Ақжолтай Ағыбай батырдың өмірі мен батырлық жолы


СӨЖ

Ақжолтай Ағыбай батыр туралы тарихи жыр

Орындаған: Әйгерім КАРБОЗОВА

Тексерген: Баян КЕРІМБЕКОВА

Ақжолтай Ағыбай батырдың өмірі мен батырлық жолы

Сұлу Көкше, өр Алатау арасы

Бәрі тұтас қазағымның даласы.

Сонша жерді сойылменен қорғаған,

Бабаларым осал емес-ау шамасы!

Елдің елдігі мен еркіндігі үшін «Ереуіл атқа ер салып, егеулі найза қолға алып», қаймана қазақты ұрыс даласына бастаған Ақжолтай батыр Ағыбай Қоңырбайұлы 1802-1885 жылдар аралығында өмір сүрген.

1914 жылы Қазан қаласында Есім төре иждиһатымен алаш көсемі Әлихан Бөкейханов Ағыбай батыр туралы «Қызыл Қайнар Тектұрмас» деген кітапты жарыққа шығарады.

М. Әуезов және М. Көпеев, Д.Әлімбаев, И. Байзақов, Ә.Қоңыратбаев, Қ.Жұмалиев, С.Мұқанов, Е.Исмайылов, Қ.Бекхожин, І.Есенберлин.

Жүсіп Алтайбаев «Ер Ағыбай» атты повесть,

О. Сәрсенбаев «Тамыр» атты повесть

Жас батырдың жаугершілік даңқының дәуірлеген кезі Абылай ханның отызыншы ұрпағы Қасымның және оның ерлігімен аты шыққан ұлдары Саржан, Есенкелді, Кенесарының жорықтары кезімен тұспа-тұс келеді.

Ағыбай батырдың қолбасшылық қызметі

(1837-1847)

«Ағыбай Кенесарының құрдасы, әрі оның бірінші әскери кеңесшісі болды. Кенесары оны жақсы көргендіктен өз атымен атамай, әзілдеп «Көсе» деп атайтын»,-деп жазады.

Батырда бес жүз кісі нөкер болған,

Соғысқа шеттерінен шебер болған.

Шықпайтын нояндары айтқанынан

Ағыбай не қыл десе соны қылған.

Жүйрік ат, қыран бүркіт, алғыр тазы,

Теп-тегіс бәрі оларда қыс пен жазы.

Айт пен той, ойын-сауық үзілмейтін,

Және көп не секілді өнерпазы.

Жүрмеген қару аспай жігіттері,

Шорлатқан алтын, күміс белдіктері.

Садақ пен сары қанжар, айбалтасы –

Жауына көрсететін «елдіктері».

1841 жылы Ұлытау тауының баурайында үш жүз тайпаларының өкілдері бас қосқан мәслихатта Кенесары қазақ халқының ханы болып сайланады. Содан кейінгі екі жылда Ағыбай батыр бастаған Кенесары ханның қол астындағы қазақ сарбаздары өзбек езгісіндегі бауырластарын азат ету жолында қоқандықтармен күресті.

Балта ақынның Ағыбайды жұбатқаны

Өмірінде жан емес бұғып көрген,

Ақыл, күшке, сенім мен үмітке ерген.

Батырға тән ежелгі әдетпенен

Түнде Ағыбай шолғынға шығып келген.

Ағыбай бас батыры хан Кененің,

Жорықта күш-қайратын, салды өнерін.

Қызғыштай қорғай білді кең даласын,

Кемедей қайрылып қалған елін.

Теңіздей ашық аспан мөлдірейді,

Болғанын ұзағынан ел тілейді.

Ағыбай батыр кеше арман еткен,

Тәуелсіз ел жалауы желбірейді.

Жеңіс Қашқынов

Ақжолтай Ағыбай

Пайдаланылған әдебиеттер

«Ақжолтай Ағыбай батыр» Жезқазған 1992. Құрастырған, алғы сөзін жазған филология ғылымдарының докторы, Қазақстанның Ұлттық Ғылым Академиясының академигі, М.Әуезов атындағы сыйлықтың иегері – Марат Әбсемет Ағыбайтегі.

Назарларыңызға рахмет!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?
Пікір жазу