👈 қаріп өлшемі 👉

Этникалық әлеуметтану


Этникалық әлеуметтану

Қоғамның этникалық құрылымын әлеуметтанудың “этносоциология” деген арнаулы теориясы зерттейді.Бұл теория қоғамның әр түрлі этностарының (яғни, ру, тайпа, халық және түрлі ұлт өкілдері) пайда болуын, мәнін, мазмұнын, олардың қоғамдағы атқаратын әртүрлі қызметін, араларындағы мәнді, тұрақты, қайталанатын, қажетті байланыстарды анықтап, жаңа заңдылықтарды ашады.

Этносоциология этникалық қауымдастықтың өмірі мен іс әрекеттерінің әлеуметтік жақтарын, ерекшеліктерін зерттейді.”Этника” деген ұғым “этнос” деген ұғымнан шыққан. “Этнос” грек тілінен аударғанда ру, тайпа, халық дегенді білдіреді.Этнос адамдардың тарихи этникалық тұрақтылық бірлігі. Бұл термин “халық” деген ұғымға жақын келеді. Осыдан келіп “метаэтнос” және “субэтнос” деген терминдер шығады.

Біріккен Ұлттар Ұйымының мәліметі бойынша, қазір жер бетінде 3 мыңнан астам ұлт өкілдері әлемнің 220 мемлекетінде өмір сүреді екен. Этностар мәңгілік өмір сүрмейді, олар туады, дамиды, өледі. Мұндай процесті этноәлеуметтану теориясында этногенез деп атайды. Этногенез ұғымын ең алғаш рет ғылыми айналымға енгізген Л.Н.Гумилев болатын.

Қазақстан территориясындағы халықтың этникалық құрамы төмендегідей

(статистикалық мәлімет бойынша алынған)

Этникалық қауымдастық дегеніміз-белгілі бір ұлт өкілдерінің ұзақ уақыт бойы белгілі бір аймақта өмір сүретін адамдар тобы

Нарықтық қатынастар жағдайында Қазақстандағы ұлтаралық қатынастар

Қазақстан егемендігін алғаннан кейін жағдай көп өзгере бастады.Қазіргі нарықтық жағдайда Қазақстанда тұратын ұлттар, ұлыстар қоғамдық өмірдің қай саласында болмасын билікке, теңдікке, еркіндікке, бостандыққа қол жеткізді. Ұлттар арасында сенімділік, ынтымақтастық, келісушілік, түсінушілік күшейе түсті. Олардың арасындағы алуан түрлі қатынастар қоғам бірлігін, тұтастығын күн сайын дамытып жетілдіруде. Ұжымдарда, фирмаларда, мәдени орталықтарда, білім ордаларында, шаруашылықта алуан түрлі ұлт өкілдері бір адамдай еңбек. Мұның өзі республикада тұратын 130-дан астам ұлт өкілдерінің одан әрі дамып, әл ауқатының жақсара беруіне зор кепіл болып есептеледі.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

Икенов А.И. “Әлеуметтану негіздері”, Алматы, 2004

Мнацаканян М.О. “Интегрализм и нацианальная общность”, Москва, 2001

Смағұлова К., “Этностық топтар: олар кімдер?”, Ақиқат-2002

Забирова А.Т «Этносоциология», Астана, 2009

Әбен Е., “Ұлттық идея: мұң мен мұқтаждық”,Саясат – 2009


Материалдың толық нұсқасын қалай жүктеймін?

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Қарап көріңіз 👇



Жаңалықтар:
» Ұстаздардың жұмысын жеңілдететін жаңа платформа іске қосылды 20.10.2021, 0
» Баспана бағасы тағы қымбаттай ма - сарапшылар болжамы 12.10.2021, 0
» Жастарға баспана: жеңілдетілген бағдарлама шарттары айтылды 09.10.2021, 0

Пікір жазу



Келесі мақала, жүктелуде...
Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз.
Жақсы