Өлең жазу Көптік жалғаулар (2 сынып, III тоқсан )

 Өлең жазу Көптік жалғаулар (2 сынып, III тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Дені саудың – жаны сау
Сабақтың тақырыбы: Өлең жазу. Көптік жалғаулар.
Оқу мақсаты: 3.7 Қатені табу және түзету
Сабақтың мақсаттары: 2.3.7.1 жіберілген пунктуациялық, орфографиялық және әріптік қателерді мұғалімнің көмегімен тауып түзету және құраған сөйлемін толықтыру
2.4.2.2 сөз таптарын (зат есім, сын есім, сан есім, етістік) ажырату және өзара салыстыру.
Сабақ барысы: (Ұ) Сілтеме бойынша «Күлегеш» балаларға арналған қысқа метражды фильмді көрсету,сұрақтар қою.
-Балалар фильм сендерге қандай көңіл-күй сыйлады?
-Күлкі адамға пайдалы ма?
Тақтаға кластер құру.
Көңілді көтереді
Өмірді ұзартады
Денені сергітеді
(МК;Ө;Т) Сурет желісі бойынша бес жолды өлең жазу.
Оқушылар топта сюжетті суреттерді қолдана отырып әңгімелеседі. Суреттегі негізгі ойды анықтайды. Әрі қарай оқушылар сурет желісі бойынша өздеріне ұнайтын жаңа көрініс пен спортшыларды қосып, бес жолды өлең жазады. Өлеңге ат қояды.
Достарыңның көңілін көтеру үшін оларға қандай өлең жолдарын едіңдер? Төмендегі сөздерді қолданып, сурет бойынша қызықты оқиға құрастырыңдар.
Балалар күлкісі, тосынсыйлар, достар ойыны, күтпеген сыйлықтар
(Ж;Т) Өлеңде жіберілген пунктуациялық, орфографиялық және әріптік тауып түзету және құраған өлеңін толықтыру.
Сергіту сәті. (Оқушылар тақтадағы өлеңді оқып тұрып, қимылмен көрсетеді.)
Бір, екі! Еңкей!
Бүгілмесін тізең.
Үш, төрт! Шалқай!
Иілмесін тізең.
Қолды көтер аспанға,
Саусақты соз жасқанба.
Орындықта тік отыр,
Бойыңды әркез тік ұста!
(Ж) Көп нүктенің орнына төл дыбыстардың тиістісін қойып, өлеңді мәнерлеп оқып шық. Зат есімдерге көптік жалғауларын жалғап, көшіріп жаз. Зат есімді 1 сызықпен, етістікті 2 сызықпен, сын есімді ирек сызықпен сыз.
Қозы м...ніп, қой ба...тым,
К...кте б...лттың үстінде.
Қардан қаймақ ...айнаттым,
Жерге қайтып т...стім де.
Қой бастайтын серкені
Ала қашты саршұнақ.
Қуып берд...м мен оны,
Қара санды қамшылап.
Ақылбек Қожаұлы .....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 875



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі