👈 қаріп өлшемі 👉

Ғаламдық экологиялық проблемалар №2 (10 сынып, II тоқсан)

 Ғаламдық экологиялық проблемалар №2 (10 сынып, II тоқсан)

Пән: География
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Геоэкология
Сабақтың тақырыбы: Ғаламдық экологиялық проблемалар №2
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары:(оқу бағдарламасына сілтеме)10.3.2.7 Ғаламдық экологиялық проблемалардың пайда болу механизмін түсіндіру
10.3.2.9 Ғаламдық экологиялық проблемаларды шешуде әлемдік тәжірибені зерттеу
Сабақ мақсаттары: табиғатқа әсер ететін антропогендік факторларды анықтау.
- Ұйымдастыру. Сәлемдесу.
Суреттер арқылы сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтау;
- Сабақ мақсатымен, тапсырмалармен және бағалау критерийлерімен танысу.
Түйінді сөздерді дәптерге жазу және ұғымдарын талдау.
Парникті эффект
Қышқылды жаңбыр
Озон концентрациясының төмендеуі
Тұмша (смог)
Экожүйдегі циклдың бұзылуы
Әр ұғымның мәселеге айналуын және шығу себептерін талдайды.
№1 тапсырма. Елші әдісі. Қосымша
Әр топқа ақпараттар жазылған мәтін таратылады. Оқушылар толық, түсініп оқыған соң ішіндегі бір елші өзі танысқан мәліметтерді келесі топқа түсіндіреді.
1 топ Ғаламдық экологиялық проблемалар
2 топ Судың ластануы
3 топ Озон тесігі
4 топ Қышқыл жаңбыр
5 топ Атмосфераның ластануы
Мәтінді оқып, түсіндіріп болған соң қосымша сұрақтар қойылады.
1.Қазіргі ғаламдық экологиялық мәселелер қандай?
2.Атмосфера құрамын сипаттаңыз.
3.Озон қабатының жұқару себептері қандай?
4.Фреондар қандай зиян әкеледі?
5.Қышқылдық жаңбырлар түсу салдары қандай?
6.«Жылу эффектісі» мәнін түсіндіріңіз.
7.Смогтар типтерін атаңыз және олардың адам денсаулығына әкелетін зиянын көрсетіңіз.
8.Қандай заттар канцерогендер деп аталады?
9.Ауа ластануының алдын алу шараларын атаңыз.
Бағалау:
- Оқушылар келген елшінің түсіндіру сапасын бас бармақпен бағалайды.
№ 2 тапсырма.
Оқушыларға жаһандық проблемалар арасындағы байланысты зерттеуге тапсырма беріледі.
Оқушылар бір мәселенің екінші мәселенің тууына әсер ету тізбегін жасайды.
Бұл тапсырма постерге схема түрінде сызылып, басқа топтарға таныстырылады.
- Биоалуантүрліліктің жойылуы (теңіздегі фауна мен флора)
- Күн сәулесінің радиациясы (қатерлі тері ауруларының санын күрт арттыруға әсер етуі мүмкін.)
- Ауаның ластануы (хлорфторкөміртек)
- Денсаулықты сақтау (тыныс алу жүйесін зақымдайды, қандағы ерімейтін қосылыстардың пайда болуына алып келеді, бұл атеросклерозға әкеледі.)
- Жаһандық жылыну (климат өзгерісі)
№3 тапсырма. Картамен жұмыс. Қосымша
100000 адамға шаққандағы ауа ластану әсерінен болған өлім саны бейнеленген карта берілген.
Картадан өлім саны аз және көп елдерді топтастырыу Мемлекеттер мәселелерді шешу жолдарын зерттеңіз
Бағалау:
- Оқушылар зерттеу нәтижелерін таныстырып, топтар бір бірін бағалайды.
Сабақты қорытындылау барысында мұғалімнің кері байланысы. Мұғалім сабақ барысында белсенді әрі жүйелі түрде жауап берген оқушыларды атап өтіп, бірін мақтап, екіншісіне ескерту жасап өтеді......

Құрметті оқырман! Файлдарды күтпестен жүктеу үшін біздің сайтта тіркелуге кеңес береміз! Тіркелгеннен кейін сіз біздің сайттан файлдарды жүктеп қана қоймай, сайтқа ақпарат қоса аласыз! Сайтқа қосылыңыз, өкінбейсіз! Тіркелу
Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:


Қарап көріңіз 👇



Жаңалықтар:
» 2023 жылдан бастап Қазақстанда қандай өзгерістер болады? 03.12.2022
» Алаяқтар IPO бойынша жалған мобильді қосымшаларды іске қосты 29.11.2022
» Айлакер-алаяқтар интернетте делдалдарды қалай және қандай мақсатпен іздейді 26.11.2022

Келесі мақала, жүктелуде...
Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы