Астана - егемен Қазақстан астанасы


Қарағанды Мемлекеттік Медицина Университеті

Қазақстан тарихы және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасы

СӨЖ

Тақырыбы:“Астана-егемен Қазақстан астанасы”

Орындаған:Стамбек Ұ.М.

Тексерген: Абдрахманова К.Ж.

Қарағанды 2013

Жоспар:

І. Кіріспе

Астана сан-түрлі арман қиялдарды жүзеге асырып,сан-қилы тағдырларды тоғыстырып жатқан керемет те көркем қала.

ІІ. Негізгі бөлім:

Астана - Қазақстан Республикасының астанасы.

Астана—Қазақстанның саяси ерік-жігерінің нышаны.

Астанада «Хан Шатыр» ашылды.

Астана әуежайы мемлекеттің бет пердесі

ІІІ. Қорытынды

Астана, жаңа Астана, жан Астана

Жерге кеп қона қалған дара жұлдыз...

Пайдаланылған әдебиеттер

І. Кіріспе

Әсем қала мерейтойы ерлігі де, өрлігі де ұрпаққа өнеге болып жалғасқан қасиетті қазақ жерінің шежіресін паш етер, көңілі дархан,жаны жомарт қазақ елінің ұлылығын ұлықтайтын, айбынды ажарлы Астананың қазақ елі монументы.

Астаның 10 жылдық тойы – бұл Қазақстанның шаттыққа толы мереке болуымен қатар елдің кезекті даму биігіне қол жеткізген бүкіл халқымыздың үлкен жеңісі.

Қазақстанымыз бар болған он жылдың ішінде адам айтса нанғысыз көздің жауын алар әдемі,зәулім үйлері, қыран ұшар биікке өрмелеген Елорда өзінің бар қасиетімен ерекшелінеді.

Сарыарқа самалымен тербелген ерке-Есілдің бойындағы ғажап қала-ол біздің Астанамыз.

Астана сан-түрлі арман қиялдарды жүзеге асырып,сан-қилы

тағдырларды тоғыстырып жатқан керемет те көркем қала.

 

.

ІІ. Негізгі бөлім:

Астана - Қазақстан Республикасының астанасы.

Қала - 1832 жылы құрылды.

1961 жылға дейінАкмола қаласы (г. Акмолинс).

1961 жылдан 1992 жылға дейін – Целиноград қаласы.

1993 жылдан 1998 жылға дейінАқмола қаласы.

1997 жылғы 20 қазандағы ҚР Президентінің Жарлығымен Ақмола қаласы Қазақстан Республикасының астанасы болып жарияланды.

1998 жылғы 6 мамырдағы ҚР Президентінің Жарлығымен Ақмола қаласының атауы Астана болып өзгертілді.

Астана (1998 жылдың 6 мамырына дейін - Ақмола) Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 20 қазандағы Жарлығымен және Қазақстан Республикасы Парламентінің мақұлдауымен 1997 жылғы 10 желтоқсаннан бастап Қазақстан Республикасының астанасы болып жарияланды.

Қазақстанның жаңа елордасыАстананың халықаралық тұсаукесері 1998 жылғы 10 маусымда өткізілді.

Астана халықаралық іскерлік және мәдени орталыққа айналып келеді. Қалада әкімшілік, іскерлік, әлеуметтік-мәдени, ғылыми-білім беру және бизнес-орталықтардың, тұрғын үй кешендерінің, алдыңғы қатарлы мемлекеттер астаналарының стандарттарына сай келетін елордалық инфрақұрылым нысандарының құрылысы жанданып, бой көтерілуде. Әкімшілік орталық аймағында ҚР Президентінің резиденциясы, ҚР Парламенті мен Үкіметінің ғимраттары орналасқан.

Елорданың іскерлік орталығында кеңселер мен компаниялар, сауда орталықтары, мейманханалар, ал әлеуметтік-мәдени орталығында театрлар, мұражайлар, демалыс орындары, спорт залдары, ойын-сауық орталықтары орналасады.

Географиялық мәліметтер:

Қала алаңы: 72,2 мың г.,соның ішінде: Алматы ауданы -21,4 мың г., Сарыарқа ауданы -19,6 мың г., Есіл ауданы -31,2 мың. г.

 

Ауа-райы: тез-құбылмалы, ыстық жаз және аязды ұзақ қыс.

 

Географиялық мәліметтер: 51 градус 10 минут солтүстік ендік, 71 градус 30 минут шығыс бойлық.

 

Жергілікті уақыты: Астана қаласы 5-сағаттық белдеуде орналасқан. Жергілікті уақыт нольдік меридианға қатысты GMT+06.00 деп есептеледі.

2. Астана—Қазақстанның саяси ерік-жігерінің нышаны.

Астана — бұл кең даладағы жай қала ғана емес, саяси ерік-жігер көрінісінің нышаны . Бұл саяси батыл қадам. Астана шаңырағы әлі де болса биіктей түспек. Жаңа астананың келешегі бүтіндей XXI ғасырдың еншісінде жатыр. Ал оның ертеңгі еңсесін көтеретін бүгінгі жас жеткіншектеріміз.

Макиавелли былай дейді: «...Қандай мемлекет болмасын, оның тыныс-тіршілігі орталықтан бастау алуы тиіс. Елдің шеткері аймақтағы ірі қаласынан гөрі кіндігіндегі мекен алғашқыда көзге қораш, елеусіздеу, жұпыны болып көрінгенімен, келе-келе үлкен, күш-қуатқа ие болып, мемлекеттің темірқазығына айналады. Өйткені, өмір, тіршілік—ортада, орталықта».

1-бап.Қазақстан Республикасының астанасы

1.Қазақстан Республикасының астанасы Астана қаласы болып табылады.

2.Қазақстан Республикасының астанасы—мемлекеттің әкімшілік саяси орталығы, Қазақстан Республикасы Президентінің, Парламентінің, Үкіметінің Конституциялық кеңесінің, Жоғарғы сотының, Бас прокуратурасының және орталық атқарушы органдарының орналасқан жері.

3.Жекелеген орталық атқарушы органдар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасы астанасынан тыс жерлерде орналасуы мүмкін.

4.Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы және Мемлекеттік елтаңбасының эталондары және Қазақстан Республикасы Президентінің мемлекет астанасындағы резиденциясында сақталады.

Астананы Ақмола қаласына көшіріп, Ақмола арнайы экономикалық аймағын құру үшін мыналар негізгі алғышарттар болды:

қаланың республиканың кіндігінде геосаяси тұрғыдан тиімді орналасуы;

Ақмола қаласының елеулі өнеркәсіптік әлеуеті.

құрылыс индустриясын одан әрі дамытуға қажетті базаның болуы;

ірі тасымал торабындаорналасуы әрі қажетті көлік және телекоммуникациялық инфрақұрылымның болуы;

жоғарғы білікті кадрлар әлеуеті;

жеке меншік сектордың және кәсіпкерлікті дамыту үшін әлеуетті мүмкіндіктердің болуы;

аймақтағы саяси және әлеуметтік тұрақтылық;

қаланы дамытуға қажетті бос жерлердің болуы.

Қаланы дамытудың басымдықтары мынадай:

энергияны өндіріп, сақтаудың осы заманғы технологияларын қолдану арқылы энергиямен жабдықталуы және оның даму болашағы;

қаланы осы заманғы телекоммуникация құралдарымен қамтамасыз ету;

халықаралық стандарттар деңгейіндегі осы заманғы сервистік жүйесі бар Алматы—Астана автожолын салу;

айналмалы жол және Есіл өзені арқылы бірнеше көпір салу;

халықаралық әуежай салу;

бизнес-орталықтар, халықаралық сыныптағы мейманханалар, сауда орталықтарын салу;

тұрғын үй қрылысы;

құрылыс индустриясының осы заманғы базасын дамыту.

Астана қаласы экономикасының (кәсіпорындарының) құрылымы:

Астана қаласында төменгі экономика салаларының кәсіпорындары жұмыс істеп тұр:

машина жасау;

құрылыс материалдары өнеркәсібі;

энергетика;

баспагерлік өнеркәсібі;

жеңіл өнеркәсіп;

құрылыс кешені.

3. Астанада «Хан Шатыр» ашылды.

Астанада Елорда күніне орайластырылып «Хан Шатыр» сауда ойын-сауық кешенінің салтанатты ашылуы болып өтті.

Рәсімге мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев пен оның жұбайы Сара Алпысқызы және үлкен қызы Дариға, сондай-ақ Астанаға келген қонақтар Ресей президенті Дмитрий Медведев, Түкриядан – Абдулла Гүл, Украинадан – Виктор Янукович, Тәжікстаннан Эмомали Рахмон, Армениядан – Серж Саргсян қатысты.

  Ерекше кешеннің ашылуында итальяндық тенор Андреа Бочеллидің концерті болып өтті. Түн ауа Елорда күні мен президент Н. Назарбаевтың 70 жылдық мерейтойының құрметіне мерекелік отшашу болды.

«Хан Шатыр» орталығын ағылшынның сәулетшісі Норман Фостер жобалады. Жобаны ивестициялағандар Coalco Development мен Rixos Hotels компаниялары. Құрылыс 2006-шы жылы IV-ші тоқсанда басталған. Бас мердігері түріктердің «Сембол иншаат констракшн» компаниясы. Орталықты басқару 2009-шы жылы қол қойылған құжатқа сай немістердің Bilfinger Berger компаниясына берілген.

«Хан Шатыр» - бұл қазіргі заманғы ең батыл және сәулеткерлік әрі инженерлік жетістіктерді жалғастырған бірегей кешен. Ғимарат шатырлы іспеттес түрдегі әлемдегі екінші ал Орталық Азиядағы ең үлкен жалғыз кешен.

Ғимараттың жалпы ауданы 127 мың шаршы метр. Оның жартысын жалға беру жоспарланған. Ғимараттың биіктігі 102 метр. Бұл ауа-райының өзгермелігіне мойынсұнбайтын - жазғы және қысқы климат әсерінен ғимаратты арнайы жабылғыштармен қорғайтын, өзгеше бір әлем.

4. Астана әуежайы мемлекеттің бет пердесі.

Кішігірім ұшақтарға қызмет көрсету үшін 1931 жылы негізі қаланған шағын әуежай, бүгінгі күні, Астана қаласының әуежайы, 80 жыл өткеннен кейін, Еуразия континентіндегі қазіргі әуежайларға сай келетін әуежайлардың бірі болып табылады. Әуежайда тәулік бойы алыс және жақын шетел аймақтарына ұшатын 40 шақты ұшаққа қызмет көрсетіледі.

Әуежай алыс және жақын шетелдердің құрамындағы 15-тен астам авиакомпаниялардың тұрақты жолаушылар рейстеріне қызмет көрсетеді.

Бұлар: «Эйр Астана», «СКАТ», «Жетісу», «Авиа Жайнар», «Трансаэро», «Россия» ГТК, «Люфтганза», «Этихад Эйруэйс», «Австрия авиажелілері», «Туркиш Эйрлайнз», «Аэросвит», «Узбекистон Хаво Йуллари», «Белавиа» және басқалар

Астана әуежайы өз жолаушыларына ең қолайлы қызметтерді ұсынады: СИП және ВИП залдары, ана мен бала бөлмесі, діни әдет-ғұрыптар бөлмесі, жүк сақтау камерасы, ұшу залында орналасқан шылым шегу бөлмесі. Рейсті күту кезінде жолаушыларға мейрамхана, бар, кафе қызметкерлері қызмет көрсетеді. Сондай-ақ аэробекет кешенінде пошта қызметін, бірнеше банктер банкоматтарының қызметін, валюта айырбастау пунктінің қызметін пайдалануға болады. Авиабилеттерді аэробекеттің екінші қабатындағы кассалардан сатып алуға, өзіңізге немесе достарыңызға сыйлық алғыңыз келсе кәдесый дүкенінен ұлттық кәдесыйлардың түр түрлерін сатып алуға болады. Жолаушылардың жеке автокөлігіне арналған көлік тұрағы қарастырылған.

 

Астана әуежайы мемлекеттің бет пердесі болғандықтан, Астананың әрбір қонағында Астана туралы ең жақсы әсер қалуы үшін барлық мүмкіндіктерді жасайды.

ІІІ. Қорытынды.

Астана туралары айтар сөз асқарлы таудай биік,байлы-

ғындай алапат мол, бірақ жер тар...

Тек, Тұманбай ағамыздың мына сөзімен аяқтаясақ:

Аман бол,қазағымның арыстаны,

Жер соғып қала берсін алысқаны.

Бәрін ал, алам деген биігінің,

Жарық ал жұлдыздардан алыстағы.

Үмітпен ертеңіне қарады ұл-қыз,

Бір нұрға жаңа талды жанарымыз.

Астана, жаңа Астана, жан Астана

Жерге кеп қона қалған дара жұлдыз...

Келешек ұрпақ Астана десе Нұрсұлтан. Нұрсұлтан деп атын айта,

Елбасының Астана деп қатар айтатын сөзі болады. Есіл жағасында

бой көтерген жаңа Астана-Ақ Орда

құтты болсын, Астана әлемдегі қалалардан асып, іші

байлық пен ұл-қызға толсын!

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Қазақстан Республикасының Заңы

2.Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев. Қазақстан Республикасы Астанасының мәртебесі туралы. Астана, 1998 жылғы мамырдың 20-сы .Егеменді Қазақстан 1998 ж. 20-мамыр.

3. Егеменді Қазақстан 1998 ж. 10-маусым

4.Қазақстан:табысқа жету тарихы әлемдік қоғамдастық көзімен. Алматы 2005, 43 б.

5.www.google.ru

6.www.kaztorka.kz және т. б.

Назар аударғандарыңызға рахмет!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?
» Мұғалімдер ұрлап жатыр: Петропавлда осындай жалған ақпарат таратқан әйел жауапқа тартылды.
» 🏡Үй алуды мақсат еткендерге тағы бір жағымды жаңалық😍
Пікір жазу