Апатты жағдайлар медицинасы принциптері


Апатты жағдайлар медицинасы принциптері

Орындаған: Басымбеков Н.Б

Карымсаков И.

51о топ Тексерген: Аджибаев Б. Ж.

2014

Жоспары:

Негізгі терминдер;

Апатты жағдайлар медицинасының негізгі мақсаттары;

Апатты жағдайлар медицинасын ұйымдастыру қандай заңдармен бекітілген;

Апатты жағдайлар медицинасы орталықтары;

Апатты жағдайлар кезінде медициналық көмек кезегі;

Қорытынды.

Төтенше жағдай- адамның белгілі объектідегі немесе территория қалыпты тіршілік талаптарының және қызметтік авария, катастрофа, жер сілкінісі немесе экологиялық апат әсері, жаудың қазіргі заманғы қару қолданудан туындайтын адамның және материалдық шығынға әкелетін немесе әкелуі мүмкін жағдай.

Апат (стихийное бедствие)- адам өміріне және денсаулығына қауіп төндіретін немесе төндіру мүмкін материалдық құндылықтардың және қоршаған орта бұзылыстарына немесе жойылуына әкелетін жағдай.

Катастрофа - адам шығыны бар объектілер және басқа да материалдық құндылықтар бұзылысы және жойылуы, қоршаған ортаға зиян келтірумен жүретін авария.

АЖ кезіндегі медико-санитарлы нәтижелербұл тұрғылықты адамдар арасындағы санитарлы шығындар, адамдардың психикасының зақымдалуы, төтенше жағдай болған мекеннің санитарлы гигиеналық және эпидемиологиялық жағдайының нашарлауы, денсаулық сақтау басқармасы жүйесінің дезорганизациясы, медициналық күш пен жабдықтың шығынға ұшырауы.

Медициналық сұрыптау - —бұл жапа шеккендерді топтастыру, яғни науқастарды медициналық көрсеткіш бойынша топтарға бөлу және эвакуациялау шаралары.

—1-топ – қоршаған ортаға қауіпті адамдар: психомоторлы қозу барысында және инфекционды аурулар, улаушы және радиациялық заттармен зақымдалушылар;

—2-топ – медициналық эвакуация сатысында жедел көмек қажет ететіндер;

—3-топ – ары қарай эвакуция жасауға жарайтындар;

—4-топ – жеңіл жарақаттанғандар;

—5-топ – өте ауыр жағдайдағы өміріне қауіп төніп тұрған науқастар.

Апатты жағдайлар кезінде алатын зақымдар:

Жарақаттар

Күйіктер

Уланулар

Ұзақ бастырылу синдромы

Сәуле ауруы

Инфекциялық аурулар

Апатты жағдайлар медицинасын ұйымдастыру келесі заңдармен бекітілген

1994 жылы 27 қыркүйекте ҚР Министрлер Кабинетінің Қаулысымен төтенше жағдайларда шұғыл медициналық көмек қызметі құрылды.

1997 жылы ҚР ҚР Министрлер Кабинетінің Қаулысымен «Төтенше жағдайлардың алдын алу мен жоюдың мемлекеттік жүйесі туралы жағдай» бекітілді. Бұл жағдай денсаулық сақтау министрлігінің 1997 жылы шұғыл медициналық көмек қызметін апат медицинасы қызметіне өзгертуін талап етті. Бұл қызмет төтенше жағдайлардың алдын алу мен жоюдың мемлекеттік жүйесінің функционалды бөлігі болып табылады. 1996 жылы ҚР Министрлер Кабинетімен «Азаматтық қорғаныс медициналық қызметі» және «ҚР Төтенше жағдайы» туралы жағдайы бекітілген. Бұл төтенше жағдайлар мемлекеттік жүйесінің арнайы ұйымы болып табылады.

Апат кезіндегі медициналық қызмет

Шұғыл жағдайлар кезіндегі халыққа медико- санитарлы көмекті дәл уақытында қамтамасыз ететін өзіндік күші, формалары, құралдары және жұмыс әдістері, өзіндік басшылығы бар денсаулық сақтаудын бөлінбейтін бір бөлігі болып табылады.

ҚР Апат медицинасы қызметінің негізгі міндеттері:

1. Тұтас мемлекеттік саясат көлемінде болуы мүмкін апаттардың алдын алуды, табуды және медико-санитарлық салдарын жоюды жүргізу.

2. Төтенше жағдайлардың медико-санитарлық салдарын жою бойынша жұмысқа басқару орындарын, мекемелер мен жеке құрамды жоғары деңгейде ұйымдастыру, дайындалу.

3. Қалыпты өмірге тез оралу мақсатында мүгедектік пен өлім санын азайту үшін зақымдалғандарға уақытында медициналық көмек көрсету, эвакуациялау және емдеу, денсаулықтарын қалыпқа келтіру.

4. Апаттың халыққа психоневрологиялық және эмициалдық әсерінің алдын алу мен төмен деңгейге бағытталған емдеу-профилактикалық шараларды жүргізу.

5. Апат ауданында халықтың санитарлық жағдайын қамтамасыз ету, жаппай жұқпалы аурулардың таралуының алдын алу.

6. Төтенше жағдайлардың медико-санитарлық салдарын жою кезінде жеке құрамының денсаулығын сақтау. Құтқару бөлімдері қызметкерлеріне медициналық көмек көрсету.

7. Қаза тапқандарға сот-медициналық сараптау жүргізу.

АМО филиалдары базасында шұғыл әрекет ету бригадалары (ШӘЕБ) тәулік бойы кезекшілікті іске асырады. Олар төтенше жағдай туралы хабар түскеннен кейін 15 минут ішінде базадан шығады.

ШӘЕБ негізгі міндеті медициналық сұрыптау, зардап шеккендерге шұғыл медициналық көмек көрсету, қажет жағдайда оларды көшіруге дайындауденсаулық сақтау ұйымдарына еріп бару болып табылады.

ШӘЕБ жеке құрамы барлық шұғыл жағдай кезінде жедел медициналық көмек көрсетудің заманауи әдістерін меңгерген дәрігерлер мен орта медициналық қызметкерлер құрамынан жасақталады.

Апатты жағдайлар медицинасында корсетілетін көмек бес этаптан тұрады:

1. өз- өзіне және бір- біріне көмеккатастрофадан кейін 5 минут көлемінде;

2. дәрігерге дейінгі (фельдшерлік) көмек – 15-20 минут;

3. алғашқы дәрігерлік көмек – 30 минут;

4. квалифицирленген дәрігерлік көмек – 45 минуттан 1,5 сағатқа дейін;

5. специализирленген емшаракүндер, айлар.

АЖМ- ның күнделікті медицина мен жедел жәрдем медицинасынан айырмашылығы:

• —кезек күттірмейтін медициналық көмекті қажет ететін зақымдалушылардың санының күрт өсуі;

• —жергілікті медицина жұмыскерлерінің саны пайда болған қажеттілікке сай келе бермейді;

• —зақым келтіретін факторлар мен медицина қызметкерлерінің жеткіліксіздігі көптеген шығындарға ұшырауы мүмкін.

Төтенше жағдайлар классификациясы ҚР- ның 2004 жылдың 13 желтоқсанда қабылданған № 1310 постановлениесі бойынша бекітілген:

—пайда болу себебі бойынша;

• —таралған ауқымы және зардап шегу көлемі бойынша.

Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар:

— қауіпті геофизикалық үрдістер (қар көшкіні, сел, т.б.);

• —қауіпті метеорологиялық және агрометеорологиялық үрдістер (ураган, смерчи, засуха, напор льдов и др.);

• —қауіпті гидрологиялық үрдістер (су тасқыны, грунт суының көлемінің көтерілуі);

• —табиғи өрт (ормандық, далалық, т.б.);

• —халықтың инфекциялық аурушаңдығы (эпидемиялар);

• —ауылшаруашылық малдарының инфекциялық аурушаңдығы (эпизоотиялар);

• —ауылшаруашылық өсімдіктерінің залалдануы (эпифитотиялар).

Техногенді сипаттағы төтенше жағдайлар:

—кәсіптік авариялар;

• —транспорттық авариялар (т/ж поезддарының катастрофалары, авиакатастрофалар, автокөлік авариялары, т.б.);

• —өрттер;

• —радиациялық заттар бөлетін авариялар;

• —биологиялық қауіпті заттар бөлетін авариялар;

• —зәулім ғимараттардың қирауы;

• —коммуналды желідегі авариялар;

• —гидродинамикалық авариялар (плотинаның жарылысы, дамбы жарылысы).

Таралу масштабы және зардап шегу көлемі бойынша:

Объектілі, апатқа ұшыраған аймақ тек өнеркәсіптік және әлеуметтік объект шекарасынан шықпаса. Осындай жағдайда келесі шығын көрсеткіші болады:

• —өлім саны 5 пен 10 аралығында;

• —50 мен 100 адамға дейін өмір сүру сапасына зақым келеді;

• —материалдық шығын саны 5мың мен 15 мың айлық төлемақы көлемінде.

Жергілікті деп, егер апат салдары өнеркәсіптік және әлеуметтік объект шекарасынан асып, бірақ екі ауданнан аспаса:

• —өлім саны 10 мен 50 аралығында;

• —100 500 адамның өмір сүру сапасы зардап шексе;

• —материалдық шығын саны 15 100 мың айлық төлемақы көлемінде.

Региональды, егер ТЖ ауқымы үш облыстық аудан мен екі республикалық аудан көлемін алып жатса, сонымен қатар шығын саны төмендегідей:

• —өлім саны 50 мен 200 адам аралығында;

• 500 1500адамның өмір сүру сапасы зардап шексе;

• —материалдық шығын саны размер 100 200мың айлық төлемақы көлемінде.

Глобальды, егер ТЖ ауқымы үштен көп республикалық аудан көлемінен көп болса :

• ——өлім саны 200жоғары;

• —1500 адамның өмір сүру сапасы зардап шексе;

• —материалдық шығын саны 200 мың айлық төлемақы көлемінен асып кетеді.

ҚР апат медицинасы қызметінің күштері.

Оларға жатады: құрылымдар, мекемелер, басқару орындары және басшылық.

АМҚ-ның құрылымдарыбұл төтенше жағдайда болатын және онда штаттық міндеттерді шешетін медициналық бөлім.

АМҚ-ның мекемелерібұл үнемі дислокация орындарында өзінің штаттық міндетін орындайтын медициналық мекеме.

Құрылымдар мен мекемелер табельдік жабдықтармен, медициналық барлауға арналған аспаптармен, көлікпен, байланыс құралдарымен және жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етіледі.

ҚР апат медицинасы қызметінің құрылымдары.

1. Жедел медициналық көмек бригадалары (ЖМКБ) (линиялық және арнайыландырылған) ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің жедел және шұғыл медициналық көмек қызметінің құрамында қызмет етеді және апат ауданында госпиталға дейін кезеңде шұғыл медициналық көмекті көрсетуге арналған.

Жедел медициналық көмек бригадалары:

- дәрігерлік (линиялық)

- фельшерлік (линиялық)

Жедел медициналық көмектің арнайыландырылған бригадалары:

- интенсивті терапия

- токсико-терапиялық

- психиатрлық

- педиатрлық

2. Шұғыл медициналық көмек бригадалары: (дәрігерлік-медбикелік және дәрігерге дейінгі) емдеу-профилактикалық мекемелерінің базасында құрылады және госпиталға дейінгі кезек мен апат ауданында жедел және шұғыл медициналық көмектің қызметін күшейтуге арналған.

3. Медициналық отрядтар. Шұғыл медициналық бригадалардан тұратын 5-10 бригада. Қалалық-орталық аудандық және аудандық ауруханалардың базасында құрылады, қажет жағдайында екі немесе одан да көп емдеу мекемелерінің базасында құрылады. Бұл отрядтар госпиталға дейінгі кезеңде алғашқы дәрігерлік көмекті көрсетуге арналған.

4. Үнемі дайын болу керек.

Арнайыландырылған медициналық бригадалар мен шұғыл арнайыландырылған медициналық көмек бригадаларыбұл құрылымдар республикалық, облыстық, қалалық көп салалы және арнайыландырылған ауруханаларда, сонымен бірге клиникалар мен арнайыландырылған орталықтар базаларында құрылады. Олардың мақсаты зақымдалғандарға мамандырылған медициналық көмек көрсететін емдеу-профилактикалық мекемелерін күшейтуге арналған.

Шұғыл арнайыландырылған медициналық көмек бригадалары:

- токсико-терапиялық

- психотерапиялық

- инфекциялық

- балалар хирургиясы

- радиологиялық

- травмотологиялық

- нейрохирургиялық

- хирургиялық

- күйіктік

- акушерлік-гигекологиялық

- хирургиялық (педиатрлық)

- трансфузиологиялық

5. Жылжымалы медициналық госпитальдар мен тез әрекет ететін медициналық отрядтарреспубликалық және аймақтық апат медицинасы орталықтары базасында құрылады. Апат ошағында немесе тікелей оған жақын жерде зақымдалғандарға алғашқы дәрігерлік және мамандандырылған медициналық көмек көрсетуге арналған. Төтенше жағдайдың сипатына байланысты госпиталь әртүрлі саладағы бригадалармен құрылып, хирургиялық та, токсикологиялық, радиологиялық, терапиялық, педиаторлық, туберкулездік немесе көп салалық болып жұмыс істеуі мүмкін.

Тез әрекет ететін медициналық отрядтар апат медицинасы қызметінің негізгі емдеу-диагностикалық құрылымы болып табылады. Ол толық жұмыс істегенде тәулігіне 110-125 зақымдалған адамдарды қабылдай алады.

ҚР АМҚ жетекшілік және басқару органдары.

1. ҚР Денсаулық сақтау министрлігі.

2. Қорғаныс министрлігі, ішкі істер министрлігі, байланыс жолдары министрлігі және басқалардың медициналық және медико-санитарлық қызметінің жетекшіліктері.

3. Территориялық медициналық, медико-санитарлық, медико-профилактикалық қызметтің, жедел медициналық көмек мекемелерінің, медициналық мүліктермен және техникамен қамтамасыз ету органдарының жетекшілері, сәйкес территорияда орналасқан апат медицинасы орталықтарының директорлары.

4. ҚР АМҚ (апат медициналық қызметі) бастығы ҚР Денсаулық сақтау министрлігі.

Салауатты Қазақстан

Аспандағы «Санавиация», жердегі «Жедел жәрдем»

Қорытынды

ҚР ның апатты жағдайлар медицинасы қазіргі күні жеткілікті дамыған, яғни республикалық ауқымдағы мүмкін болатын төтенше жағдайларға көмек көрсетуге күші жеткілікті. Басқа елдермен салыстырғанда, әрине, төменгі деңгейде. Дегенмен географиялық орналасуымыз бен экономикалық жағдайымызда да айтарлықтай ерекшеліктер көп.

«Салауатты Қазақстан» атты елбасы бағдарламасына сәйкес санитарлы тікұшақ, теміржол поездары, сонымен қатар заманауи реанимобиль автомобильдері де бір жыл көлемінде іске қосылып отыр.

Ұсыныстар

Апатты жағдайларда көрсетілетін алғашқы көмекті мектеп жасынан дағдыландырса;

Ерікті парамедиктерді даярлайтын орталықтар құрылса.

Әдебиеттер

1. Медицина катастроф. НИИ. Лтд., Москва 1999г.

2. Медицина экстремальных ситуаций. Борчук Н.И., Минск 1998г.

3. Учебное пособие по МС ГО для студентов медицинских институтов. Ошеров С.А., Москва 1973г.

4. Основы организации и тактики МС ГО. Михайлов В.Н., Москва 1981 г.

5. Положение о МС ГО и ЧС РК. Алматы 1996 г.

6. Положение о СМК. Алматы 1997 г.

7. Инструкция по организации и ведению ГО РК. АЧС РК, Алматы 2000г.

8. Инструкция о формированиях ГО. АЧС РК, Алматы 2000г.

9. Руководство по МС ГО. Медицина, Москва 1993г.

10. Закон РК “О ЧС природного и техногенного характера”. Алматы 1996г.

11. Закон РК “ О Гражданской обороне”. Алматы 1997г.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter




Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?
Пікір жазу