Құныт дұғасы


Құныт дұғасын жаттау

құныт дұғасы дұға куныт

 

құныт дұғасы

 




Құныт дұғасы қай кезде оқылады?


Үтір намазында оқылатын құныт дұғасы:


«Аллаһумма инәә нәстә’иинукә уә нәстағфирукә уә нәстәһдик, уә ну’мину бикә уә нәтуубу иләйкә уә нәтәуәккәлу ’аләйкә уә нусни ’аләйкәл-хайра күлләһу нәшкурукә уә ләә нәкфурук, уә нахла’у уә нәтруку мәй иәфжурук. Аллаһумма ийәәкә нә’буду уә ләкә нусалли уә нәсжуду уә иләйкә нәс’а уа нахфид. Наржу рахмәтәкә уа нахшә ’азаабәкә иннә ’азаабәкә бил куффари мулхиқ»

Құныт дұғасы аудармасы

«Алла, біз күмәнсіз сенен жәрдем, кешірім тілеп, сенен тура жол, һидаят сұраймыз. Саған иман етіп, күнәларымыз үшін саған тәубе етіп, саған арқа сүйейміз. Сені барлық жақсылықтармен мадақтап, зікір етеміз. Бізге берген ырыс-берекеңе шүкір етеміз. Сені теріске шығармаймыз. Саған қарсы келгендерді теріске шығарып, олардан мүлдем байланысымызды үземіз. Алла! Біз тек саған ғана құлшылық етіп, сен үшін намаз оқып, саған сәжде етеміз. Саған лайық құл болып, сенің ризалығыңды алу үшін жігерленіп, қайраттанып алға ұмтыламыз. Сенің рақымдылығыңнан үміттеніп, азабыңнан қорқамыз. Күмәнсіз, сенің азабың кәпірлерді қамтиды.  


Құныт дұғасын оқуды ұмытқан адам не істейді?

Үтір намазында құныт дұғасын оқуды ұмытқан адам намаз соңында сәһу (ұмыту) сәждесін жасайды. Намазды қайтадан оқымайды.

Үтір намазын оқып тұрған адам, құныт дұғасын оқуды ұмытып рүкуғке барып қойған болса, құныт дұғасын оқымастан намазын әрі қарай жалғастыра береді. Алайда, намаз соңында әт-тахият дұғасын оқығаннан кейін екі жаққа сәлем беріп, екі рет сәһу сәждесін жасайды. Сәһу сәждесінен кейін әт-тахият, салауат және дұға оқып екі жаққа сәлем беріп, намаздан шығады.

Сәһу сәждесі деп – намаздың ішіндегі рукіндерінің бірін жаңылып кешіктірсе, бір уәжіпті орындамаса немесе кешіктірсе намаздың соңында қосымша екі сәжде жасауды айтады.


Құныт дұғасын білмеген кісі «рәббәнә»-ні оқыса бола ма?

«Құныт» сөзінің қазақша мағынасы - "дұға", "тілек", "намаздағы қиямды созу" деген мағаныларға саяды. Құныт дұғасы деп, үтір-уәжіп намазының үшінші рәкәғатында фатиха және зәм сүре оқылғаннан кейін рукуға бармай құлақ қағып оқылатын дұғаны айтамыз.


Құныт дұғасы ретінде мына дұғаны оқу сүннет: «Аллаһумма инәә нәстә’иинукә уә нәстағфирукә уә нәстәһдик, уә ну’мину бикә уә нәтуубу иләйкә уә нәтәуәккәлу ’аләйкә уә нусни ’аләйкәл-хайра күлләһу нәшкурукә уә ләә нәкфурук, уә нахла’у уә нәтруку мәй иәфжурук. Аллаһумма ийәәкә нә’буду уә ләкә нусалли уә нәсжуду уә иләйкә нәс’а уа нахфид. Наржу рахмәтәкә уа нахшә ’азаабәкә иннә ’азаабәкә бил куффари мулхиқ».


Мағынасы: «Аллаһым, біз күмәнсіз Сенен жәрдем және кешірім тілеп, тура жол, һидаят сұраймыз. Саған иман етіп, күнәларымыз үшін тәубе етіп, Өзіңе арқа сүйейміз. Сені барлық жақсылықтармен мадақтап, зікір етеміз. Бізге берген ырыс-берекеңе шүкір етеміз. Сені теріске шығармаймыз. Саған қарсы келгендерді теріске шығарып, олармен мүлдем байланысымызды үземіз.
Аллаһым! Біз тек Саған ғана құлшылық етіп, сен үшін намаз оқып, саған сәжде етеміз. Саған лайық құл болып, сенің разылығыңды алу үшін жігерленіп, қайраттанып алға ұмтыламыз. Рақымдылығыңнан үміттеніп, азабыңнан қорқамыз. Күмәнсіз, азабың кәпірлерді қамтиды».


Дегенмен міндетті түрде аталмыш дұғаны оқу шарт емес. Өйткені хадистерде құнут дұғасы ретінде түрлі дұғалар айтылған. Осыған байланысты, жоғарыда көрсетілген дұғаны білмеген кісі «Рәббәнә әтинә» дұғасын оқыса немесе «Аллаһуммағфирли» деп, іштей үш рет айтса, Құнут дұғасының орнына жүреді дейді Ханафи ғалымдары[1] .



[1] Ибн Ғабидин: Раддул мухтар – 2/442 бет; әл-Һадиятул Аләия – 95 бет.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
Пікір жазу