолға үйретуі
6. Мал басының көбеюі
Интерпретация
Т Қола дәуірі туралы оқушылар репортаж дайындайды. Репортажды теледидардағы жаңалықтарға немесе балаларға арналған бағдарламалардың біріне танымдық-ақпараттық бағытта дайындауы қажет. Репортажды қола дәуірі ескерткіштер орнынан тікелей берілген хабарлама немесе осы тақырыпта зерттеу жүргізген тарихшы ғалыммен сұхбат формасында беруге болады.
Критерийлері:
1.Тақырыптың ашылуы, нақтылығы
2. Қызықты фактілердің келтірілуі
3. Белгілі бір деректерге сүйенуі


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 796



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?