Ата аналарды қолдау орталығы


Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының қызметін білім беру ұйымының қажеттілігі негізінде жоспарлау

АТА-АНАЛАРДЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ

МАҚСАТЫ: балаларды оқыту және тәрбиелеу мәселесі бойынша мектептің ата-аналармен қарым-қатынасын күшейту, сондай-ақ берекелі отбасы мәдениетін дамыту

МІНДЕТТЕРІ :

объединение усилий социальных партнеров в развитии культуры позитивного родительства.

балалардың әл-ауқатын қамтамасыз ету үшін ата-аналардың педагогикалық мәдениетін, психологиялық және әлеуметтік құзыреттерін дамытуда ата-аналарға жүйелі педагогикалық қолдауды ұйымдастыру;

2) балаларды тәрбиелеу мен дамытуда орта білім беру ұйымы мен отбасы арасындағы өзара іс-қимылды нығайту;

3) балаларды тәрбиелеу мен дамытуда ата-аналардың жауапкершілігін арттыру.

3

1-4 СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ АТА-АНАСЫНА АРНАЛҒАН САБАҚТАРДЫҢ МАЗМҰНЫ

5-9 СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ АТА-АНАЛАРЫНА АРНАЛҒАН САБАҚТАРДЫҢ МАЗМҰНЫ

10-11 СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ АТА-АНАЛАРЫНА АРНАЛҒАН САБАҚТАРДЫҢ МАЗМҰНЫ

ОРТАЛЫҚТАРДЫҢ ҚЫЗМЕТІН ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК ҚОЛДАУ

ӨҢІРЛІК БІЛІМ БЕРУ БАСҚАРМАЛАРЫ /ҚАЛАЛЫҚ, АУДАНДЫҚ БІЛІМ БӨЛІМДЕРІ/

ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛЫҚ ҚОЛДАУ

АҚПАРАТТЫҚ ҚОЛДАУ

ОЗЫҚ ТӘЖІРИБЕНІ АНЫҚТАУ, ЖАРИЯ ЕТУ

ҚЫЗМЕТТІ ҰЙЫМДАСТЫРУ САПАСЫНА МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗУ

«АҮДҰИ» КЕАҚ

2023 ЖЫЛҒЫ ҚЫРКҮЙЕКТЕН БАСТАП:

44 вебинарлар (қазақ және орыс тілдерінде)

5 өңірлік семинарлар

5 шеберлік сағаттары

1 педагогтер конференциясын

ӨТКІЗУ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛАДЫ

Іс-шараларды ұйымдастырудың түрлері:

Тренингтер

Іскерлік ойындар

Дөңгелек үстелдер

Пікірталастар, талқылаулар, т.б. );

БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМЫНДА «АТА-АНАЛАРДЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ» ҚЫЗМЕТІН ҰЙЫМДАСТЫРУ

МЕКТЕП ДИРЕКТОРЫНЫҢ ФУНКЦИЯЛАРЫ

ІС-ӘРЕКЕТІ:

1. Педагогикалық қолдау көрсету орталығын ұйымдастыру туралы бұйрық шығару.

2. Педагогтерден тұратын шығармашылық жұмыс тобын құру. Топтың басшысы және жауапты тұлға ретінде директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарын тағайындау.

3. Сабақ кестесін бекіту, қажетті ресурстары бар кабинеттерді бекітіп беру (кабинеттер, акт залы, т.б).

4. Орталықты құру, оның мақсаты мен міндеттері туралы ата-аналарды құлақтандыру мақсатында ата-ана жұртшылығының белсенділерін қатыстыра отырып, жалпы мектептің, сыныптардағы ата-аналар жиналысын өткізу.

5. БАҚ, әлеуметтік желілерде Орталықтың қызметін көрсету бойынша жұмысты жандандыру.

МЕКТЕП ПЕН ОТБАСЫНЫҢ КЕҢ ӘЛЕУМЕТТІК СЕРКТЕСТІГІН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ

ата-аналар оқулары, ата-аналар конференциялары; ата-аналар, әкелер, аналар, әжелер, аталар форумдары;

бірлескен жобаларды іске асыру;

консультациялық жұмыс;

ата-аналар мен балалардың қатысуымен шығармашылық, спорттық, мәдени іс-шаралар (концерттер, театрландырылған қойылымдар, марафондар, жәрмеңкелер, көрмелер, флешмобтар, жорықтар, отбасылық қонақ бөлмелері);

ашық есік күндері, ата-аналар аптасы, ата-аналар марафондары;

Ата-аналар қауымдастығын құру.

«Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы»

жұмысын ұйымдастыру,

қызметін жүзеге асыру туралы

 

Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің ___________

(хат/бұйрық номері, күні)

«_________________________________» хатына/бұйрығына байланысты

(хат/бұйрық тақырыбы)

БҰЙЫРАМЫН:

2023-2024 оқу жылында мектепте «Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы» (әрі қарай Орталық) жұмысы ұйымдастырылсын.

Төмендегі функционалды міндеттермен қоса мектептің ішкі тәртібі бекітілсін:

- Орталық қызметіне басшылық жасау және бақылау мектеп директорына жүктелсін;

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарына: ата-аналар, білім алушылар мен педагогтердің мониторингке қатысуын қамтамасыз ету; Орталық қызметі туралы ақпаратты жоғары уәкілетті органдарға уақытылы жеткізу жүктелсін;

Директордың шаруашылық ісі жөніндегі орынбасарына: Орталық қызметін ұйымдастыруда оқу кабинеттерін педагогтерге бекіту, ата-аналармен сабақ өтуі үшін қажетті жабдықтармен қамтамасыз ету, техникалық қызметкерлердің жауапкершілігін күшейту, сабақ өтуі барысында санитарлық-гигиеналық талаптар мен мектепке бөгде адамдардың кірмеуін қамтамасыз ету жүктелсін;

Мектеп кітапханашысына: педагогтер мен сынып жетекшілерге ата-аналармен сабақ өтуге қажетті әдебиеттермен қамтамасыз ету жүктелсін.

Біліктілікті арттыру курстарынан өткен және шығармашыл педагогтер арасынан Орталық қызметін қамтамасыз ететін жұмыс тобы құрылып, құрамы бекітілсін.

2023-2024 оқу жылына Орталық сабақтарының Бағдарламасы вариативті компонентті таңдау мүмкіндігімен және ата-аналарға сабақ беру бағдарламасының 20-30% әзірлемесі құрастырылып, контенттің мазмұнын сапалы құрылсын, педагогикалық кеңес отырысында бекітілсін.

Орталық жұмысы мектептің тәрбие жоспарына «Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы» қызметі негізінде мектеп пен отбасының өзара әрекеттесуі» жаңа бағыты енгізілсін.

Орталық қызметін мектепішілік бақылауға алу, мектепішілік бақылау жоспарының бөліміне, тармағына өзгерістер енгізу мектеп директорының оқу ісі жөнінегі орынбасары ____________ жүктелсін.

(аты-жөні)

7. Педагогтерге ата-аналарға арналған сабақ бағдарламасының вариативті компонентінің әзірлемесін құрастыруға әдістемелік қолдау көрсету директордың әдістемелік ісі жөнінегі орынбасары ______________

(аты-жөні)

жүктелсін.

8. Орталықтың жұмысының мақсаты мен міндеттері туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізу, ата-аналардың қатысуын қамтамасыз ету, ата-аналар жиналыстарында Орталық жұмысының тәжірибесімен таныстыру сынып жетекшілерге жүктелсін.

9. Орталық қызметі туралы БАҚ мен әлеуметтік желілерде, мектеп сайтында жариялансын, бірлескен табысты тәжірибе таратылып, Орталық қызметіне мектептің өзін-өзі басқару ұйымы, қоғамдық ұйымдар мен мектептің Қамқоршылық кеңесі, әлеуметтік серіктестер мен демеушілер тартылсын.

10. Мектеп әкімшілігі мен педагогикалық ұжым ата-аналардың облыстық, республикалық форумында тәжірибе таратуға және Орталық қызметінің нәтижелігін арттыру бойынша жұмыстарға белсене қатыссын.

12. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау өзіме қалдырылсын.

 

 

 

 

 

Мектеп директоры қолы Қолтаңбаның толық жазылуы

 

 

Таныстырылды:

Мектепішілік бақылау жоспарының жобасы

(6, 7 бөлімдерге келесі тармақтарды қосу ұсынылады)

Мектепішілік бақылау жоспарының жобасы

(6, 7 бөлімдерге келесі тармақтарды қосу ұсынылады)

_____________ ОҚУ ЖЫЛЫНЫҢ ТӘРБИЕ ЖОСПАРЫ (жаңа бағыт енгізу)

Бағыт: «Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы»

қызметі негізінде мектеп пен отбасының өзара әрекеттесуі»

Мақсаты: балаларды оқыту және тәрбиелеу мәселесі бойынша мектептің ата-аналармен қарым-қатынасын күшейту, сондай-ақ берекелі отбасы мәдениетін дамыту

Міндеттері:

балалардың әл-ауқатын қамтамасыз ету үшін ата-аналардың педагогикалық мәдениетін, психологиялық және әлеуметтік құзыреттерін дамытуда ата-аналарға жүйелі педагогикалық қолдауды ұйымдастыру;

балаларды тәрбиелеу мен дамытуда орта білім беру ұйымы мен отбасы арасындағы өзара іс-қимылды нығайту;

балаларды тәрбиелеу мен дамытуда ата-аналардың жауапкершілігін арттыру.

Функционалды міндеттерге толықтырулар енгізу:

Мектеп директоры:

Орталықтың қызметіне басшылықты және бақылауды жүзеге асырады;

«Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы» қызметіне ғылыми-әдістемелік және ақпараттық-ресурстық тұрғыда қолдауды қамтамасыз етеді.

Позитивті ата-ана мәдениетін арттырудағы әлеуметтік серіктестікті дамытады.

Ата-аналарға арналған сабақтарға ата-аналардың назарын аудару мақсатында ақпараттық науқан ұйымдастырады.

 

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары:

Орталық қызметін реттейтін ішкі құжаттарын дайындайды және Орталық қызметін ұйымдастырады;

Орталық сабақтарын өтуге педагогтердің дайындығын жүзеге асырады;

Педагогтер арасында білім беру курсының сабақтарын реттейді;

Сабақтардың кестесін құрады және реттейді;

Мониторингтік зерттеулерге педагогтер, ата-аналар мен балалардың қатысуын қамтамасыз етеді;

Орталық қызметін БАҚ-та және әлеуметтік желілерде насихаттайды;

Орталық қызметі туралы ақпараттарды қалалық (аудандық) білім бөлімдеріне дайындайды;

«Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы» аясында ата-аналарға білім алуға мотивация беру мақсатында сынып жетекшілер мен ата-аналармен өзара іс-қимыл жасайды.

Ата-аналарға арналған курстарды өткізу үшін педагогтерді оқытуды ұйымдастырады.

Мектептің әлеуметтік педагогі:

1. «Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы» жобасына ата-аналарды тарту үшін педагогтер мен ата-аналармен ынтымақтастық орнатады.

2. Орталық жұмысының мақсаты мен міндеті, қызметі туралы қоғамда насихат жұмыстарын жасайды және жобаға әлеуметтік серіктестерді тартады.

 

Мектептің педагог-психологі

1. «Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы» қызметі аясында ата-аналарға психологиялық қолдауды қамтамасыз етеді.

2. Орталық аясында педагогтерге ата-аналарға тренингтер, work-shop, коуч-сессиялар секілді сабақтың басқа да формаларын өтуге әдістемелік көмек көрсетеді.

 

Мектептің сынып жетекшісі

1. «Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы» жобасына ата-аналарды қатыстыруды қамтамасыз етеді.

2. «Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы» жобасын жүзеге асыру үшін ата-аналарға түсіндірме жұмыстарын жүргізеді.

3. Іс-шаралардың бекітілген жоспар мен сабақ кестесіне сәйкес өтуін қамтамасыз етеді.

Функционалды міндеттерге толықтырулар енгізу:



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter




Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
» 85 жастағы қызылордалық ақсақал 2 млн түп ағаш еккен
Пікір жазу