Аяққапты дайындау


Сабақтың тақырыбы:

Аяққапты дайындау.

Еңбек пәнінің мұғалімі:

Жайлаубаева Ақтолқын Ақжолқызы

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: аяққап туралы, оның негізін, оюын дайындау туралы, оған қолданылатын тігіс түрлерінің қыр-сырын, оған дайындалатын бау түрлерін түсіндіру.

Дамытушылық: оқушылардың талпынысын сабаққа деген қызығушылығын арттыру үшін аяққапқа қажетті оюларды өз бетінше сызып оюға бағыт беріп, тігу әдісіне икемділіктерін арттыру.

Тәрбиелік: халық мұрасы аяққап туралы түсінік беру, оның түрлерімен оқушыларды таныстыра отырып, оқушыларды ұлттық салт-дәстүрлерімізді сақтауға және сәндікке, шеберлікке, жүйелілікке, білімдерін шеберлікпен пайдалана білуге тәрбиелеу.

Тест сұрақтары:

1. Қазақ халқының қандай қолөнер бұйымдарын білесіңдер?

а) кілем, алаша, текемет, сырмақ, аяққап, керме.

б) макраме, кресло, диван.

2. Кестелі түпкиіз неше бөліктен тұрады?

а) 2 бөліктен: негізі, оюы.

б) 3 бөліктен: негізі, оюы, астары.

3. Түпкиіздің негізі, оюы, астары қандай материалдан дайындалады, не үшін?

а) негізіне драп, оюына барқыт, астарына шыт. Драп болу себебі, оның су сіңіргіштік қасиеті бар, барқыт болу себебі, оның көктеу, кестелеу кезінде таймайды, әрі зат бағалы көрінеді.

б) негізіне барқыт, оюына шайы, астарына шифон. Барқыт болу себебі, ол қалындау, шайы болу себебі, ол жарқырап, сусылдап әдемі көрінеді.

4. Түпкиіздің қызметі қандай?

а) шайнек, қазан астына ыстық өтпеу үшін қолданылады.

б) орындықтың бетіне төсеу үшін қолданылады.

Аяққап – қазақ халқының тұрмысында ыдыс-аяқ салу үшін арналған қапшық. Аяққаптың пішіні екі түрлі болады. Біріншісі – тік төртбұрышты, екіншісі – ауыз жағы тік төртбұрышты, түбі дөңгелек, доғал болып келеді.

Аяққапты бұрын кілем, текеметтің өрнекті тұстарынан қырқып, киізден шашақтап дайындай берген. Қажетті өлшемде пішіліп, екі бөлек бір-біріне беттестіріліп (қақпағынан басқа бөлігі), олардың қоспасы шуда жіппен жөрмеп (қиғаш тігіс) тігілген. Тігілген бөлігіне шашақ тігіліп жиегі көмкерілген.

Аяққаптың беті кестеленген матамен қапталып, кейде жібек жіппен өрнек салынған. Қақпағы міндетті түрде болған, себебі ыдыс-аяқ шаң болмау үшін. Аяққаптың бауы да шашақталып тігілген.

Жаңа сабақты түсіндіру

Аяққапты әсемдеу үшін ою-өрнектер, шашақтар, кестелер, таспалар қолданылады. Қазақ халқының ою-өрнектерінің атаулары көп, оның 200-дей түрі тараған, аяққапта көп қолданылатын мүйіз тектес ою-өрнектермен танысамыз. Барлық жаңа буындарға, оюларға жаңа атаулар берген. Мысалы, қошқармүйіз, қыңырмүйіз, арқармүйіз, түйе табан, сынықмүйіз, сыңармүйіз және т. б. ою-өрнектің негізгі арқауы.

жануарлар

өсімдіктер

аспан әлемі

геометрия

Қазақ ою-өрнектері төрт түрге бөлінеді:

Қошқармүйіз – қошқардың екі шекесіне иіріліп кеткен қос мүйізіне ұқсайды. Ол ұлттық киімдерде және текемет, сырмақ, аяққап, т. б. Киіз бұйымдарында кездеседі.

Жұлдыз өрнегі – аспандағы жұлдыз көрінісіне ұқсайды. Ол көбінесе кілемдерде жиі қолданылады.

Сынықмүйіз – сынық жасап барып мүйізді бейнелейтін өрнек. Ол көбінше шым шиде, терме бауда, алашада жиі қолданылады.

Балта – атына сай балтаға ұқсас немесе баспа “Г” әрпі тәріздес өрнек. Кестеде жиі кездестіруге болады.

Түйетабан – түйенің табанына ұқсас ою. Ол киімдерде, бұйымдарда кездеседі.

Гүл, құсқанат – оюлары қыз балалардың киімдерінде кездеседі.

Ай өрнегі – айға ұқсас ою. Ол мазарда, мешіттерде қолданылады.

Практикалық жұмыс.

а) Кіріспе нұсқау

Мұнда аяққап түрлерін көрсету, өлшемдер бойынша алып пішу, алдыңғы, артқы бөліктерін біріктіру, аяққаптың өлшеміне, яғни алдыңғы бөлігі мен қақпағының өлшеміне сәйкес ою дайындау, оюларды көктеу, кестелеу түрлері, тәсілдері, шашақ қойып, аяққаптың алдыңғы, артқы бөліктерін біріктіру, жиек үшін бау, алақұрт дайындау, аяққаптың өзіне ілу үшін бау дайындау, тағу, олардың ұзындықтарын таңдаудағы тәсілдер туралы жұмыс барысында мәлімет беріледі.

б) Ағымдағы нұсқау.

1. Аяққапты пішу. Негізі, оюы.

2. Аяққаптың оюын дайындау.

3. Аяққаптың бетіне оюды көктеу, кестелеу.

4. Шашақты қондырып, артқы бөлігі мен алдыңғы бөлігін біріктіру.

5. Аяққапқа бау, баужиек дайындау, тағу.

Тест

Көк әлеміне байланысты ою-өрнекті тап:

а) түйетабан; ә) арқар мүйіз; б) айшық.

Малдың дене мүшелеріне байланысты ою-өрнекті тап:

а) қошқармүйіз; ә) жұлдыз; б) бұғы мүйіз.

Құстарға, жәндіктерге байланысты ою-өрнекті тап:

а) көбелек; ә) төртқұлақ; б) балта.

Қазақтың ою-өрнегі неше түрлі болып келеді?

а) 4; ә) 3; б) 2.

5. Геометриялық денелерге байланысты ою-өрнекті тап:

а) көбелек; ә) жұлдыз; б) тұмар.

6. Аңға, аңның дене мүшелеріне байланысты ою-өрнекті тап:

а) тұмар; ә) түйетабан; б) бұғы мүйіз.

7. Жер, су, өсімдік тектес ою-өрнекті тап:

а) жұлдыз; ә) жапырақ; б) айшық.

1.

өрнектің аты

2.

Ұлттық бас киім

3.

өрнектің аты

4.

Аспан әлемінің өрнегі

5. Киелі жануарының өрнегі

6. Өсімдік тектес ою-өрнек

Үйге тапсырма:

Өзіңе ұнаған ою-өрнекпен әшекейлі бұйымды көркемдеп безендір.

Ою-өрнек түрлерін оқып келу.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?
Пікір жазу